АнЫҚтамалық энциклопЕдИя Алматы 2015 1-ТоМ



жүктеу 6,77 Mb.
Pdf просмотр
бет39/274
Дата01.01.2018
өлшемі6,77 Mb.
#6308
түріАнықтамалық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   274

А

79

АБСОЛЮТ БЕЙТАРАП БӨЛШЕК – АЭРОСТАТИКА



88

89

Гелий кез келген тұсынан қыздырылатын болса, әлгі тұстағы қалыпты гелийдің 



тығыздығы артатын болады. Сол себепті асқынаққыш бөлік қыздырылған тұсқа 

қарай ағатын, ал қалыпты гелий шоғырлануын (концентрациясын) теңгеру және 

температураның тұрақтылығын қалпына келтіру үшін кері бағытқа қарай ағады. 

Мына  тәжірибе  осы  жайтқа  негізделген.  Капилляр  түтіктің  кеңейген  төменгі 

жағында күңгірт түсті ұнтақ бар, осы түтік сұйық гелийге батырылған. Ұнтақ 

жарықпен сәулеленген кезде қызады, гелийдің қалыпты бөлігі астауға ағады, ал 

асқынаққыш гелий кері бағытқа қарай ағып, түтіктің ашық ұшынан бұрқақ (фон-

тан) болып (30 см биіктікке дейін) шапшиды. 

Асқынаққыштықтың  салдарынан 

қатынас  емес  ыдыстардағы  гелийдің 

деңгейлері  әрдайым  бірдей  деңгейде  теңгерілетін  болады.  Ыдыстың  беті 

гелийдің өте жұқа пленкалы қабатымен (қалыңдығы 100 атом қабатына тең шама-

лас) қапталатын болады. Осы қабат тұтқырлықсыз қозғалады. Егер гелий құйылған 

пробирка сұйық гелий деңгейінен жоғары көтерілген болса, ондағы бүкіл гелий 

міндетті түрде одан ағып шығатын болады. 

Асқынаққыштық  ұжымдық  эффект  болып  табылады.  Гелий  атомдарының 

спиндері бүтін (нөл) сандар болады, сондықтан бірдей күйлерде шоғырланады. 

Осының нәтижесінде әрбір бөлшектің кванттық қасиеттері күшейетін болады. 

Спиндері бүтіннің жартысына тең бөлшектерден құралған жүйелерде, мысалы, 

электрондарда, нейтрондарда немесе протондарда керісінше, бөлшектерге бірдей 

күйлерде болуға тыйым салатын Паули принципі әсер етеді. Осындай жүйелерде 

әдетте асқынаққыштық байқалмайды. Бірақ та осы жағдайда олар бүтін спинді 

бөлшектер жұп құрып бірігуі және асқынаққыштық күйге көшуі (ауысуы) мүмкін. 

Бос электрондардың металдарда жұп құруы электрондық сұйықтық асқынаққыштық 

күйге көшуіне әкеп соқтырады. Нәтижесінде электр тогы шығынсыз ағатын бола-

ды. Бұл құбылыс асқынөткізгіштік болып табылады. Гелий Не

3

-тің изотопының 



атомдары үш бөлшектен құралған (екі протоннан және бір нейтроннан), атомның 

жалпы спині бүтін санның жартысына тең. Сондықтан әдеттегі жағдайларда Не

3

 

қалыпты сұйық, тек өте төменгі температураларда (Кельвин градусының мыңдық 



үлесіндей) атомдар жұптасады және асқынаққыштық күйге көшеді. 

АСҚЫНДЫБЫСТЫҚ АҒЫС –  қ. Дыбыстан асқын ағыс.

АСҚЫНДЫБЫСТЫҚ  ЖЫЛДАМДЫҚ,  дыбыстан  шапшаң  жылдам- 

дық – қозғалыстағы ортаның немесе дененің берілген ортада дыбыстың таралу 

жылдамдығынан шапшаң қозғалысы.



АСҚЫНКЕРНЕУ – электр кернеуінің ток тұтынатын қондырғылардың токтан 

оқшаулағыш бөліктеріне (қабаттарына) қауіп төндіретін шамаға дейін күрт артады. 




А

79

АБСОЛЮТ БЕЙТАРАП БӨЛШЕК – АЭРОСТАТИКА



88

89

Асқынкернеу ішкі (ажыратып-қосу тетіктеріндегі) және сыртқа (атмосфералық) 



болып екі түрге топталған. Ішкі асқынкернеу өтпелі үрдістер кезінде электр- 

энергетикалық жүйелерде (қысқатұйықталу, жүйені токтан ажыратқанда, т.б.) 

пайда болады. Атмосфералық асқынкернеудің найзағай разрядының салдарынан 

да туындауы мүмкін.



АСҚЫНӨТКІЗГІШТЕР – белгілі бір кризистік (шұғыл өзгерістік) темпера-

турадан (Т



к

) төменгі температураға дейін суытқан кезде электрлік кедергісі нөлге 

дейін кемитін, яғни асқынөткізгіштік байқалатын заттар. Кризистік температура- 

ның  (Т



к

)  мәні  барлық  белгілі  асқынөткізгіштер  үшін  сұйық  сутек  пен  сұйық 

гелийдің (сутектің қайнау температурасы Т

қат

 = 20,4 К) болу температурасының 

диапазонында жатады. Si, Ge, Bi – элементтері қысым түсіріліп салқындатылғанда 

асқынөткізгіштерге ауысады. Көптеген металл қорытпалары мен қосылыстары, 

бірқатар күшті легирленген жартылайөткізгіштер әлгіндей қасиетке ие болады. 

Бірқатар асқынөткізгіштердің жекелеген құраушылары немесе кейде барлығы 

өздігінен асқынөткізгіштер болмайды. Асқынөткізгіш бола алатын полимерлер 

де ашылған. 

Асқынөткізгіштердің  қасиеттерін  сипаттайтын  маңызды  параметр-магнит 

өрісінің  кризистік мәні –  Н



к

, осы мәннен жоғары асқынөткізгіштер қалыпты 

(асқынөткізгіш емес) күйге ауысады. Т ≥ Т

к

 болған кезде асқынөткізгіштер темпе-

ратура атрқанда Н

к

 мәні монотонды түрде төмендеп нөлге дейін кемиді. 

Асқынөткізгіштер магниттік қасиеттері бойынша: 1-текті және 2-текті деген екі 

топқа ажыратылады. 1-текті асқынөткізгіштерге көптеген таза металдардан жасалған 

өткізгіштер, ал 2-текті асқынөткізгіштерге кризистік температурасы (Т

к

) жоғары 

көптеген қосылыстар мен легирлеуіш қоспалары болатын қорытпалар жатады. 

АСҚЫНӨТКІЗГІШТІК  –  көптеген  өткіз- 

гіштердің берілген материалға тән кризистік тем-

пературасынан (шұғыл өзгерістік) (Т

к

) – төменгі 

белгілі  бір  температураға  дейін  суытылғанда 

электрлік  кедергісінің  секірмелі  түрде  нөлге 

дейін  кему  қасиеті.  Бұл  құбылыс  25-тен  астам 

металл  элементтерден,  көптеген  қорытпалар 

мен  интерметалдық  қосылыстардан,  сондай-ақ 

бірқатар жартылайөткізгіштер мен полимерлерден 

байқалған.  Nb

3

Ge  қосылысында Т



к

  –  кризистік 

температурасының мәні ең үлкен (жуық шамамен 

23 К). 


1-сызба.  Сынап  (Hg)  пен  плати- 

на  (Pt)  кедергісінің  (R)  темпера- 

тураға  (Т)  тәуелділігі.  Сынап 

Т=4,15  К  температурада  асқын- 

өткізгіштік күйге ауысады


жүктеу 6,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   274




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау