АнЫҚтамалық энциклопЕдИя Алматы 2015 1-ТоМ



жүктеу 6,77 Mb.
Pdf просмотр
бет31/274
Дата01.01.2018
өлшемі6,77 Mb.
#6308
түріАнықтамалық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   274

А

79

АБСОЛЮТ БЕЙТАРАП БӨЛШЕК – АЭРОСТАТИКА



70

71

Джордж (Георгий) 



Гамов (1904 – 1968) және ағылшын физигі Рональд Герни 

(1899 – 1953) мен американ физигі Эдвард 



Кондон (1902 – 1974) ашқан, α-бөлшек 

ядродан ұшып шыққанда потенциалдық бөгеуілден өтуі керек. 



АМОРФТЫ  КҮЙ  (грекше  «аморфос  –  пішінсіз»)  –  қатты  заттардың 

изотроптық қасиеттермен сипатталатын қатты күйі. Температура жоғарылаған 

кезде аморфты зат біртіндеп жұмсарып сұйық күйге ауысады. Бұл ерекшелік  

аморфты күйдегі заттардың қатаң периодтылығының болмауына байланысты туған. 

Кристалдарға қатаң периодтылық тән (сұлбадағы а-жағдай). Аморфты күйдегі 

заттардағы  көрші  бөлшектердің  орналасуларында  [жақын  (таяу)  реттілік  деп 

аталған] сәйкестіктер бар (б-жағдай). Арақашықтық алшақтағанда бұл сәйкестік 

кемитін  болады,  бірнеше  тұрақты 

тор  қашықтығындай  аралықта  әлгі 

сәйкестік  мүлдем  жойылады.  Жақын 

реттілік  сұйықтарға  да  тән,  бірақ  та 



тұтқырлықтың  артуына  байланысты 

көршілес бөлшектердің орындарының 

ауысу қарқындылығы бәсеңдейтін бо-

лады. Сондықтан да аморфты күйдегі 

қатты денені тұтқырлық коэффициенті 

жоғары,  өте  салқындатылған  сұйық 

ретінде  қарастыруға  болады.  Кейде 

«аморфтық  күй»  ұғымын  сұйыққа  да  жалпылауға  болады.  Кристалдық  күй 



термодинамикалық төменгі температураларда тұрақты болады. Бірақ та крис- 

талдану үрдісіне молекулалардың «реттілікке келіп» үлгеруіне ұзақ уақыт қажет 

болуы мүмкін. Төменгі температураларда осы уақыт өте ұзақ болатындықтан, 

кристалдану  күйі  іс  жүзінде  іске  асырылмайды.  Сондықтан  аморфты  күй 

қорытпаны (балқыманы) тез салқындатқанда пайда болады. Мысалы, кристалл 

кварцты балқытып, соңынан балқыма тез салқындатылғанда 



аморфты кварцты 

әйнек пайда болады. Бірақ та өте тез салқындату көп жағдайда кристалданудың 

пайда болуына жеткіліксіз болады екен. Осының нәтижесінде көптеген заттарды  

аморфты күйде алу мүмкін болмайды. Солай бола тұрса да магниттік реттілігі 

бар бірқатар металдар-жартылайөткізгіштер алынған. Табиғатта аморфты күйдегі 

заттар  кристалдық  күйдегі  заттардан  аз  кездеседі.  Опал,  обсидиан,  янтарь, 

шайыр (смола), битум және полимерлер аморфты күйде бола алады. Аморфты 

полимерлердің құрылымы жақын (таяу) реттілікпен сипатталады. 

АМПЕР (А) – электр тогының Халықаралық бірліктер жүйесіндегі (СИ) бірлігі. 

Ол  вакуумда  бірінен-бірі  1  метр  арақашықтықта  орналасқан  көлденең  қима- 



Параллель  (а)  және  антипараллель  (б) 

қарапайым токтардың өзараәсерлесуі.


А

79

АБСОЛЮТ БЕЙТАРАП БӨЛШЕК – АЭРОСТАТИКА



70

71

сының ауданы өте кішкене шексіз ұзын екі параллел түзу өткізгіштен өзгермейтін 



2∙10

–7

Н ток күшіне тең. Француз физигі Андре 



Ампердің (1775 – 1836) құрметіне 

аталған. 1А = 3∙10

9

 СГСЭ бірлігі = 0,1 СГСМ бірлігі.



Ампер магниттік қозғаушы күштің де, Халықаралық бірліктер жүйесіндегі бірлігі 

де болып табылады. Мұның ескі атауы ампер-орам болатын. 1А = 0,4 π гильберт = 

= 4π∙3∙10

СГСЭ бірлігі.



АМПЕР ЗАҢЫ – бір-бірінен біраз қашықтықта орналасқан екі өткізгіштің 

шағын кесіндісінен өтетін екі тоқтың механикалық (пондеромоторлық) өзара әсер- 

лесу  заңы.  1820  ж.  француз  физигі  Андре 

Ампер  (1775  –  1836)  тұжырым- 

даған. 


Бір өткізгіш кесіндісіндегі токтың екінші бір өткізгіш кесіндісіндегі токқа  

әсер ететін және керісінше, екінші өткізгіш кесіндісіндегі токтың бірінші өткіз- 

гіш кесіндісіндегі токқа әсер ететін күштерінің абсолюттік шамалары тең, бірақ 

жалпы  жағдайда  осы  күштер 

бір  түзудің  бойында  жатпайды 

және  де  әсер  мен  қарсы  әсер 

принципін қанағаттандырмайды. 

Дербес  жағдайда,  егер  өткізгіш 

кесінділерінен өтетін токтар па-

раллель, әрі бағыттас болса, онда 

осы  өткізгіштердегі  токтардың 

өзараәсерлесу  күштері  өткізгіш 

кесінділерін бір-біріне жақындатуға әрекеттенеді, ал егер өткізгіштерден өтетін  

токтар параллель әрі қарама қарсы бағытта болса, онда өткізгіштердегі токтар өз- 

дері өтіп тұрған өткізгіштерді бір-бірінен алшақтатуға әрекеттенеді. Өткізгіш- 

терге әсер ететін күштердің бағыттары бұранда ережесі бойынша анықталады. 

Тұрақты ток жағдайында өткізгіштен өтетін токтың жеке бөлігін оқшаулау- 

ға болмайды, оның себебі тұрақты ток тізбегі әрқашанда тұйықтаулы болады. 

Тәжірибе  жүзінде  тек  тұйықталған  бір  токтың  екінші  бір  тұйықталған  токқа 

тигізетін әсер күшін немесе бір токқа екінші токтың электр өрісінің тигізетін  

күшін ғана өлшеу мүмкін болады. Осы күш токтың әрбір бөлігіне екінші токтың 

магнит өрісі (сонымен қатар магнит өрісі токтың бүкіл бөлігі үшін қорытқы күш 

болып есептеледі) тарапынан әсер ететін күштердің векторлық қосындысына тең 

болады. Тұйық токтардың өзараәсерлесуінің әрекеттері тиетін күштер үшін әсер 

мен қарсы әсердің тепе-теңдік принципі тура (ақиқат) болады. Ампер заңы негізінде 

Халықаралық бірліктер жүйесінде (СИ-де) ток күшінің эталоны белгіленген. 

Параллель (а) және антипараллель (б) қарапайым 

токтардың өзараәсерлесуі.



жүктеу 6,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   274




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау