2. Мынадай шешiмдер:
1) бұйымдардың тек қана техникалық мiндеттерiне негiзделсе;
2) сәулет объектiлерiнiң (шағын сәулет нысандарын қоспағанда), өнеркәсiптiк,
гидротехникалық және басқа да тұрақты ғимараттардың;
3) баспа өнiмнiң өзi;
4) сұйық, газ түрiндегi, сусыма немесе сол сияқты заттардан тұратын тұрақсыз
нысандағы объектілердiң;
5) қоғамдық мүдделерге, адамгершiлiк пен мораль принциптерiне қайшы келетiн
бұйымдардың шешiмдерi өнеркәсiптiк үлгiлер болып танылмайды.
Париж конвенциясына қатысушы мемлекеттер аумағында ұйымдастырылған, ресми
немесе ресми деп танылған халықаралық көрмеде өнеркәсiптiк үлгiнiң экспонат ретiнде
көрсетiлуiн қоса алғанда, өнеркәсiптiк үлгiге қатысты ақпаратты арыз берушiнiң
(автордың) немесе осы ақпаратты алған кез келген адамның көпшiлiкке жария етуi
өнеркәсiптiк үлгiге өтiнiм ол ашылған немесе көрмеге қойылған күннен бастап алты
айдан кешiктiрмей берiлген болса, өнеркәсiптiк үлгiнiң патентке қабiлеттiлiгiне
әсер ететiн мән-жай деп танылмайды. Бұл орайда осы фактiнi дәлелдеу мiндетi арыз
берушiге жүктеледi.
3-тарау. Авторлар мен патент иеленушілер
9-бап. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiнiң авторы
1. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн шығармашылық еңбегiмен жасаған жеке адам
оның авторы деп танылады.
2. Егер өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн жасауға бiрнеше жеке адам қатысса,
олардың бәрi оның авторы (қосалқы авторы) болып есептеледi.
Қосалқы авторлардың тиесiлi құқықтарды пайдалану тәртiбi олардың арасындағы
келiсiммен белгiленедi.
Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн жасауға өзінің шығармашылық үлесін қоспаған,
авторға тек техникалық, ұйымдық немесе материалдық көмек көрсеткен, не оған құқықты
ресiмдеуге және оны пайдалануға ғана жәрдемдескен жеке адам автор деп танылмайды.
3. Авторлық құқық айыруға болмайтын жеке құқық болып табылады және мерзiмсiз
қорғалады.
4. Егер Қазақстан Республикасында қорғалатын тауар таңбаларына үшiншi адамның
құқықтары бұзылмаса, автордың өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне өз атын немесе
арнаулы атау беруге құқығы бар.
10-бап. Патент иеленушi
1. Қорғау құжаты:
1) өнеркәсiптiк меншiк объектiсiнiң авторына (авторларына);
2) осы баптың 2-тармағында көзделген реттерде, жұмыс берушiге;
3) олардың құқықтық мирасқорына (құқықтық мирасқорларына), оның iшiнде тиiстi
құқықты беру тәртiбiмен алған адамға (адамдарға);
4) бiр-бiрiмен келiсiмдерi болған жағдайда осы тармақта көзделген адамдарға
бiрге берiледi.
2. Егер жұмыс берушi мен қызметкер арасындағы шартта өзгеше көзделмесе,
қызметтiк өнертабысқа қорғау құжаттарының құқықтары жұмыс берушiге тиесiлi болады.
3. Егер жұмыс берушi жасалған өнеркәсiп меншiгi объектiсi туралы автор өзiн
хабардар еткен күннен бастап төрт ай iшiнде Қазпатентке өтiнiм бермесе, өтiнiм беру
құқығын басқа адамға бермесе және тиiстi объектiнi құпия сақтау туралы авторға
хабарламаса, қорғау құжатын алу құқығы авторға көшедi. Бұл жағдайда жұмыс берушiнiң
патент иеленушiмен шарт бойынша тиiстi өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн өз
өндiрiсiнде пайдалануға басым құқығы болады.
4. Қызметтік өнертабыс үшiн авторға сыйақы төлеудiң мөлшерi, талаптары және
тәртiбi автор мен жұмыс берушi арасындағы келiсiммен белгiленедi. Келiсiмге қол
жетпеген жағдайда шешiмдi сот қабылдайды. Егер қызметтік өнертабысты жасаудағы
автор мен жұмыс берушiнiң үлестерiн мөлшерлеу мүмкiн болмаса, жұмыс берушi алған
немесе алуға тиiстi пайданың жартысына автор құқылы деп танылады.
4-тарау. Өнеркәсіптік меншік объектісін пайдалануға
ерекше құқық
11-бап. Патент иеленушiнiң ерекше құқығы мен мiндеттерi
1. Патент иеленушiнiң қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн өз қалауынша
пайдалануына ерекше құқығы болады.
2. Қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсi бар өнiмдi дайындау, қолдану,
жеткiзу, сатуға ұсыну, сату, азаматтық айналымға өзге де енгiзу немесе осы
мақсатпен сақтау, сондай-ақ қорғау әдiсiн қолдану өнеркәсiптiк меншік объектiсiн
пайдалану болып танылады.
Егер өнiмде оны пайдалану күнiне техниканың осы саласындағы белгiлi
формуланың тәуелсiз тармағында келтiрiлген өнертабыстар, пайдалы модельдердiң әрбiр
белгiсi немесе соларға теңдес белгiлер пайдалану әдiсi болса, өнiм қорғалатын
өнертабыс немесе пайдалы модель деп танылады, ал қорғалатын әдiс қолданылған деп
табылады.
Тiкелей осындай әдiспен дайындалған өнiмдi азаматтық айналымға енгiзу не осы
мақсатпен сақтау өнiм алудың қорғалатын әдiсiн пайдалану деп танылады.
Егер өнiмде бұйымның ұсынылған кескiндерiнде (макетiнде) көрсетiлген және
негiзгi белгiлерiнiң тiзбесiнде келтiрiлген барлық негiзгi белгiлерi болса,
қорғалатын өнеркәсiптік үлгiсi бар болып танылады.
3. Патент иеленушi өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалануға мiндеттi,
Қорғау құжаты бiрнеше адамға тиесiлi өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану
жөнiндегi өзара қатынастар олардың арасындағы келiсiммен айқындалады. Ондай келiсiм
болмаған жағдайда олардың әрқайсысы қорғалатын объектiнi өз қалауынша пайдалана
алады, бiрақ өзге патент иеленушiлерiнiң келiсiмiнсiз басқа адамдарға лицензия
немесе қорғау құжатын беруге құқығы жоқ.
Патент иеленушi қолданылып жүрген өнеркәсiптiк меншiк объектiсi
патенттелгендiгiн көрсететiн ескерту таңбаларын пайдалана алады.
4. Егер өнертабысқа қорғау құжатын беру туралы мәлiметтер алғаш рет
жарияланғаннан кейiн өнертабыс сондай өтiнiш берiлген күннiң алдындағы кез келген
төрт жыл iшiнде үздiксiз пайдаланылмаса, патент иеленушi өнертабысты пайдаланбаған
және тиiмдi коммерциялық жағдайларда лицензиялық шарт жасасудан бас тартқан ретте,
кез келген адам өзiне күштеп ерекше емес лицензия алып беру туралы сотқа өтiнiш
жасауға құқылы. Егер патент иеленушi пайдаланбауын дәлелдi себептерге байланысты
екенiн дәлелдемесе, сот аталған лицензияны пайдалану шегiн, төлем мөлшерi мен
тәртiбiн белгiлеп, табыс етедi. Төлем мөлшерi қалыптасқан практикаға сәйкес
белгiленген лицензияның рыноктық бағасынан төмен болмауға тиiс.
Кез келген күштеп лицензия алып беру бiрiншi кезекте Қазақстан Республикасы
iшкi рыногының қажеттерiн қамтамасыз етуге тиiс.
Күштеу лицензиясы берiлген адам аталған өнертабысты пайдалану құқығын басқа
адамға тек осы объект пайдаланылатын тиiстi өндiрiспен бiрге беруi мүмкiн.