АнЫҚтамалық энциклопЕдИя Алматы 2015 1-ТоМ



жүктеу 6,77 Mb.
Pdf просмотр
бет259/274
Дата01.01.2018
өлшемі6,77 Mb.
#6308
түріАнықтамалық
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   274

л

32

ЛАВАЛЬ СОПЛОСЫ – ЛЮМИНОФОР



598

Бірсатылы  сұлбада  изотоптарды  лазерлік  ажырату  қуатты  лазерлік  сәуле 

атомдардың немесе молекулалардың ауысуы кезінде қасиеттерін белгілі бір ша- 

мада өзгертеді. Осы жағдайларда қоздырылған молекулаларды ажырату үшін 

энергиясы қоздырылған кванттың шамасына тең өзараәсерлесуді пайдалану қажет.

ЛАЗЕРЛІК ПЛАЗМА – қуатты лазерлік сәулені фокустау (тоғыстау) әсерінен 

газдардың иондалуының дамытылуы кезінде пайда болатын плазма. Атмосфералық 

қысым кезінде газдарды 

жарықтың тесіп өтуі кезіндегі (лазерлік ұшқында) пайда 

болатын лазерлік плазманың температурасы ~2·10

4

 К-ге тең, яғни ол төменгі тем-



пературалы плазма болады. Оптикалық жиілікке тән энергияның кеңістік арқылы 

емін-еркін таралуының қолданыста маңызы бар. Оптикалық разрядтың әсер ету 

аймағын шектеп жарықтылығы күшті жарық көзі ретінде пайдалануға болады; 

үздіксіз плазма ағынын туғызуға болады; қатты нысананы немесе тоғысталған 

қуатты лазер сәулесімен сығылған газды сәулелендіру кезінде жоғары температу-

ралы (~10

К) және тығыз плазма пайда болады, мұндай плазмамен термоядролық 



реакцияларды тудыру мүмкін болады.

ЛАЗЕРЛІК  СӘУЛЕ  –  лазер  шығаратын  (тарататын)  негізінен  оптикалық 

диапазондағы толқын ұзындықты электрмагниттік сәуле; өзгедей жарық көзінен 

таралатын сәулелерден айырмашылығы жоғары дәрежелі когерентті, шоғының 

шашыраңқылығы аз, спектрлік жарықтылығы жоғары және монохроматты сәуле. 

Белгілі бір жағдайда лазер сәулесінен жалғыз ғана спектрлік құраушысын ажыра-

тып алуға (бір ғана жиілікті генерациялық режимді жүзеге асыру) болады. Жалғыз 

жиілікті режимдегі лазерлік сәуленің спектрлік сызықтарының ені атомдардың 

өздігінен сәуле шығаруындағыдан әлдеқайда кіші болады.

Лазерлік  сәуленің  когеренттілігінің  ұзындығы  бірнеше  мың  км-ге  жетеді, 

когеренттілік уақыты – секундтық үлестерінен аз; квазимонохратты сәуленің табиғи 

көздері үшін әлгі шамаларға ұқсас шамалардан 10

9

 есе кем болады.



Лазерлік сәулелерді оптикалық жүйелер арқылы өте шағын өлшемді ауданға фо-

кустау (тоғыстыру) мүмкін болады: Осының нәтижесінде қуаттың тығыздығы үлкен 

мәнге ие болады: үздіксіз әсерлі лазерлік сәулелерде 10

Вт/см



2

-қа, импульстік ре-

жимде – 10

15

 Вт/см-қа дейін артады. Лазерлік сәуленің локалдік әсері электрондық 



есептеуіш  машиналардың  оптикалық  осындай  қуатты  сәулемен  металдарды 

балқытуға  және  буландыруға  болады.  Қысқа  импульсті  лазерлік  сәулелермен 

қатты және газтәрізді орталарға әсер ету арқылы оларды иондандыруға, заттар 

бетінен электрондар эмиссиясын тудыруға, плазманың пайда болуына, қуатты 

жарқыл – лазерлік ұшқын шығаруды жүзеге асыруға мүмкіндік жасайды. Лазерлік 

сәулелердің когеренттілігі мен монохроматтығы лазерлік интерферометрлерде, 

лазерлік спектрскопияда, оптикалық байланыс жүйелерінде пайдаланылған. Қысқа 



л

32

ЛАВАЛЬ СОПЛОСЫ – ЛЮМИНОФОР



599

және асақысқа лазерлік импульстер (ұзақтығы 10

–14

 секундқа тең) оптикалық лока-



цияда және жарықпен қашықтық анықтауыштарда, өте шапшаң өтетін үрдістерді 

зерттеу кезінде, т.б. кеңінен қолдау тапқан.

Лазерлік сәулелердің резонанстық әсерлері изотоптарды ажыратудың; аралас-

құралас және резонанстық шашыратудың, деполярландырудың, аса таза заттар 

алудың, т.б. негізіне алынған. 

ЛАЗЕРЛІК СПЕКТРСКОПИЯ (латынша «спектрум – көрінетін» + грекше 

«скопия – қараймын») – оптикалық спектрскопияның әдістері лазерлік сәулені 

пайдалануға негізделген саласы. Лазерлердің монохроматты сәулелерін қолдану 

атомдар мен молекулалардың белгілі энергия деңгейлері арасындағы кванттық 

ауысуларды қолдануға жағдай жасауға мүмкіндік береді (лазерлік емес жарық 

көзін пайдаланушы спектрскопияда атомдар мен молекулалардың аса көп санды 

кванттық күйлерінің ауысулары нәтижесінде пайда болатын спектрлерді зерттейді). 

Жиілікті қайта құратын лазерлердің пайда болуымен лазерлік спектрскопияда жаңа 

принципті мүмкіндікке ие болды. Жиілігін қайта құра алатын лазерлердің жоғары 

монохроматтылықты  сәуле  шығаруы  заттардың  шын  формасының  спектрлік 

сызықтарын бұрмаламай өлшеуге мүмкіндік жасады. Осы жайт инфрақызыл сәуле 

аймағындағы газдар спектрскопиясы үшін ерекше маңызды.

Лазерлік сәулелердің сызықтық емес лазерлік спектрскопиялық әдістерінің 

негізіне жатқан уақыттық және кеңістіктік когеренттілік газдағы бөлшектердің 

жылулық қозғалысы тудырған әдеттегі доплерлік тарылтылумен жасырылған 

спектрлік сызықтардың құрылымын зерттеуге мүмкіндік береді.

Лазерлік  сәуленің  жоғары  монохроматтылығы  мен  когеренттілігі  негізгі 

 күйдегі бөлшектердің көпшілігін қоздырылған күйге ауыстырады. Осы жайт 1 см

3

 

заттағы атомдар мен молекулаларды тіркеу сезгіштігін арттырады. 10



2

 атомдардағы 

немесе 10

10

 молекулалардағы қоспаларды тіркеуге мүмкін болады.



ЛАЗЕРЛІК ТЕЛЕВИЗИЯ – телевизиялық қабылдағыштың (теледидардың) 

экранында  телевизиялық  кескін  лазерлік  сәуле,  түрлі  түсті  телевизияда  –  үш 

сәуле (қызыл, жасыл және көк түсті) арқылы қайта жаңғыртылып көрсетілетін 

телевизиялық  жүйе.  Телевизиялық  қабылдағышта  әдеттігі  телевизиялық 

қабылдағыштағыдай  электрондық-сәулелік  кинескоптағыдай  лазерлік  теле- 

дидардың экранында лазерлік сәуленің жаймалануы кезінде кескін сигналының 

қарқындылығы  бойынша  модуляцияланған  кескін  пайда  болады.  Әдетте 

лазерлік сәулені жаймалау үшін акустикалық немесе электрондық-оптикалық 

дефлекторлардың айналғыш айналарының жүйелері пайдаланылады. Лазерлік 

теледидарлардағы  шектік  ажыратқыштық  қасиеті  лазерлік  сәулені  басқару 

құрылғыларындағы жарықтың дифракциясымен анықталады және ол 1000 сызық/



жүктеу 6,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   274




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау