Ф и з и к а әож 3. 049. Физика сабақтарында



жүктеу 5,03 Kb.
Pdf просмотр
бет67/89
Дата01.01.2018
өлшемі5,03 Kb.
#6313
түріСабақ
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   89

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
 
 143
 
қызықтыру  үшін  инфрақұрылымның  дамуына  кӛп  кӛңіл  бӛлінуде.  Жаңа  жолдарды  салу, 
әуе  хабарламаларын  ашу,  тұрақты  сумен  және  энергиямен  қамсыздандыру  бойынша  іс-
шаралар  әзірленді.  Осы  шаралар  тұруға,  белсенді  демалуға  және  туристердің  қарым-
қатынас  жасауына  арналған  ғимараттар  мен  мекемелер  салуға  қаржы  салу  үшін  жағдай 
жасауды қамтамасыз етеді. 
Сондай-ақ  қолайлы  инвестициялық  климат  жасау,  отандық  және  шетел 
инвестицияларын  қызықтыру  мақсатында  аумағында  туристік  ойын-сауық  орталығын 
дамыту  перспективасы  бар  «Бурабай»  арнайы  экономикалық  аймағы  құрылды.  Туристік 
ойын-сауық  орталығы  -  әлеуметтік  жоба:  ойын  үй-жайларын  ауыстыру  осы  ауданның 
инвестициялық  климатын  жандандыруға,  қосымша  жұмыс  орындарын  құруға,  салық 
түсімдерін  арттыруға,  сондай-ақ  ілеспелі  инфрақұрылымның  дамуына  мүмкіндік  береді. 
Щучье-Бурабай курорттық аймағының дамуына ойын бизнесі дамытылатын арнайы бӛлек 
алынған  екі  орталықтың  біреуінің  орналасуының  анықталғаны  септігін  тигізеді. Жалпы, 
облыс  ӛңірдің  экономикасынының  дамуына  инвестицияны,  оның  ішінде  халықаралық 
туристік бизнесті қызықтыру үшін бай әлеуетке ие, оған қоса қазіргі таңда рекреациялық 
туризмді дамыту кеңінен қолға алынылып жатыр. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1.  М.А.Титова,  Экономические  основы  развития  туризма  Акмолинской  области// 
Валихановские чтения – Х: Сб. Матер.междунар.науч.-практ.конф.-Кокшетау, 2005. 
2.  М.А.Титова  Потенциал  и  перспективы  развития  экологического  туризма  в 
Акмолинской области //Вестник КазНУ. Серия географическая.2005. №1. 103-106 бет. 
3. М.А.Титова Перспективы развития туризма Акмолинской области//V-Сатпаевские 
чтения: Сб. Матер. Республиканской науч.-практ.конф.-Павлодар, 2005. 
4.
  ҚР-да  туризмді  дамытудың  2007-2011  жылдарға  арналған  Мемлекеттік 
бағдарламасы. 
5. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға 
арналған стратегиялық жоспары. 
 
РЕЗЮМЕ 
В этой статье рассматриваются привлекательные места Акмолинской области.  
 
SUMMARY 
The article deals with the sightseeing of Akmola region. 
 
 
 
ӘОЖ 373.1.02:372.891 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МҦНАЙ ӚНЕРКӘСІБІНІҢ ҚАЗІРГІ 
ЖАҒДАЙЫ МЕН ДАМУ БОЛАШАҒЫ 
 
Г.Ж.Сарманова – магистрант, К.Н.Мамирова – п.ғ.к., доцент  
(Алматы қ., Қазмемқызпу) 
 
Аннотация:  мақалада  Қазақстан  Республикасы  бойынша  мұнай  ӛнеркәсібінің  ең 
алғашқы  пайда  болған  аудандары,  негізгі  таралу  аймақтары    және  де  қазіргі  кездегі 
жағдайы айтылған. Қазақстан бойынша негізгі Атырау, Шымкент, Павлодар мұнай ӛңдеу 
заводтары  жайында  мағлұмат  берілген.  Қазақстан  мұнайының  экспорттық  бағытын 
дамыту  және  әртараптандыру  мақсатында  жобаларды  іске  асыру  үшін  негізгі  бағыттар 
кӛрсетілген. 
Түйін  сӛздер:  ЭЛОУ-АВТ-3,  АМӚЗ,  Еуро-4  стандарты,  ҚазТрансОйл,  СNODC 
компаниясы,  Петро  Қазақстан  Ойл  Продактс,  Атасу-Алашонькоу  мұнай  құбыры,  Баку-
Тбилиси-Джейхан мұнай құбыры. 


144  Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013 
 
Қазақстан  Республикасы  қазба  байлықтарының  кӛлемі  мен  мұнай  шикізатының 
қорлары бойынша әлем бойынша барынша кӛзге түседі. Кӛмірсутекті шикізаттың едәуір 
қорына ие болуда. Сараптаушылардың бағалауынша Қазақстанның болжамды мұнай қоры 
13  млрд.т.,  ал  оның  жер  астынан  алынатын  қоры  -2,76  млрд.т.,  бұл  жалпы  дүниежүзілік 
қордың  -  1,92%  құрайды.  Қазақстан  әлемде  мұнайдың  анықталған  қорынан  11,  ал 
болжамды  қорынан  12  орында.  Осы  заманғы  шаруашылық  мұнайсыз  мүлдем  қызмет 
атқара  алмайды.  Дамудың  «Қазақстандық  жолын»  қалыптастырған  егеменді 
мемлекетімізде  тәуелсіздік  алған  жылдар  ішінде  жүргізілген  сындарлы  саясаттың 
арқасында  экономикалық  және  әлеуметтік  ӛмірімізде  оңтайлы  ӛзгерістер  орын  алып, 
кӛптеген  жетістіктерге  қол  жеткізді.  «Алдымен  экономика,  содан  кейін  саясат»  деген 
ұстаным негізінде Қазақстан экономикасы озық қарқынмен дамып, бүгінде экономикалық 
даму  жағынан  ТМД-ның  барша  елдерінің  алдына  шықты.  Оның  ең  негізгі  ерекше 
факторлары болып ең алдымен дұрыс бағытта жүргізген саясаттың арқасы болса, екінші 
жағынан еліміздің орасан - зор жер асты қазба байлықтарына ие болуы екендігін ерекше 
атап  ӛтуіміз  керек.  Қазақстан  ӛзінің  жер  қойнауының  байлығымен  әйгілі  болып 
есептелінеді. Осыдан бір ғасырдан астам  уақыт бұрын 1899 жылы Қарашүңгілден алғаш 
мұнай  ашылуы,  іле  Доссор  және  Ембіде  Мақат  кен  орындарының  ӛмірге  келуі 
Қазақстанның болашақ экономикалық, отын-энергетикалық әлеуетін танытса, 1961 жылғы 
5  шілде  күні  Жетібайдағы  №6  ұңғымада  мол  мұнай  кӛзінің  ашылуы  туған  жеріміздің, 
республикамыздың  атақ  -  даңқын  асқақтата  түскен  аса  маңызды  оқиға  болды.  «Мұнай» 
сӛзі  «наф  ата»  деген,  парсы  тілінен  аударғанда  «ағып  жиналушы,  ағып  шығушы»  деген 
мағына береді [1]. 
Мұнайды  игеру  техникасымен  технологиясына  тоқталатын  болсақ,  мұнайды  алғаш 
ретте  ұңғымадан  атқылау  арқылы  ӛңдеп  ала  бастады.  Бұл  ӛңдеудің  алғашқы  сатысы 
болып табылады. Жер ұңғымасынан атқылап шыққан соң, соңына қарай атқылау процесі 
аяқталып,  оны  механикалық  тасымалдау  әдісіне  айналдырады  (насостың  кӛмегімен). 
Келесі кезеңде ұңғымадағы ӛнімді  қысым арқылы тасымалдау түрі біртіндеп бәсеңдейді. 
Барлығына  дерлік  ұңғымалар  механикалық  әдіспен  тасымалданады.  Осы  деңгейдің 
соңына  қарай  тасымалдауды  қажет  етпейді.Соңғы  кезеңінде  ӛңдеу  процесі  жүргізіледі. 
Судың  қоры  кӛп  болып  келсе,  мұнайды  ӛңдеу  кӛлемі  біршама  азаяды.  Тәжірибеге 
сүйенсек,  мұнайды  ең  кӛп  кӛлемде  ӛңдеу  жылына  8-10%  -  дан  аспау  қажет,  ал  орташа 
есеппен алғанда жылына 3-5%-ӛңделеді. Қазыналы ӛлке байлықтарын қысқа мерзімде, кең 
ауқымда  жедел  игеру  үшін  Қазақстандықтарға  Татарстанның,  Башқұртстанның, 
Әзірбайжанның,  Түркменстанның,  Краснодар  және  Ставрополь  ӛлкелерінің,  Куйбышев 
және басқа облыстардың мұнайшылары шақырылды [2]. 
 Жер 
қорларын 
пайдалану 
тәртібін 
бағыттаумен 
негізінен 
Қазақстан 
Республикасының  заңдарымен  халықаралық  шарттардың  қадағалануымен  жүзеге  асады. 
Ең  негізгісі:  1996  жылғы  «Жер  қорлары  туралы  заң»,  1995жылғы  «Мұнай  туралы  заң». 
Осы заңға да бірнеше рет ӛзгерістер енгізілді. Соның ішінде ең маңыздысы 1999 жылғы 
және  2004  жылы  желтоқсан  айындағы  мұнай  операциялары  кезіндегі  ӛнімді  бӛлу, 
келісімдер  туралы  «Мұнай  туралы  заңды»  атап  ӛтуге  болады.  2010  жылғы  1  наурызда 
Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  №153  қаулысымен  адам  ӛмірін  және  денсаулығын, 
жеке  заңды  тұлғалардың  мүлкін,  қоршаған  ортаны  қорғау  мақсатында  автомобиль 
бензиніне,  дизель  отынына  және  мазут  қауіпсіздігіне  қойылатын  талаптарды  белгілейтін 
«Бензин,  дизель  отыны  және  мазут  қауіпсіздігіне  қойылатын  талаптар»  техникалық 
регламенті  бекітілді.  Оның  аумағында  құрлықтағы  кен  орындарында  игерілетін 
кӛмірсутек  шикізатының  басым  бӛлігі  жылдық  ӛндірудің  ең  жоғары  деңгейлі  сатысына 
жетті.  Құрлықта  ӛндірудің  одан  әрі  ӛсуі  бірінші  кезекте  Теңіз  және  Қарашығанақ  кен 
орындарын игерудің жылдамдауына байланысты. 2012 жылдың аяғында Қарашығанақ кен 
орнын тәжірибелік-ӛнеркәсіптік іске асыруды бастау жоспарлануда. Бұл ретте ӛнімді бӛлу 
туралы  келісімге  Екінші  қосымша  шартқа  сәйкес  Қашаған  коммерциялық  ӛндірісінің 
басталуы  2013  жылдың  қазанына  дейін  ұзартылуы  мүмкін.  2015  жылы  мұнай  және  газ 


жүктеу 5,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау