Білім беру стратегиялары: ТҰЛҒаны қалыптастыру парадигмасы



жүктеу 5,22 Kb.
Pdf просмотр
бет34/62
Дата21.01.2018
өлшемі5,22 Kb.
#7778
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   62

68
Бүгінгі  ақпарат  заманында  ғылым  мен  техниканың  соңғы  жетістіктерін  қолданатын  қызмет  көр-
сету саласы рөлінің арта түсуіне байланысты еліміздің бəсекеге қабілеттілігі, адам капиталы туралы 
мəселесі күн тəртібіне қойылуда. Қазіргі уақытта көптеген саяси жəне мемлекеттік қайраткерлер адам-
зат өркениетінің сақталуы мен дамуының кепілін білімнен көреді, білім берудің басқа да мемлекеттік 
үдерістердегі басымдылығын мойындайды. Елбасымыз Н.Ə. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жол-
дауында: «Орта  жəне  жоғары  білім  берудің  оқу  жоспарларының  бағыттылығы  мен  басымдықтарын 
оларға тəжірибелік машықтарға үйрету бойынша жəне тəжірибелік біліктілікке ие болу бағдарламала-
рын қосып, өзгерту», -мəселелерін көрсетеді [1].
Қазіргі таңда білім беру əлеуметтік құрылымның маңызды элементтерінің біріне айналды. Адамның 
болашағы  оның  алған  біліміне,  ғылыми  таным  қабілеті  мен  белсенділігіне  байланысты.  Қоғамдағы 
жоғары қарқынды өзгерістер, қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдар, Ре-
спубликамыздың қуатты елдер қатарына қосылуға деген ұмтылысы ғылым мен білім саласын əлемдік 
деңгейге көтеруде қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Сондықтан бүгінгі күні білімнің əр сала-
сында біліктілігі жоғары, өзін, елін танытатын азаматты қалыптастыру, құзіретті тұлға, белсенді маман 
даярлау мəселесі өзекті, əрі күрделі болып отыр. Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылға дейінгі 
білім беруді дамыту бағдарламасында білім берудің сапасын көтеру, қарқынды ғылыми зерттеу қыз-
метіне сəйкес инновациялық білімді дамыту мəселелері бүгінгі білім беру жүйесінің өзекті мəселесі 
ретінде нақты көрсетілген [2].
Əлемдік  өркениет  үдерісіндегі  білім  құндылықтарына  деген  сұраныстың  артуы  еліміздегі  білім 
беру мазмұны мен сапасын дамыту қажеттігілігін арттыруда. Ғылым мен білім дамуының жаһандық 
талаптарына орай, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ə.Назарбаев «...Заманауи прогрестің мəнін 
білуіміз керек. Қазіргі шындық мынадай: бүгінгі мемлекет өзінің интеллектуалды ресурстарымен бəсе-
кеге  түсіп  «Интеллектуалды  ұлт – 2020» идеясының  мақсаты – жаңа  қазақстандықтарды  тəрбиелеу. 
Елді адам капиталы арқылы бəсекеге қабілетті ету. Бəсекенің бастысы – білімнің бəсекесі. Бұл үшін 
біріншіден,  білім  жүйесінің  инновациялық  дамуына  жол  ашу  керек,  екіншіден,  электронды  қызмет 
көрсетуді жаңа заманға сəйкестендіру керек»,- деп атап көрсетуінің өзі де қазіргі қоғамдық үдерісте 
тұлғаның белсенділігін қалыптастыру, бəсекеге қабілетті ұлт əлуетін арттырудың негізгі құндылығы 
білім сапасы болып табылады [3].
Қазіргі таңда ақпарат жүйесінің шексіз өсуі «Өздігімен оқып үйрену», «Өмір бойы оқып үйрену» 
қағидаларын жүзеге асыру мəселелері оқытудың басты мақсатына айналуына байланысты болып отыр. 
Сондықтан да қазіргі білім беру жүйесінің басты міндеті – ақпараттар тасқынында сыни тұрғыдан ой-
лай білетін жəне бағдарлық қабілеті бар кəсіби мамандар даярлау. Демек, бүгінгі таңда парасатты тұлға 
қалыптастыруда қажетті шешуші фактор ретінде білім беру жүйесіне үлкен өзгерістерді қажет етеді. 
Кез  келген  өркениетті  қоғамда  құқық  негізгі  орында  болатыны  белгілі.  Мемлекет  жəне  құқық 
ұғымдары егіз. Себебі, мемлекетсіз құқық, құқықсыз мемлекет пайда болуы мүмкін емес. Бүгінгі жұ-
мысымызда біз заман талабына сай кəсіби заңгер мамандығын даярлау туралы сөз етеміз. Жоғары оқу 
орындарында заңгерлік даярлық қазіргі заман талабына сəйкес жүргізіліп жатыр ма? Қазіргі қоғамның 
заңгер маманға деген талабы қандай? Қазақстанда заңгер мамандардың дайындығы кəсіби стандартқа 
жауап береді ме?
Заңгер  дегеніміз – заң  саласындағы,  заңгерлік  қызметтегі,  заңдық  істерді  (құқықтық  нормаларға 
сəйкес қарастыру мен шешім қабылдауды талап ететін жəне қылмыстық істер мен азаматтық дауларды, 
қақтығыстарды) жүзеге асыратын маман [4].
Заңгердің қызметі – құқықтық ақпаратпен жұмыс жасай отыра, оның ішкі мəнін түсіну. Ол дегеніміз – 
материалдың мазмұнын, құқықты тарату мүмкіндігін бекіту, оның басқару потенциалын көтеру жəне 
т.б. Аталған жұмыстарды орындау барысында заңгерлер тек құқық көздерін ғана біліп қоймай, халықа-
ралық құжат мəтіндерінталдай алуы, заңнамалық актілерді орнымен қолдана алуы керек.
Жалпы заңгер кəсібіне қойылатын талаптар: нақты жəне теориялық білімді, қазіргі құқықтық жəне 
экономикалық қатынастарда ойлау қабілеті дұрыс, мемлекеттік саясат ағымын талқылай алатын маман 
болу; заңдарды білу; өзінің білімін кəсіби қызметтегі практикада пайдалана білу; мамандығы бойынша 
практикалық  дағдыларды  игеру  немесе  жұмысында  қолдана  алу  қабілетінің  барлығы, (заңгерлердің 
кəсіби) мəдениеттілігінің жоғары болуы, яғни басқару əдістерін білу, адамдарға əсер ету; ел арасын-
да тəрбиелік жəне құқық жұмыстарын жүргізу немесе насихаттау; еңбекті ұйымдастырудың ғылыми 
əдісін меңгеру, үнемі біліктілігін жетілдіру; нарықтық даму жағдайында өзге адамдармен қарым-қаты-
нас жасай білу қасиеті т.б.
Ал, енді жоғарыда өзекті деп табылған сұрақтарды тарқатуға көшсек.


69
Мəліметтерге  сүйенсек  елімізде  соңғы 12 жылда 185 мың  адам  заңгер  мамандығы  бойынша  оқу 
бітірген.  Бүгінде  Қазақстандағы 126 жоғары  оқу  орнының  əр  екіншісі  аталған  мамандық  бойынша 
білім беретін көрінеді.
ҚР Бас прокурорының орынбасарыАндрей Кравченконың айтуына қарағанда 2015 жылы Қазақстан-
да 18 000 заңгер даярланып шықты. Бұл 10 жыл бұрынғы көрсеткіштен 4 есе көп. Ал, егер əр 10 000 
тұрғынға қанша заңгер қажет екенін ескеретін болсақ, Қазақстан бұл есепте əбден шектен шыққан /5/.
Осы айтылған сандар сапаға сəйкес бе?- ол екінші актуальді сұрақ. Кейбір зерттеушілер заңгерлер 
деңгейін үшке бөліп қарастырады:
Төмен  деңгей – болашақ  заңгерлер  кəсіби  ақпараттық-технологиялық  даярлығын  жетілдірудің 
қоғамдық мəнін саналы түрде сезінбейді; кəсіби даярлықты жетілдіруге қажетті білім, іскерлік жəне 
дағдыларды игеруге қызығушылығы төмен; ақпараттық-технологиялық кəсіби даярлықты жетілдірудің 
маңыздылығын толық түсінбейді жəне кəсіби білімін шыңдауға ынта-ықыласы төмен.
Орта деңгей – болашақ заңгерлер кəсіби ақпараттық-технологиялық даярлығын жетілдірудің қоғам-
дық  мəнін  саналы  түрде  сезінеді;  ақпараттық-технологиялық  кəсіби  даярлықты  жетілдірудің  мақ-
сатын  түсінеді;  кəсіби  даярлықты  жетілдіруге  қажетті  білім,  іскерлік  жəне  дағдыларды  игеруге  қы-
зығушылығы бар; ақпараттық-технологиялық кəсіби даярлықты жетілдірудің маңыздылығын түсінеді 
жəне кəсіби білімін шыңдауға ынта-ықыласы бар.
Жоғары  деңгей – болашақ  заңгерлер  кəсіби  ақпараттық-технологиялық  даярлығын  жетілдірудің 
қоғамдық мəнін саналы түрде сезініп, ой елегінен өткізе алады; кəсіби даярлықты жетілдіруге қажет-
ті білім, іскерлік жəне дағдыларды игеруге қызығушылығы жоғары; ақпаратты-технологиялық кəсіби 
даярлықты жетілдірудің маңыздылығын толық, əрі саналы түсінеді жəне кəсіби білімін шыңдауға ын-
та-ықыласы жоғары /6/.
Жаһандану заманында Халықаралық құқықтық қатынастардан өркендеу кезеңдерінде кəсіби дең-
гейлі заңгерге қойылатын талаптардың қатарына шет тілін меңгерудің маңыздылығын айтуымыз керек. 
Ол шет тілін, соның ішінде ағылшын тілін меңгеру.Абай атамыз айтпақшы, қай елдің тілін білсең, сол 
елдің ойымен ойлай алатын деңгейге жете аламыз деп ойлаймыз.
Халықаралық  қатынастағы  жəне  əлемдік  қауымдастықта  Қазақстанның  алатын  орнын  белгілеуде 
Елбасы «Үш тұғырлы тіл» мəдени жобасын ұсынып, жаппай білім беру үдерісінде ағылшын тілін мең-
гертуді қолға алуды тапсырды. Қазақстан халқына жасаған Жолдауында Президент: «Қазақ тілі – Қа-
зақстан халқын біріктіру факторы. Орыс тілі – ұлтаралық қарым-қатынас тілі. Ағылшын тілі – халықа-
ралық білім кеңістігіне ену тілі» – деген болатын. 
Заңгерлерді даярлауда ағылшын тілін оқытуға басымдық берудің оң тұстарын қарастыратын болсақ:
 Халықаралық шарттар мен құжаттарды заңгерлердің толық меңгеруіне жол ашылады.
 Əлемнің дамыған мемлекеттерімен тəжірбие алмасу мүмкіндігі туады.
 Халықаралық істерге Қазақстандық заңгерлердің қатысуына мүмкіндік алады.
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратеги-
ясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтқандай: 
«Біз ағылшын тілін игеруде серпіліс жасауымыз керек. Қазіргі əлемнің осы «лингва франкасын» мең-
геру біздің еліміздің əрбір азаматына өмірдегі шексіз жаңа мүмкіндіктерді ашады». Ол шындығында 
да  солай.  Ағылшын  тілі – халықаралық  қатынас  тілі,  ағылшын  тілін  білу – əлемдегі  болып  жатқан 
өзгерістер мен жаңалықтарды қабылдау жəне дұрыс пайдалану мүмкіндіктерін береді. Ағылшын тілін 
білу – өмір  жолыңыздағы  жетістіктердің  кепілі,  қарым-қатынастың  жаңа,  бір  саты  жоғары  кеңістігі, 
шетел халықтары мəдениетінің ұлттық ерекшеліктерімен танысу, білімің мен ой-санаңды байыта ала-
тын жоғары білікті мамандар ортасына кіру мүмкіндігі. Алайда, ағылшын тілін білудің қажеттіліктерін 
сипаттаудың көп керегі жоқ. Жоғарыда айтылғандай жұмыс берушілердің қоятын талаптарының бірі – 
ағылшын тілін білу. Жəне де тек жұмыс іздеп келген жас мамандар үшін ғана емес, сонымен қатар заң 
саласының білікті тəлімгер маманының ағылшын тілін білуі, тəжірибелілігінің жəне біліктілігінің көр-
сеткіші болу тиіс. Егер ол маман өз тəжірибесін шетел жетістіктерімен ұштастыра алса, дүниежүзінде 
өз саласындағы озат технологияларды пайдалана алса, ол ағылшын тілінің «классикалық деңгейін», 
яғни  ауызекі  сөйлеу  машықтарымен,  мектеп  бағдарламасындағы  тақырыптармен  шектелуі  мүмкін 
емес. Ол ағылшын тілін өз кəсібінің бағдарында білуі міндетті. Егер ағылшын тілін өз жұмысында пай-
даланбаса, ол тек саяхат тілі, демалыс тілі болса, ұмытылып кетуі ғажап емес. Ал егер маман ағылшын 
тілін білу деңгейін көтеріп, мансаптық өсуге қол жеткізгісі келсе ол ағылшын тілін кəсіби бағдарда 
меңгеруі тиіс. Осы тұста «Кəсіби тіл дегеніміз не?» деген сауалға жауап беріп көрейік. Тіл – бұл қа-
лыптасқан фонетикалық, лексикалық, граматикалық бірліктер жүйесі, оның мағыналық, мазмұндық, 
дыбыстық қатынасы жəне пайдалану ережелерінің жүйесі. Ал, кəсіби тіл – лексикалық сипаттамасы 


жүктеу 5,22 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау