34) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша
жұмыскерлерге сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдерін, емдік-профилактикалық тағам
беру нормаларын бекітеді;
35) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша алуан
түрлі экономикалық қызмет ұйымдарының жұмыскерлеріне арнайы киім және басқа да жеке қорғаныш
құралдарын беру нормаларын бекітеді;
36) жұмыс берушінің қызметін декларациялау тәртібін әзірлейді және бекітеді;
37) еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау және еңбек қатынастарын реттеу саласындағы
ғылыми әзірлемелердің басымдықтарын айқындайды;
38) мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен
бағдарламалар әзірлеуді ұйымдастырады және оларды іске асыруды жүзеге асырады;
39) ұжымдық еңбек дауларын есепке алу нысанын әзірлейді және бекітеді;
40) мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін
қамтамасыз ететін жұмыскерлер санының бірыңғай салааралық нормативтерін әзірлейді және
бекітеді;
40-1) тиісті қызмет салаларының мемлекеттік органдары еңбек жөніндегі уәкілетті
мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен әзірлейтін және бекітетін мемлекеттік органдарға
техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлер санының
салалық нормативтерін келіседі;
41) тиісті қызмет салаларының тиісті уәкілетті мемлекеттік органдары әзірлейтін және
бекітетін азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімдерін келіседі;
42) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы
Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де
өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 06.04.2016
Заңымен (алғашқы ресми
№ 483-V
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
17-бап. Еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның құзыреті
Еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган:
1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және
еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
2) жұмыс берушілер ұсынған ұжымдық шарттардың мониторингін жүзеге асырады;
3) өндірістік жарақаттанудың, кәсіптік аурулардың, кәсіптік уланулардың себептеріне
талдау жүргізеді және олардың профилактикасы жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
4) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды осы Кодексте және Қазақстан
Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен
тергеп-тексереді;
5) жұмыс берушілердегі еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге
жауапты адамдардың білімін тексеруді жүргізеді;
6) өндірістік мақсаттағы объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі қабылдау
комиссиясының құрамына қатысады;
7) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормативтерін жетілдіру мәселелері бойынша
жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өкілдерімен өзара іс-қимыл жасайды;
8) жұмыскерлердің, жұмыс берушілер мен олардың өкілдерінің еңбек қауіпсіздігі және
еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі өтініштерін қарайды;
9) өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау мониторингін жүзеге
асырады;
10) Қазақстан Республикасының
сәйкес тексеру кестелерін
Кәсіпкерлік кодексіне
әзiрлейдi және бекiтедi;
11) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға еңбекті қорғау және еңбек
қауiпсiздiгі жөніндегі ақпараттық жүйе негізінде кезеңдік есептерді, сондай-ақ еңбек
қауiпсiздiгі және еңбектi қорғау жай-күйі мониторингінің нәтижелерін ұсынады;
12) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша ұжымдық еңбек
дауларының мониторингін жүргізеді;
13) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға еңбек қатынастары бойынша қажетті
ақпаратты береді;
14) жұмыс берушінің қызметін декларациялауды жүзеге асырады.
18-бап. Жергілікті атқарушы органдардың еңбек қатынастарын реттеу саласындағы
құзыреті
Жергілікті атқарушы органдар:
1) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске
асырады;
РҚАО-ның ескертпесі!
2) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 15.06.2017
Заңымен (01.01.2019
№ 73-VI
бастап
енгізіледі).
қолданысқа
2) азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық
сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы
мамандар лауазымдарының тiзбесiн жергiлiктi өкiлдi органмен келiсу бойынша айқындайды;
3) қалалық, аудандық деңгейде жасалған салалық және өңірлік келісімдерді тіркеуді
жүзеге асырады;
4) халықтың тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарда (қоғамдық көлік, сумен,
электр энергиясымен, жылумен қамтамасыз ететін ұйымдар) ереуілдер өткізуді келіседі;
5) жұмыс берушілердің өңірлік бірлестіктерімен және жұмыскерлердің өңірлік
бірлестіктерімен өңірлік (облыстық, қалалық, аудандық) келісімдер жасасады;
6) көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым
мөлшерлемелерін) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдар жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу
жүйесінің өлшемдерін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен
қарайды және келіседі;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған халық санаттарын жұмысқа
орналастыру үшін квота белгілейді;
8) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен
жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3-тарау. ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ СУБЪЕКТІЛЕРІ. ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ТУЫНДАУ НЕГІЗДЕРІ
19-бап. Еңбек қатынастары субъектілері
Жұмыскер мен жұмыс беруші еңбек қатынастары субъектілері болып табылады.
Шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің басшысы осы заңды тұлға атынан
жұмыс берушінің барлық құқықтарын жүзеге асырады және барлық міндеттерін атқарады.
20-бап. Жұмыскерлердің өкілдері және олардың өкілеттіктері
1. Жұмыскерлердің мүдделерін "Кәсіптік одақтар туралы" Қазақстан Республикасының
сәйкес кәсіптік одақтар органдары, ал олар болмаған кезде сайланбалы өкілдер өздеріне
Заңына
берілген өкілеттіктер шегінде білдіреді.
2. Кәсіптік одақ мүшесі болып табылмайтын, жұмыскерлердің сайланбалы өкілдерін
сайлауға қатыспаған жұмыскерлер кәсіподақ органдарына, жұмыскерлердің сайланбалы өкілдеріне
өздерінің мүдделерін білдіруге құқық беруге құқылы. Кәсіподақ органдары, жұмыскерлердің
сайланбалы өкілдері жұмыскердің жазбаша өтініші негізінде оның мүдделерін білдіруді
қамтамасыз етеді.
3. Жұмыскерлердің сайланбалы өкілдерінің:
1) жұмыскерлердің еңбек құқықтары мен мүдделерін білдіруге және қорғауға;
Достарыңызбен бөлісу: |