«Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы»мм қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай дарыны» ӨҒПО



жүктеу 0,5 Mb.
Pdf просмотр
бет16/16
Дата05.01.2018
өлшемі0,5 Mb.
#7092
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

44 

 

 



Қорытынды

 

 

Өзіне  өзі  сенімді  адамдар  әрқашанда  өзі  қалаған  нәрсесін  тез  арада 



бастап кете алады. Сонымен қатар, олар өзіне-өзі сенімсіз жандарға қарағанда 

шешімді,  қандай  іске  болса  да  тиянақты  әрі  өте  сенімді  болады.  Олар  өз-

өздеріне сенімді болатындары соншалықты істегелі отырған әрқилы істерінен 

еш  қателеспейді.  Бұл  жайлы  АҚШ  психологтары  сенімді  және  сенімсіз 

адамдарды  түрлі  әдістермен,  мәселен  бір  ғана  гипнозбен  адамның  өзіне  деген 

қорқынышы  мен  қаншалықты  батыл  екендігін  анықтаған.  Өзіне  сенімді 

адамдар  тәуелсіз  келеді  және  олар  алдағы  жоспарларын  өздері  талдап, 

өзгелерден бұрын жемісін көреді. 

Бір бөлме, сол бөлме қараңғы болса жарықты іздейсіз. Сізге жарық керек, 

жарық  мына  әлемге  керек.  Енді  жарықты  жаққан  сәт  бөлмеге  нұр  кіргендей 

болады. Сенімділік те дәл сол секілді. Сіздің ішкі жан дүниеңізді нұрландыратын 

күш.  Адам  өз-өзіне  сенбесе  ол  бейне  бір  қараңғылық  сияқты  болып  қалады. 

Өзіңізге  сенбесеңіз.  ешқандай  істің  басын  бастамайсыз.  Ал  бастасаңыз  аяқсыз 

қалдырасыз.  Сол  үшін  сенімсіздіктің  жаман  жақтарына  көз  жеткізіп  оны 

ойыңыздан  алыстатуға  тырысыңыз.  Сіз  өзіңізге  неліктен  сенбейсіз?  Сіз  әлсіз 

емессіз.  Тек  қана  санаңызға  сол  ой  кіріп  алған.  Ең  бірінші  өз  ойыңызды 

өзгертіңіз.  Ақ  түсті  көбірек  көруге  тырысыңыз.  Өмірде  адам  жаман  болмайды. 

Себебі өмірге жаман болып келмейді. Тек жаман ой ойлайды. Жаманмын дейді, 

сенбейді. Ал мұның бәрі жаман жолдың есігіне алып келеді. Оны ашпай тұрып, 

өз  ойыңызды  өзгертіңіз.  Өзіңізге  сенбеген  кезде  ең  жақсы  көретін  нәрсеңіз 

жайлы ойлаңыз. Сіз де басқалармен бірдейсіз. Өзіңізге деген сенімділікті сол сәт 

бойыңызға жинаңыз. Сонда сіз алға ұмтылған басқа жандар секілді жақсылыққа 

талпынасыз. Жақсылық- ол сенімділік. 

Сөз  соңында  айтарым,  тек  қана  жақсылық  ойлаңыздар.  Өздеріңіздің 

сенімділіктеріңізді  арттырып  отырамын  десеңіз,  күнделікті    ұйқыдан  тұрғанда 

айнаға  қараймыз.  Сол  айнаның  бір  жағына  «Мен  өзіме  100  пайыз  сенімдімін» 

деп  жазып  қойып,  соған  қарай  әрекет  етіңіз.  Жұлдыздырыңыз  жоғары,  жарық 

болсын дегім келеді. 

 

«Мен таңдаған өмір» тренингі 



 

Мақсаты:  Қатысушыларға  өмір  ұғымын  түсіндіре  отырып,  өмірде 

кездесетін әртүрлі жағдайлар туралы ақпарат беру. 

Күтілетін 

нәтиже: 

балалардың 

өмірге 

деген 


құштарлығын, 

қызығушылығын ояту. 

Тренинг жоспары: 

1.   Сәлемдесу, таныстыру. 

2.  Кіріспе сөз. Психолог сөзі. 

3.  «Ойланып көрейік» жаттығуы 

4.  «Шеңберден айналып өту» жаттығуы 

5.   «Бейнеролик». «Тәубеңе кел!» 

