АнЫҚтамалық энциклопЕдИя Алматы 2015 1-ТоМ



жүктеу 6,77 Mb.
Pdf просмотр
бет263/274
Дата01.01.2018
өлшемі6,77 Mb.
#6308
түріАнықтамалық
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   274

л

32

ЛАВАЛЬ СОПЛОСЫ – ЛЮМИНОФОР



607

3-сызба.  Шашыратқыш  линзадағы  кескін- 

дерді салу

4-сызба.  Жинақтағыш  линза  шығаратын 

кескіндерді салу: а – шын кескін; б – жорымал 

кескін

Айналық (тегіс) беттен және кедір-бұдыр беттен 

шағылу

шоққа түрлендіретін оптикалық линза.



Жіңішке  линза  –  қалыңдығы 

сфералық беттерді шектейтін қисықтық 

радиустармен салыстырғанда кіші бо-

латын сфералық линза.



Қалың  линза  –  қалыңдығы 

сфералық  беттерді  шектейтін 

қисықтық радиустармен салыстырғанда өлшемдес болатын сфералық линза.

Магниттік  линза  –  зарядталған  бөлшектерді  магниттік  өрістер  арқылы 

фокустауға арналған құрылғы.



Оптикалық  линза  –  заттардың 

оптикалық кескіндерін түзе алатын, 

жарық сәулелерін сындыра алатын екі 

бетпен шектелген мөлдір дене.



Шашыратқыш линза – жарықтың 

параллель  шоқтарын  шашыраған 

шоқтарға  түрлендіретін  оптикалық 

линза.


Сфералық линза – сфералық бет-

термен шектелген оптикалық линза. 



Ұжымдық линза – көлбеу жарық 

шоқтарының  таралуын  азайтуға 

арналған  жазық-дөңес  жинақтағыш 

оптикалық линза.



Электрстатикалық линза – 

зарядталған  бөлшектер  шоғын 

электрстатикалық  өріс  арқылы 

фокустауға арналған құрылғы.



ЛИССАЖУ  ПІШІНДЕРІ – 

нүктенің бір мезгілде өзара пер-

пендикуляр бағыттарда екі гармониялық тербеліс жасауы кезінде сызылатын тұйық 

траектория. Бұл сызықты 1855 жылы алғаш рет француз физигі Жюль 



Лиссажу 

(1822–1880) зерттеген. Бұл пішіндердің түрлері екі тербелістің периодтарының 

(жиіліктерінің), фазаларының және амплитудаларының арасындағы қатынастарға 

тәуелді. Қарапайым жағдайда екі период тең болса, Лиссажу пішіні фазасы φ=0 

тең немесе φ =π болған кезде түзу сызық кесіндісі, ал φ=π/2 болған кезде және 



л

32

ЛАВАЛЬ СОПЛОСЫ – ЛЮМИНОФОР



608

Периодтары  әр  қилы  қатынастар  (1:1,  1:2, 

т.б.)  және  әртүрлі  фазалар  кезіндегі  Лис- 

сажу пішіндерінің (фигураларының) түрлері

амплитудалары  өзара  тең  болғанда 

шеңберге айналады (сызбаға қараңыз). 

Егер  де  екі  тербелістің  периодтары 

дәл үйлеспейтін болса, онда φ ылғи 

өзгерісте болады, осының салдарынан 

эллипс үздіксіз түрде деформацияла-

натын болады. Тербелістердің пери-

одтары әртүрлі болған кезде Лиссажу 

пішіндері тұйық қисықтар болмайды, 

бірақ  егер  периодтар  бүтін  сандар 

ретіндегі қатынас болса, онда уақыт 

аралығы  ең  кіші  ортақ  еселікке  тең 

болса, қозғалыстағы нүкте қайтадан 

едәуір  күрделі  Лиссажу  пішіндерін 

сыза бастайды. 

Егер екі жұп бұру пластинкаларына бірдей немесе периодқа еселік болатын 

айнымалы кернеу түсірілсе Лиссажу пішіндерін, мысалы, электронды-сәулелік 

осциллографтың экранынан байқауға болады.

Лиссажу пішіндерін байқау – тербелістердің периодтарының және фазаларының 

арасындағы қатынастарды, сондай-ақ тербелістер пішіндерін зерттеудің ыңғайлы 

әдісі болады. 



ЛИТР (грекше «литра – салмақ бірлігі») (л, l) – метрлік жүйедегі көлемнің 

және сыйымдылықтың өлшеуіші; 1 л = 1 дм

3

 = 0,001 м



3

=1000 см


3

, яғни 1000 мл. 



ЛИХТЕНБЕРГ  ПІШІНДЕРІ  –  диэлектриктің  және  газдың  разрядтық 

аралығындағы ажыратылу шекарасында пайда болатын сырғымалы ұшқындық 

разряд  кезінде  қатты  диэлектриктің  бетінде  жайылып  жататын 

ұшқындық 

арналардың таралу суреттері. 1777 жылы неміс физигі Г.К.Лихтенберг алғаш рет 

байқаған. Күшті разрядтағы ұшқындық разрядтық арналарда жоғары қысым мен 

температура  диэлектриктің  бетінде 

Лихтенберг пішіндерін түсіріп 



дефор-

мациялайды. Лихтенберг пішіндерін 

әлсіз  разряд  кезінде  диэлектриктің 

бетіне  арнайы  ұнтақ  сеуіп  немесе 

разряд  кезінде  диэлектрик  қабаттың 

астына  салынған  фотопластинканы 

айғақтап  көрінетін  кескін  шығаруға 



 Лихтенберг пішіндері: а – оң сырғымалы разряд 

кезіндегі; б – теріс сырғымалы разряд кезіндегі


л

32

ЛАВАЛЬ СОПЛОСЫ – ЛЮМИНОФОР



609

болады. Лихтенберг пішіндері анод пен катод аймағында жақсы көрінеді, сол 

себепті ұшқындық арнаның (разрядтың полярлығын) бұлардың қай электродынан 

таралып тұрғанын анықтауға болады. Лихтенберг пішіндері арнайы құрылғыларда 



найзағай разрядының полярлылығын және күшін анықтау үшін пайдаланылады.

ЛОГОМЕТР [ грекше «логос – сөз», мұнда бұл сөз «ара қатынас» мағынасында 

+ «метрео – өлшеймін» ] – қозғалмалы (бұрылу бұрышы) бөлігі салыстырыла-

тын екі электр ток күшінің қатынасына пропорционал электрөлшегіш механизм. 

Магнитэлектрлік, электрдинамикалық, ферродинамикалық, электрмагниттік жүйелі 

логометрлер қолданылады. Сызбада магнитэлектрлік 

логометрдің құрылысы көрсетілген; көрсеткіш стрелка 

бекітілген қозғалмалы бөлікке (3) айналдырғыш момент 

әсер етеді, оның шамасы М

1

 және М



2

 моменттерінің 

айырымына тең, бұл момент қозғалмалы бөлікке қатаң 

бекітілген жақтаулар (1 мен 2) арқылы өтетін токтардың 

өзара әсерлесуінен пайда болады, 1 және 2 жақтауларға 

тұрақты магниттің (4) өрісі әсер етеді. Жақтаулар (1 және 

2) сыртқы электр тізбегімен моментсіз ток әкелушімен 

байланысқан. Жақтаулар бұрылған кезде моменттердің 

біреуі кемитін, екіншісі артатын болады. М

1

=М



2

 болған кезде тепе-теңдік орнайды, 

қозғалмалы бөліктің бұрылу бұрышы бойынша логометрдің жоқтауларынан өтетін 

токтардың қатынасы туралы пікір айтуға болады.

Логометр электр тогы күштерінің қатынасын тікелей өлшеу аспабы ретінде 

пайдаланылумен қатар электр тізбектерінің әрекетсіз (пассивті) параметрлерін 

(кедергіні, сыйымдылықты, индуктивтілікті) өлшеуге арналған аспаптардың не- 

гізгі құрама бөлігі ретінде де, сондай-ақ электрлік емес шамаларды электрлік 

әдістермен (деңгей өлшегіш, шығын өлшегіш, т.б.) өлшеу үшін де қолданыс тапқан.

ЛОКАЛДАУ [ (латынша «локилис - жергілікті») – белгілі бір орынға тән ету, 

әсер аймағын шектеу, кез келген құбылысты немесе үрдісті (процесті) тарату 

(мысалы, өртті локалдау – өртті сөндіру) ].

ЛОКАЛДЫ ӨЗАРАӘСЕРЛЕСУ – бір өрістің (υ) кеңістіктік – уақыттың х 

нүктесіндегі тәртібін әлгі нүктенің өзге өрісінің (и) (оның туындысының шекті 

санымен)  мәнімен  анықталуы  кезіндегі  өрістер  арасындағы  өзараәсерлесу. 

Локалды өзараәсерлесудің мысалына х нүктесіндегі электронның тәртібі әлгі 

нүктедегі электрмагниттік өрістің потенциалымен анықталатын электрдинами- 

каны жатқызуға болады.



 


жүктеу 6,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   274




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау