талаптары бойынша даулар сотта қаралады.
Ашық лицензия құқығын беру туралы патент иеленушiнiң өтiнiшi ашық лицензиялар
туралы бюллетеньде мәлiметтер жарияланған күннен бастап үш жыл бойына күшiн
сақтайды. Көрсетілген мерзiм шегiнде қорғау құжаттарын күшiнде ұстағаны үшiн төлем
ашық лицензиялар туралы мәлiметтер жарияланғаннан кейiнгi жылдан бастап 50
процентке азаяды.
6. Елде төтенше жағдайлар болғанда немесе басқа да өте қажеттi мән-жайларда
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн патент иеленушiнiң
келiсiмiнсiз пайдалануға құқығы бар, бiрақ оған дереу хабарлап және тиiсiнше өтем
төлейдi. Өтем мөлшерi туралы дауларды сот шешедi.
15-бап. Патент иеленушiнiң ерекше құқығын бұзу
1. Қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн осы Заңға қайшы пайдаланушы кез
келген адам патент иеленушiнiң ерекше құқығын бұзушы (қорғау құжатын бұзушы) болып
есептеледi.
Қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалана отырып жасалған өнiмдi
рұқсатсыз дайындау, қолдану, жеткiзу, сақтау, сатуға ұсыну, сату және азаматтық
айналымға өзгеше енгiзу, сондай-ақ тiкелей қорғау әдiсiмен дайындалған өнiмдi
қолдану немесе азаматтық айналымға енгiзу патент иеленушiнiң ерекше құқығын бұзу
(қорғау құжатын бұзу) болып танылады. Бұл орайда жаңа өнiм өзге де дәлелдемелер
болмаған жағдайда қорғалатын әдiспен алынған деп есептеледi.
2. Патент иеленушi:
1) қорғау құжатын бұзуды тоқтатуды;
2) бұзушының келтiрген шығындардың орнын толтыруын және моральдық залалын
өтеуiн;
3) қорғау құжатын бұзушы алған пайданы шығындардың орнын толтырудың орнына
өндiрiп алуды;
4) қорғау құжатын бұзушының заңдарда белгiленген оннан елу мыңға дейiнгi
айлық есептiк көрсеткiш сомасында өтемақы төлеуiн талап етуге. Шығындардың орнын
толтыру немесе пайданы алып қою орнына өтемақы мөлшерiн сот белгiлейдi;
5) азаматтық айналымға енгiзiлген немесе осы мақсатта сақталған және қорғау
құжатын бұзушы деп танылған өнiмдердi, сондай-ақ қорғау құжатын бұзуға арнайы
арналған қаржыларды өз пайдасына алып қоюға;
6) кiмнiң құқығы бұзылғаны туралы мәлiметтер енгiзiлген құқық бұзушылықты
мiндеттi түрде жариялауға құқылы.
3. Егер бұл лицензиялық шартта көзделсе, қорғау құжатын бұзушыға талаптарды
лицензиаттың да қоюы мүмкiн.
5-тарау. Қорғау құжатын алу тәртібі
16-бап. Қорғау құжатын беруге өтiнiм жасау
1. Қорғау құжатын алуға өтiнiмдi Қазпатентке осы Заңның 10-бабының 1-
тармағына сәйкес қорғау құжатын иелену құқығы бар адам (бұдан әрi - өтiнiм берушi)
бередi.
2. Қорғау құжатын беру туралы өтiнiм мемлекеттік тiлде немесе орыс тiлiнде
берiледi. Өтінiмнiң өзге құжаттары мемлекеттiк, орыс немесе басқа тiлде берiледi.
Егер өтiнiмнiң басқа құжаттары өзге тiлде берiлсе, өтiнiмге олардың мемлекеттiк
тiлдегi немесе орыс тiлiндегi аудармасы қоса тапсырылады. Аударманы өтiнiм берушi
Қазпатентке басқа тiлдегi құжаттары бар өтiнiм түскеннен кейiн екi ай iшiнде
тапсыруға мiндеттi. Тиiстi төлемдер енгiзiлген жағдайларда бұл мерзiм ұзартылуы
мүмкiн, бiрақ ол екi айдан аспауға тиiс.
Белгiленген мерзiмде аударма табыс етiлмеген жағдайда өтiнiм берiлмеген болып
есептеледi.
17-бап. Өнертабысқа қорғау құжатын беруге өтінiм
1. Өнертабысқа қорғау құжатын беруге өтiнiм (бұдан әрi - өнертабысқа өтiнiм)
бiр өнертабысқа немесе өзара байланыстылығы өнертапқыштық бiр ойды құрайтын
өнертабыс тобына берiледi (өнертабыс бiрлiгiнiң талабы).
2. Өнертабысқа өтiнiмге:
1) өнертабыс авторлары және атына қорғау құжаты сұралып отырған адамдар,
сондай-ақ олардың тұрғылықты жерi немесе орналасқан орны көрсетiлген қорғау құжатын
беру туралы өтiнiм;
2) бiлiмнiң тиiстi саласындағы маманның өнертабысты жүзеге асыруы үшiн толық,
жеткiлiктi ашылған сипаттамасы;
3) өнертабыстың мәнiн бiлдiретiн және сипаттамаға толық негiзделген
формуласы;
4) егер өнертабыстың мәнiн түсiну үшiн қажет болса, сызбалар және өзге де
материалдар;
5) реферат;
6) сенiмдi өкiлдер арқылы iс жүргiзiлген жағдайда - сенiмхат;
7) өнертабысқа патент сұралған кезде осы Заңның 22-бабының 7-тармағында
көзделген өтiнiш болуға тиiс.
Өнертабысқа өтiнiмге өтiнiм беруге белгiленген мөлшерде ақы төленгенiн
растайтын құжат және оның мөлшерiн азайту негiздемесiн растайтын құжат қоса
тiркеледi, оларды өтінімге қоса немесе өтiнiм түскен күннен бастап екi ай iшiнде
тапсыруға болады. Тиiстi төлем жасалған жағдайда бұл мерзiм ұзартылуы мүмкiн, бiрақ
ол екi айдан аспауға тиiс.
Төлем жөнiндегi құжаттар белгiленген мерзiмде тапсырылмаған жағдайда өтiнiм
берiлмеген болып есептеледi.
3. Өнертабысқа өтiнiм берiлген күн Қазпатентке өнертабысқа қорғау құжатын
беру туралы өтiнiм түскен күнi бойынша белгiленедi, онда өтiнiм берушiнiң тегi,
есiмi, әкесiнiң аты (егер ол бар болса) көрсетілуi немесе толық атауы, сипаттамасы,
формуласы және егер сипаттамада оған сiлтеме жасалса, сызбалары болуы керек, ал
егер аталған құжаттар бiр мезгiлде тапсырылмаса, онда тапсырылған құжаттардың
соңғысының түскен күнi көрсетiлiп белгiленедi.
4. Өнертабысқа өтiнiмдердi жасау мен ресiмдеуге қойылатын талаптарды
Қазпатент белгiлейдi.
18-бап. Пайдалы модельге қорғау құжатын беруге өтiнiм
1. Пайдалы модельге қорғау құжатын беруге өтiнiм (бұдан әрi - пайдалы
модельге өтiнiм) бiр пайдалы модельге немесе байланыстылығы бiр өнертапқыштық ойды
құрайтын пайдалы модельдер тобына (пайдалы модельдер бiрлiгiнiң талабы) қатысты
болуға тиiс.
2. Пайдалы модельге өтiнiмде:
1) пайдалы модель авторлары және атына қорғау құжаты сұралып отырған адамдар,
сондай-ақ олардың тұрғылықты жерi немесе орналасқан орны көрсетiлген қорғау құжатын
беру туралы өтiнiш;
2) пайдалы модельдi оның жүзеге асырылуы үшiн жеткiлiктi, толық ашатын