119
ті стандарттар мен білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ жаңа ұрпақтың оқулықтарын, оның ішін-
де электрондық оқулықтарды енгізу. Онымен қоса, білім беру процесінде қазіргі заманғы ақпараттық
жəне телкоммуникациялық технологияларды, оның ішінде теледидарын енгізу қажет [3].
Оқу орындарының желісін жетілдіру үрдісі олардың құрылымдарын жақсартумен қатар жүгізіліп
отыр. барлық жоғары орындарында кафедралар мен факультеттерге ірілендіру жүргізіліп, артық
құрылымдық бөлімшелер таратылды.
Жоғары кəсіби білім берудің бəсекеге қабілеттілігін жəне оны интернационализациялауды артты-
ру үшін білім беру қызметтерінің сапасын кезең-кезеңімен арттыру, «еңбек нарығының талаптарына
сəйкестігі» жəне «жоғары оқу орны мен мамандық мəртебесіне байланысты гранттың құнын саралан-
дыру» қағидаттары негізінде мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру, мемлекеттік-жекеше
білім беруге кредит беру жүйесін одан əрі жетілдіру; жетекші шетелдік оқу орындарымен əріптестікті
дамыту; техникалық білім беруді дамыту жөніндегі күш жігерді шоғырландыра отырып, жоғары оқу
орындарының желісін оңтайландыру жөніндегі шаралар жүзеге асырылады. Жоғары білім беру сала-
сында техникалық білім беруді дамытуға ерекше назар аудара отырып, жоғары оқу орындары желісінде
оңтайландыру жүргізуге тиіс. Біз əрбір Қазақстандықтың жоғары білім алуына нақтылы мүмкіндікке
кепілдік беруіміз керек.
Үкімет демалыс кездерінде студенттерге тұрғын үйлер тұрғызатын құрылыс отрядында жұмыс беру,
елімізді көгалдандырудың «Жасыл ел» бағдарламасын өрістетіп, бұл игілікті істерге студенттерді қа-
тыстыру мəселесін нақтылы қарауы керек. өзіміз зəру болып жүрген əрі кадрларды сырттан шақыруға
мəжбүр етіп отырған техикалық мамандықтарды бірінші кезекте дамыту керек деп-айтқан болатын
еліміздің Президенті Н.Ə.Назарбаев.
Білім саласы бір салада қалмауы керек. Əрқашанда, өмірдің талабына сай өзгеріп отыруы қажет.
Қазақстанның жоғары оқу жүйесі батыс елдерімен салыстырғанда үлкен айырмашылықтары бар.
Біз осы талдауда жоғары оқудың барлық деңгейлерін талдамақшы болғанымызбен бірінші деңгейге
ерекше назар аударамыз.
К.Н.Нарибаев, С.К.Жумамбаев, А.Н.Нусупова бойынша айырмашылықтарды былай мазмұндауға
болады [4]:
Біріншіден, мамандық (специалист) деген дəреже батыс елдерінде жоқ. Оларда бакалавр ғана бар
жəне Қазақстанның мамандық дəрежесі оларда бакалаврға тең деп есептеледі. Экономика жəне менед-
жменттегі мамандықтар əрі бакалаврдың бағдарламалары 4 жыл тұрады, ал басқа салалардағы маман-
дықтар 5 жыл.
Екіншіден, Қазақстанның оқу бағдарламаларында пəндердің саны жəне сағаты батыс елдерімен са-
лыстырғанда 2 есе көп бірақ əр пəнде үйретілген тақырыптар жеткіліксіз.
Үшіншіден, əсіресе экономика мамандықтарында оқытылған мамандық пəндерінің саны жеткіліксіз,
өзекті пəндер жеткілікті оқытылмай менеджмент пəндерімен толықтырылыпты, пəндердің мазмұнда-
ры өте ұқсас жəне қайталанып отыр.
Төртіншіден, экономика жəне менеджментте онға жуық, бір-біріне ұқсайтын мамандықтар бар.
Қорытындылай келе, білім мен ғылымның түйінді тұстарын жүйелі де оңды шешудің кілті – ғылы-
ми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарын ортақ мақсатқа жұмылдырып, кешенді істермен
айналысу, іргелі ізденістерді қатар атқару, оны ұлттық мүддеге бағыттау, басымдық сипаттар берудің
қажеттілігі айқын аңғарылады. Осының негізінде оқыту ісін, яғни жоғары білім мен біліктілік, тəжіри-
бені іргелі ғылым мен ұштастырып, отандық өндіріске бағыттау, түпкі нəтижеге бет бұру, оның ха-
лыққа қызмет етуін қамтамасыз етудің маңызы зор.
Пайдаланған əдебиеттер тізімі:
1. Н.Ə.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстан экономикалық, əлеуметтік жəне саяси жедел жаңа-
ру жолында». Астана- 2005, 18б.;
2. Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі / ҚР-ның 2015жылға дейінгі білім беруді дамы-
ту тұжырымдамасы / Қазақстан жоғары мектебі, №1, 2004, 5-19б.;
3. Аубакиров Я.А. Мировые тенденции экономического развития общественный прогресс в РК / Матер. меж-
дунар. научно-прак. конф., Алматы, 2001г.;
4. Нарибаев К.Н., Жумамбаев С.К., Нусупова А.Н. Инвестиции в человеческий капитал. Алматы,ҚазақУни-
верситеті, 1998, 59с.
120
ҚҰЗЫРЕТТЕР МЕН ОҚЫТУ НƏТИЖЕЛЕРІ – БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРДЫ
ДАЯРЛАУ МАЗМҰНЫН ЖЕТІЛДІРУ БАҒДАРЫ
Ортаев Б.Т.
п.ғ.д., доцент Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік
университетінің кафедра меңгерушісі
Қазіргі таңда білім берудің əртүрлі деңгейінде оң өзгерістер орын алуда. Солардың негізгісі жоғары
оқу орындары үшін құзыреттер мен оқыту нəтижелеріне бағдарланған оқыту үдерісін ұйымдастыру.
Оның негізіне еліміздің Болон үдерісіне енуі болып табылса, екінші жағынан кез келген өндіріс сала-
сының (ол материалдық немесе қызмет көрсету саласы болсын) құзыретті маманды талап етуі болып
табылады.
Бұл бағытта шетелдерде, елімізде көптеген зерттеу жұмыстары жүргізіліп, ғылыми мақалалар жа-
риялануда, диссертациялық жұмыстар қорғалуда. Десек те, əлі күнге дейін, бағдар алатын, нақты үлгі
болатын білім беру бағдарламаларын құрастыруда орта пікір пайда болған жоқ. Оны жүргізілген зерт-
теу жұмыстарынан да көруге болады.
Сонымен, мақалада бір қатар негізгі ұғымдар мен құзыретке негізделген білім беру бағдарламасын
қалыптастырудағы ой-пікірлер қарастырылатын болады. Олар: құзырет жəне оқыту нəтижелері.
Білім беру жүйесінде басшылыққа алынып жүрген ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080
Қаулысымен бекітілген Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында: «Құзырет-
тер – студенттердің оқыту процесі кезінде алған білім, шеберлік жəне дағдысын кəсіптік қызметте
практикалық тұрғыдан қолдана білу қабілеті» – деп көрсетілген [1, 25-б.]. Көрші Қырғыз Республикасы
ЖОО үшін құзыреттерге негізделген білім беру бағдарламаларын əзірлеуге бағытталған əдістемелік
нұсқаулықта: «Құзырет – сəйкес салада кəсіби іс-əрекетпен шұғылдану үшін қажетті жеке тұлғалық
сапаның, білімнің, іскерлік пен дағдының динамикалық комбинациясы» – деп анықтама берілген [2,
с.13]. Келтірілген екі нормативті құжатта аталған ұғымға бірдей анықтама берілген.
Сонымен қатар, зерттеу жұмыстарына сəйкес ғалымдар (Н.Ф.Ефремова, Ю.В.Варданян, Қ.С.Құдай-
бергенова, т.б.) құзырет ұғымына анықтама берген.
Осыған байланысты біздер «құзырет» ұғымына қатысты мынадай анықтаманы берілгені дұрыс беп
білеміз: «құзырет – білім алушылардың дайындық бағытына сəйкес алған білімі мен дағдысын, жеке
тұлғалық сапалық қасиеттерін практикалық тұрғыдан динамикалық сипатта жүзеге асыру қабілеттілі-
гі». Олай болатын болса, құзыреттің өзін құраушылар зерттеу жұмыстарына сəйкес анықтау мүмкіндігі
туындайды. Олар:
- Білімдік;
- Іс-əрекеттік (іскерлік, дағды);
- Жеке тұлғалық сапа құраушылары болып табылады.
Жоғары оқу орындарында білім беру бағдарламаларын құрастыруда жəне соған сəйкес оқу жұмы-
старын ұйымдастыру мен оны жүзеге асыруда жобалау қажеттілігі туындайды.
Осы сəтте, яғни білім беру бағдарламасын жобалауда оқыту нəтижелерін анықтау қажет болады.
Сонымен, «оқыту нəтижелері дегеніміз не?».
Зерттеулерге сəйкес «оқыту нəтижесі дегеніміз – білім алушының оқыту үдерісі аяқталғаннан кейін
меңгеру тиіс білімдер, игеруі қажет іскерліктер жəне қалыптастыру тиіс кəсіби, жеке тұлғалық сапалар».
Оқыту нəтижелері жөнінде В.И.Байденконың еңбектерінде [3] жəне білім беру бағдарламаларын
əзірлеу бойынша нұсқаулықтарда [4] кеңінен жазылған.
Құзырет пен оқыту нəтижелерінде қандай байланыстың бары жəне олардың білім беру бағдарла-
маларын əзірлеуде алатын орны ажыратылғаны абзал. Оны білім беру бағдарламасын əзірлеуші оқы-
тушы-профессорлар құрамы анық көреді жəне жүзеге асырады.
Сонымен, «құзырет – ол білім алушыға тəн ұғым, ал оқыту нəтижесі – меңгерілетін құзыретті сипат-
тайтын өлшемдер» – деп түсінгеніміз дұрыс сияқты немесе «оқыту нəтижелері – бұл білім алушының
меңгерген құзыреті деңгейінің индикаторы». Құзырет деңгейін қалыптастыру оқыту нəтижелерін си-
паттап жазуға тікелей байланысты болып табылады. Құзыретке байланысты оқытушылар оқыту нəти-
желерін жазуды жүзеге асырады.
Бізге белгілісі білім беру бағдарламалары мамандықтың жəне пəннің оқу-əдістемелік кешендері
арқылы түзіледі жəне осы құжаттар негізінде жүзеге асырылады [1].
Сол себепті де, жоғары оқу орындарында сапа менеджмент жүйесіне сəйкес құжаттар тізбегін
анықтауда мамандық пен пəннің оқу-əдістемелік кешендері құжаттарының тізбегін толық қанды етіп
Достарыңызбен бөлісу: |