6.  «Аяғым байлаулы» жаттығуы. 



45 

 

7.  «Не салғым келсе, соны саламын» 



8.  Қорытынды. «Шын жүректен» 

Тренинг ережесі: 

- Тыңдау әдебін сақтау; 

- Өз пікірін ашық білдіру; 

- Ашық, көңілді болу; 

- Белсенділік таныту; 

- Сыйластықта болу; 

1.  Сәлемдесу, таныстыру. 

Құрметті қатысушылар, қазақта мынадай сөз бар: «Сәлем түзелмей,  

әлем түзелмейді деген» сәлемдесудің артығы жоқ. Ендеше бүгін сәлемдесу түрін 

ерекше  жасайық.  Мен  қазір  қолымдағы  шылдырмақты  шылдырлатып 

болғанымша,  сіздер  осы  жердегі  адамдармен  екі  қолдап  және  қолымды 

шапалақтап біткенімше бір-бірлеріңізбен арқаларыңызды түйістіріп шығасыздар. 

 

Енді  таныстығымызды  бастайық,  есіміңіз,  қай  жерден  келдіңіз?  Қысқаша 



ғана өзіңіз туралы мәлімет берсеңіз. 

        2.  Кіріспе  сөз.  Психолог  сөзі.  Әрбір  адам  -  өмірге  келген  қонақ.  Өмір  өте 

мәнді, мағыналы, мазмұнды өтуі үшін «қамшының ғана сабындай қысқа  өмірде 

«адамдардың бір - бірімен сыйластықта болғанына не жетсін! 

 

Жан  –  жағымызға  мұқият  қарасақ,  айналамызда  күйбең  тіршілік  жүріп 



жатыр. Адамдар еңбек етуде, жұмысқа бара жатады, жұмыстан қайтып жатады. 

Демалады, қонаққа барады, алға қойған мақсаттарына жетіп, басқа бір мақсаттар 

қойып  жатады.  Кейбіреулер  болса  қайғы  -  мұңды  бастарынан  өткеріп  жатады. 

Ал, кейбіреулер не үшін өмір сүріп жүргендерін, қиындықтардан қалай құтылу 

керектігін  білмей  өмірден  түңіліп  жатады.  Бұл  -  өмір.  Қалтарыстары  мен 

қиындықтары көп осынау өмірде адамдар бір – біріне және өздеріне мейіріммен 

қарап,  ізгі  ниетпен  жақсылық  жасай  білу  керек.  Сол  қиындықтарды  жеңу 

жолдарын  іздеп,  алға  қойған  мақсаттарына  жете  білулері  әркімнің  өзіне 

байланысты екен. 

         Олай  болса,  бүгінгі  тренингіміз  осы  өзіміз  таңдаған  өмірімізде  мәнді  де, 

мағыналы өмір сүру әрқайсысымыздың өз қолымызда. Бүгін, тренинг барысында 

өзіміз сүріп жатқан өмірді танимыз, өзімізді танимыз деп ойлаймын.  

3. «Ойланып көрейік» жаттығуы. 

Мақсаты: Өмір туралы ұғымдарын дамыту. 

Нұсқау: Төменде берілген сұрақтарға жауап таңдап алып, дәлелдеңдер. 

(қатысушылар екі немесе үш топқа бөлінеді). 



Адам не үшін өмір сүреді? 

- Үлгілі отбасын құру үшін. 

- Білім алу үшін. 

- Қоғамға және өз ортасына пайда келтіру үшін. 

- Үлкен дәулетке қол жеткізу үшін. 

- Өзін өзгелерге таныту үшін. 



Өмірден өз орнын табу деген не? 

- Жоғары атаққа ие болу. 

- Материалдық дербестік және мол дәулетке жету. 

- Тату және берік отбасын құру 




46 

 

- Адал достар көп болу. 



- Өзі сүйген адамының сүйіктісі болу. 

Өмірде үлкен табысқа жету үшін адам бойында қандай қасиеттер 

болу керек? 

- Еңбекқор, адал, әділ болу 

- Қабілетті, дарынды болу. 

- Өзін және өз мүмкіндіктерін жақсы білу. 

- Адамдармен тіл табыса білу. 

4. «Шеңберден айналып өту» жаттығуы 

Мақсаты: Қиындықтан шығуға болатынын дәлелдеу. 

Қатысушылар  шеңберге  тұрады.  Бір-бірлерінің  қолдарынан  ұстап. 

Жүргізуші  шеңберді  екі  адамның  қолы  ұстасқан  жерге  кигізеді.  Сонан  соң  сол 

шеңберді  өз  әдісімен  келесі  жағындағы  адамға  береді.  Соңғы  қатысушыға 

жеткенше  жаттығу  жалғасады.  Жаттығу  біткен  соң  сұрақтар  беріліп 

талқыланады. 

5. «Бейнеролик». «Тәубеңе кел!» 

Талқылау: Қатысушылар өз алған сезімдерімен, ойларымен бөліседі. 

6. «Аяғым байлаулы» жаттығуы 

Мақсаты: Қиындықтан шығуға болатынын дәлелдеу. 

Қатысушылардың арасынан 5-6 адам шығады, аяқтары бір-біріне  

қосылып байланады. Сонан соң белгіленген жерге дейін жүріп барады. 

 

Талқылау: Жаттығу қиын болды ма? Неліктен? 



 

7. «Не салғым келсе, соны саламын» 

 

Қатысушыларға гуашь, қылқалам, акварельді бояулар ұсынылады.  



 

Тапсырма: Бояуларды көріп, сурет салу керек дегенде ең бірінші ойыңызға 

не келеді. Соны қағаздың бетіне салып суреттеңіз. 

 

8.Талқылау:  Неге  бүл  сурет  ойыңызға  келді  деп  ойлайсыз?  Салған 



суреттеріне мән беріледі. 

9.  Қорытынды. «Шын жүректен» 

     Қатысушыларға А4 форматтағы ақ қағаз ұсынылады. Сол ақ қағазды екіге 

бүктеп, қолмен жырту арқылы жүрекше қиып алады. Сол жүрекшелерді 

арқаларына қыстырады. Және кезекпен кезек бір-бірлеріне деген жүректен 

шыққан шынайы тілектерін жазады. 

 

 

«Менің бақытты отбасым»  



(ата –аналарға арналған тренинг) 

 

Мақсаты

Отбасы  тәрбиесіндегі  ата  –  ананың  балаға  тәрбиелік  ықпалын 

арттыру,  тәрбиенің  ең  тамаша  жері  отбасы  екенін,  олардың  бала  тәрбиесіндегі 

мүмкіндіктерінің  жоғары  екенін  түсіндіру,  баламен  жақсы  қарым-қатынас 

орнату, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын арттыру. 

Қажетті құралдар: түрлі-түсті қаламдар, гуашь, таза парақ, музыка.   

 

Кіріспе  сөз:  Қымбатты  ата-аналар,  сіздермен  кездескеніме  өте 

қуаныштымын. Алдымен өзіміз, отбасымыз туралы әңгімелеп, танысайық. 

І.Танысу. Сәлемдесу.Психологиялық жаттығу : « Үй » 



47 

 

Өтілу барысы: Ата – аналарға ақ парақ пен бояу қарындаштар беріледі. 

Тапсырма: Параққа  үйдің  суретін  салыңыздар.  Салған  үйіңізде 

отбасыңызда қанша адам болса, сонша терезесі болуы  шарт. Үйді салып болсақ , 

енді 

сол 


терезелерге 

өз 


отбасыларыңыздың 

мүшелерін 

орналастырыңыз (Өз отбасыларын таныстырады). 

Ата-аналарға сұрақтар қойылады. 

1.  «Бақытты отбасы» деген қандай болады? 

2.  «Бақытты отбасы» болу үшін не істеу керек? 



ІІ.  Тыныштық  сәті:  (баяу  музыканың  үнімен  өткізіледі.)  «Гүлдің 

оянуы» 

Терең  демалайық!  Құдіретті  жарық  түсіп  тұрғанын  елестетіп  көріңіздер. 

Бұл  қайырымдылық,  бақыт,  бейбітшілік  және  қуаныш  жарығы.  Қандай 

тамаша!Қане,  сұлулықты  тамашалап  көрейік!  Бұл  таңғажайып  жарық 

жүрегімізге  тыныштық,  қайырымдылық,  сүйіспеншілік  әкелсін.  Ішкі  дүниеміз 

тап-таза, жап-жарық болып кетті. Міне, керемет! Жүрегімізде әдемі гүл ашылып 

келеді.  Қандай  әдемі!  Түрлі-түсті  жапырақтар  құлпырып  тұр.  Бұл  сіздің 

отбасыңыз.  Ал  гүлдің  ортасындағы  дөңгелек  бұл  сіздің  балаңыз.  Бұл  жәй  гүл 

емес,  сүйіспеншілік  гүлі.  Көзіңіңізді  жұмып  осы  гүлдің  елестетіңіздер.  Ол  әлі 

кішкентай. Күн оны жылытып, өсуіне көмектеседі.Гүлдің иісін иіскейміз. Міне, 

бізде қандай ғажап гүл пайда болды. 

Ал, енді осы сәтті қағаз бетіне түсірейік. 



ІІІ. Ойын. «Отбасымен жұптасу» 

Өтілу  барысы:  Ата-аналар  ортада  музыканың  әуенімен  билеп  жүреді. 

Кенеттен  музыка  тоқтағанда  жүргізуші  5  отбасы  мүшелерінен    жұптасыңыздар 

дегенде 5 адам бірігуі қажет. Ойын ары қарай жалғастырылады. 

ІҮ. Жағдаят.  

Ата-аналар жағдаятты оқып, өз ойларын айтады. 

Балаңыздың  өнері,  қандай  да  бір  іске  қызығушылығы,  бейімділігі 

байқалса, не істер едіңіз? 

Кейбір  ата-аналардың  баласының  әрбір  істеген  іс  –  әрекетіне  көңілі 

толмай:  «Сен  сала  алмайсың,  сен  істей  алмайсың»,-  деп  айтып  жататынын 

байқаймыз. Бала іс- әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз? 

Ү. «Қол көмек» жаттығуы. 

Нұсқау:

 

Ақ параққа қолыңызды басып саласыз. Содан кейін «балаңызға 

бақытты болуы үшін қандай көмек бере аласыз?» деген сауалға жауап жазамыз

.

 



ҮІ. «Тілек шамы». (Қорытындылау) 

Мақсаты: тренинг туралы пікірлерін ортаға салу. 

«Міне,  қоштасатын  да  сәт  жетті.  Біз  сіздермен  жанұядағы  ата-ана  мен 

балалар  арасындағы  қарым-қатынастың  түрлі  жақтарын  тануға,  жан-жақты 

талқылауға  тырыстық.  Отбасы,  ұшқан  ұя  –  жылылықтың,  жылулықтың  мекені. 

«Отбасы»  атауының  мәніне  терең  үңілер  болсақ,  оттың  да  үлкен  маңызы  бар 

екенін  сеземіз.  Сондықтан  оттың  басы,  ошағымыздың  түтіні  түзу  болуы  үшін 

«Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. 

Ата-аналар алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахметімізді 

айта  отырып,  отбасыларыңызға бақыт  нұры  шашыла  берсін  дегім  келеді.  Сау 

болыңыздар! 




48 

 

«Мейірімге толы жүрекпен» 



(ата –аналарға арналған тренинг) 

Мақсаты:  Мектеп  пен  ата  –  аналар  арасындағы  ынтымақтастықты 

арттыру, 

ата-аналардың  «мейірімділік»,  «қайырымыдылық»  құндылықтары 

туралы  түсініктерін  кеңейту. Мейірімділіктің  адам  өміріндегі  маңыздылығын 

түсіндіру.

 

Көрнекілігі:  Түрлі-түсті  жүректер,  видеотоптама,  баяу  музыка,  жіп, 

гүлдер. 

 

Өткізілу барысы: 



(Залда    баяу  музыка  ойналып  тұрады,  жүрек  тұстарына  жүректер 

тағылады,  ата-аналардың қолдарына бір-бір  гүлден беріледі). 

Мейірімділік – адам бойындағы қасиетті сезім. Ата мейірімі, әке мейірімі, 

ана  мейірімі,  отбасындағы  адамдардың  бір-біріне  деген  мейірім–шапағаты-

әдептік  әсем  құбылыс,  түйсікті  баурап  алатын  түсінік,  ұлағатты  ұғым, 

адамгершіліктің асқар шыңы. 

         Шындық,  мейірімділік,  қарапайымдылық  жоқ  жерде  ұлықтық  болмайды. 

(Л.Н.Толстой) 

         Мейірімділік - адамдардың бір-біріне жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық 

ойлап, игілікті істер жасау арқылы мейірімділік таныта алуы. 



1.«Сәлемдесу», «Танысу», «Гүл шоғы» тренингі.  

Мақсаты:  топта  ары  қарай  жақсы  қарым  –қатынас  орнату  үшін  қолайлы 

орта туғызу, танысу. 

Ата-аналар  шеңберге  тұрып,  өздерінің  қалаған  сәлемдесу  түрлерін 

көрсетіп,  есімдерін  айтып,  қолдарындағы  гүлді  тілегін  айта  отырып,  келесі 

адамға  ұсынады,  келесі  адам  оған  өзінің  қолындағы  гүлді  қосып  келесі  адамға 

ұсынады. 

Қортындысы, біреуге мейірімділік, жақсылық жасасаң «гүл шоғы» секілді 

өзіне көп болып қайтып келетіндігін айту.  

2. «Көңіл-күй» түсі. 

Бүгінгі  көңіл-күйіңізді  қандай  түспен  бейнелейсіз?  Мына  түрлі-түсті 

жүрекшелердің қай түсі сізге көбірек ұнайды. 

Әр  қатысушы  өзінің  көңіл-күйінің  түсін  таңдап  алады.  Қатысушылардың 

бүгінгі  тренингке    қандай  көңіл-күймен  келгендігін,  таңдаған  түстеріне  қарап, 

олардың  қандай  адам  екендіктерін    психолог  айтып  өтеді.  (қара  түстен  басқа 

түстер көңілді күйді білдіреді.) 

Сары-өзін де, басқаны да қуантып жүретін адамдар. 

Көк-байсалды, қанағатшыл, қонақжай адамдар. 

Жасыл-жүрген ортасында белсенді адамдар. 

          Ақ-мейірімді адамдар. 

          Қызыл-алдына мақсат қойса жетпей тынбайтын жігерлі адамдар. 

          Қара-ішімдегіні тап деп отыратын тұйық мінезді адамдар.     

 

3. Әңгімелесу        

 

Ата-аналарға сұрақтар қойылып, ойлары тыңдалады.                                     



 1.Сіздің ойыңызша мейірімді ана қандай болуы керек? 

 2. Өздеріңіз  қандай  мейірімді  іс жасадыңыздар? 




49 

 

4. Видеотоптама 

Ата-аналарға видеотоптама көрсетіледі. Бұл видеотоптамада ананың 

баласына көңіл бөлмейтіндігі көрсетіледі.  

 

Көрсетіліп болған соң ата-аналарға сұрақтар қойылады. 



1.  Видеодан не түйдіңіздер? 

2.  Сіздер балаға үйде қанша уақыттарыңызды бөлесіздер? 

«Аялы алақан» деген  бір өсиет әңгімеге тоқталғым келеді. 

 Жағдайлы  бір  отбасы  баласын  ешкімнен  кем  өсіргісі  келмей  барлық 

жағдайын  жасайды.  Қазіргі  заманның  озық  технологиясымен  жасалынған 

ойыншықтар, компьютер, тіптен қымбат телефонды да алып береді. Бірақ баласы 

осының  бәріне  қанағаттанбай,  күнде  ата-анасының  жұмысқа  кетпеуін  өтінеді. 

Ата-анасы  жұмысқа  бармаса  болмайтынын,  ақша  табатынын  баласына 

түсіндіреді.  Ал,  баласы  осы  сәтте  ата-анасының  күніне  қанша  ақша  табатынын 

сұрап біледі. 

Бала сол күннен бастап ата-анасының өзіне тастап кетіп жүрген ақшасын 

жұмсамай жинай бастайды. Жинаған ақшасы ата-анасының бір күндік табысына 

жеткен күні бала ата-анасына өтініш жасайды. 

— Әке, ана! Бүгін жұмысқа бармай бір күндеріңізді маған қиыңыздаршы. 

Бір  күнгі  табыстарыңызды  мен  төлейін  депті.  (қалай  ойлайсыздар  бала  неге 

өтінді?) Міне, ата-ананың аялы алақанының әсері балаға күн сәулесімен бірдей, 

мұны басқа ешбір нәрсе ауыстыру мүмкін емес. 

 

5. «Балалық – шаққа саяхат»  релаксация. 

Құрметті  ата-аналар  бәріміз  жайғасып,  көзімізді  жұмып  бір  сәт 

тынышталып  отырып,  еркін  тыныс  алып  осы  бір  тынысымыз  арқылы  бақытты 

балалық-шаққа шолу жасайық:  

«Жаздың  әдемі  шуақты  күні.  Сіз  анаңызбен  қол  ұстасып  келе  жатырсыз. 

Үстіңізге ең сүйікті көйлегіңізді киіп, анаңыз екеуіңіз қуаныштысыз. Сіз ойнап 

жүгіріп  анаңыздың  алдына  шығып  кеттіңіз.  Біраздан  соң  жақын  адамыңыздан 

алшақтап кеткеніңізді сезініп, жүгіріп қолынан ұстадыңыз. Әлгі адам сізге күліп 

қарады.  Көзіңізді  көтеріп  қарасаңыз  алдыңызда  мүлдем  таныс  емес  адам  тұр 

екен.  Сіз  тез  ғана  қолыңызды  алып  тастап,  жан-жағыңызға  қарадыңыз.  Енді 

жайлап көздерімізді ашамыз». Қандай сезімде болдыңыз? 

Ата-аналар жауабы: 

-  Қорқыныш сезімі пайда болды. 

Осындай қорқыныш сезімі балаларыңыздың бойында ешқашан болмасын - 

дей  отыра  барлықтарыңыз  алақандарыңызды  алға  созуларыңызды  өтінемін.  Оң 

жақ алақанымыз отбасы болса, сол жақ алақанымыз балабақша болсын. Ал енді 

үнемі  ауызбіршілігіміз  мол  болып,  жұмысымыз  алға  қарай  өрлей  берсін  деген 

мақсатта  алақандарымызды  соғып  қояйық.  Біз  қаншадықты  балаға  жақсы 

мейірімді бола білсек те ананың орнын баса алмаймыз. 

 

6. «Жүрек мейірімі» 



 

Ата-аналар  алдарыңызда  тұрған  жүрек  бұл  біздің  балабақшамыздың, 

тәрбиешілеріміздің  балаға  деген  мейірімді  жүрегі.  Енді  сіздер  жүрек 

тұстарыңыздағы  жүрекшені  алып  оған  балаларыңызға  деген  ақ  тілектеріңізді 

жазып балабақшамыздың жүрек тұсына апарып жабыстырайық.   

 

7.« Мейірімділік жібі » 




50 

 

Ата-аналардың қолдарына жіп беріледі. 



Мысалы, Сен мейірімдісің! Сен 

кішіпейілсің!  Сен  әдемісің!  Сен  қайырымдысың!  Сен  ізеттісің!т.б  деген 

сөздерді айта отырып жіптен өрмекші торын жасайды. 

Құрметті  ата-аналар  мен  бүгінгі 

«Мейірімге  толы  жүрекпен» 

тақырыбындағы тренингімді аяқтағым келіп тұр. 

Ең бастысы ата-ана баласын сүйе білу керек, оған жылылық, мейірімділік 

керек.  Әр  уақытта  балаңыздың  пікірін,  не  қажет  ететінін  тыңдай  біліңіз.  Ата-

аналар қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік, біз оларға үлгі болар 

бейне  екенімізді  ұмытпайық!  Әр  ошақтың  жылулығы  түсінуден,  денсаулықтан, 

махаббаттан , сыйластықтан құралады. 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


51 

 

 



Пайдаланылған әдебиеттер 

 

1.  Елшібаева К.Ғ. Суицидтің алдын алу-Алматы, 2009 ж. 



2.  Әбиева Ә.Р., Әзбергенова Ж.С. Маған өмір қымбат-Алматы, 2009 ж. 

3.  Школьная тревожность: диагностика, коррекция, развитие./ Под ред. 

Микляевой А.В., Румянцевой П.В., СПб., 2004г. 

4.  Марковская Н.М. Тренинг взаимодействия родителей с детьми, 

«Речь», СПб., 2002г. 

5.  Бурмистрова Е.В. Психологическая помощь в кризисных ситуациях 

(предупреждение кризисных ситуаций в образовательной среде): 

Методические рекомендации для специалистов системы образования. 

М.: МГППУ, 2006 

6.  Республикалық  басылымдар, БАҚ  

7.  Ғаламтор желісі 

 

 



«Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы» ММ  

әдістемелік кабинетінің тұлғаны әлеуметтендіру  

және тәрбиелеу бөлімі 

тел 8/7142/21-02-41 e-mail OVRSL_metod@mail.ru 

«Synergy» ғылыми -білім беру  орталығы» ҚҚ 

www.nos-synergy.kz 



 

 

жүктеу 0,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау