АнЫҚтамалық энциклопЕдИя Алматы 2015 1-ТоМ



жүктеу 6,77 Mb.
Pdf просмотр
бет99/274
Дата01.01.2018
өлшемі6,77 Mb.
#6308
түріАнықтамалық
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   274

Г

107

ГЮЙГЕНС – ФРЕНЕЛЬ ПРИНЦИПІ



228

229


бұрыштың секунд. Градуспен шеңбер доғасы да өлшенеді (толық шеңбер 360°-қа 

тең).


ГРАММ (латынша және грекше «грамма – салмақтың кіші өлшеуіші») – СГС 

жүйесінде  массаның  негізгі  бірлігі,  Халықаралық  бірліктер  жүйесінде  (СИ) 

үлестік бірлік (0,001 кг), ең таза химиялық судың ең тығыз температурасында 

(жуық шамамен 4°С-та) 1 см

3

 көлемдегі массасы (0,2% дәлдікпен) 1 граммға тең.



...ГРАММА (грекше белгі – әріп, жазу) – күрделі сөздің жазу, графиктік бей-

нелеу деген ұғым беретін соңғы бөлігі.



Голограмма – заттық және тірек толқындарының қабаттасулары нәтижесінде 

пайда болатын және фотоматериалға түсірілетін интерференциялық сурет.



Дебайграмма – Дебай-Шеррер әдісі бойынша түсірілген поликристалдың 

рентгенграммасы. Бұл әдісті 1916 жылы голланд физигі Петер 



Дебай (1884 – 1966) 

мен швейцар физигі Пауль 



Шеррер (1890 – 1970) бірлесіп ұсынған.

Диаграмма  –  әртүрлі  мәнді  шамалардың  арасындағы  қатынасты  көрнекі 

көрсететін графиктік кескін.



Дифрактграмма – дифрактметрде фотоэлектрлік немесе иондандыру детек-

торымен тіркелген дебайграмма.



Интерферрограмма – интерферометрде сәуле жолдарының айырымын жатық 

(бірте-бірте) өзгерту тәсілімен алынған зертелмекші электрмагниттік сәулелердің 

қарқындылығының кез келген тәсілмен тіркелген модуляциясы.

Лауэграмма  –  үздіксіз  спектрлі  болатын  рентгендік  сәулелер  арқылы 

қозғалмайтын монокристалдың дифракциялық кескіні. Неміс физигі Макс 



Лауэнің 

(1879 – 1960) құрметіне аталған. Ол 1912 жылы рентгендік сәуленің кристалдардағы 

интерференциялық теориясын тұжырымдаған. Оның ұсынысы бойынша сол жылы 

оның отандас физиктері Вальтер 



Фридрих (1883 – 1968) пен Пауль Книппинг 

(1883–1935) кристалдарды дифракциялық тор ретінде пайдаланып рентгендік 

сәулелердің интерференциясын тәжірибе жүзінде дәлелдеген.

Рентгенграмма  –  рентгендік  сәулелермен  нысанды  (объектіні)  сәулелеу 

нәтижесінде пайда болған әлгі нысанның кескінін жарық сезгіш материалға түсіру 

(тіркеу).

Электронграмма – зерттелмекші зат шашыратқан электрондар тудыратын 

кескін.


Эпиграмма – кристалл мен рентген түтігінің арасында фотопленка орналасатын 

кезде түсірілетін лауэграмма.



ГРАММ-АТОМ – әрбір химиялық элементтегі зат мөлшерінің бірлігі. 1 грамм-

атом – сан жүзінде заттың атомдық массасына тең граммен өлшенген массасы. 




229

ГЮЙГЕНС – ФРЕНЕЛЬ ПРИНЦИПІ

228

229


Г

107

Мысалы, оттектің (атомдық массасы 16) грамм-атомы 16 г, уранның (атомдық мас-



сасы 238,03) грамм-атомы 238,03 г. т.б. Барлық элементтердің грамм-атомындағы 

атомдар саны өзара бірдей және ол Авогадро санына тең, яғни N

А

 = 6,022045·10



23

 

моль



-1

. Қазір қолданыстан шығып қалған. Мұның орнына моль бірлігі пайдала-

нылады.

ГРАММ-МОЛЕКУЛА,  моль  –  жай  немесе  күрделі  заттың  молекулалық 

массасына  теңбе-тең  алынған 



грамм  саны.  Мысалы,  күкірт  қышқылының 

молекулалық массасы 98,078, ал грамм-молекуласы 98,078 г-ға тең. Бүкіл заттың 

грамм-молекуласында 6,02252·10

23

 (грамм-молекуласында 6,022045·10



23

) молекула 

болады.

ГРЭЙ (Гр, Gy) – иондауыш сәуленің және  керманың жұтылған дозасының 

Халықаралық бірліктер жүйесіндегі (СИ) бірлігі. Ағылшын ғалымы А.



Грэйдің 

құрметіне аталған. 1 Гр массалы 1 кг затқа 1 Дж кез келген иондауыш сәуле берілген 

кездегі сәуле дозасына тең. 1 Гр = 1 Дж/кг = 104 эрг/г = 102 рад.

ГРЮНАЙЗЕН ЗАҢЫ – қатты дененің (тұрақты көлемі кезінде) жылулық ұлғаю 

коэффициентінің (α) жылусыйымдылыққа (С



v

) қатынасының температураға тәуелді 

болмайтындығын анықтаған заң. Жай кристалдық торлары болатын (көпшілік 

элементтер және бірқатар қосылыстар, мысалы галогенидтер үшін) кристалдар 

үшін: α/С

v

 = θ



Д

Vdθ

Д

/dр, мұндағы θ

Д

 – Дебай температурасы, V – дененің көлемі, 



р – қысым.

Бұл заңды 1908 жылы неміс физигі Эдвард 



Грюнайзен (1877 – 1949) эмпириялық 

жолмен анықтаған.



ГУК  ЗАҢЫ  –  серпімді  ортадағы  кернеулер  мен  аздаған  деформациялар 

арасындағы 



сызықтық тәуелділікті  өрнектейтін негізгі заңы. Бұл заңды 1660 

жылы  ағылшын  физигі  Роберт 



Гук (1635–1703) l ұзындықты және көлденең 

қимасы S шыбықты (стерженді) созған кезде шыбықтың Δl ұзаруы созушы Ғ-күшке 

пропорционал болатынын айғақтаған, яғни Δl = , мұндағы k = l/ES (Е – Юнг 

модулі). Гук заңын σ = Еε түрінде өрнектеуге болады, мұндағы σ = Ғ/S – көлденең 

қимадағы қалыпты кернеу, ε = Δl/l – шыбықтың салыстырмалы ұзаруы. Ығысу 

кезінде жанама кернеу τ ығысу деформациясына γ пропорционал болады. Яғни τ 

Gγ, мұндағы G – ығысу модулі.

Гук заңы сәл деформация кезінде көптеген қатты денелер үшін дұрыс болады 

және серпімділік теориясы үшін негізгі физикалық заң болып табылады.

ГЮЙГЕНС  –  ФРЕНЕЛЬ  ПРИНЦИПІ  –  толқындардың,  әсіресе  жарық 

толқындарының таралу есебін жуықтап шешу туралы әдісі. Бұл принципті 1678 




жүктеу 6,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   274




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау