л
32
∑
ЛАВАЛЬ СОПЛОСЫ – ЛЮМИНОФОР
600
мм-ге дейін жетеді. Лазерлік сәуле көзі ретінде әдетте ионды лазерлер (көк және
жасыл түстер шығару үшін аргонды, ал қызыл сәуле үшін – криптонды лазерлер)
пайдаланылады. Түрлі түсті кескін шығару үшін
үш монохроматты (қызыл, жасыл
және көк түсті) түсті өзара бірінің үстіне бірін қабаттастыру арқылы кескінді ортақ
бір экранға үш квантскоптың (активті бөліктерінен ортақ бір экранға) проекция-
лап түсіру арқылы жыңғыртып көрсетуге болады. Лазерлік телевизияның ерекше
артықшылығы кескіндердегі түстердің қанықтылығы жоғары, лазерлік сәуленің
монохроматтылығы, түстердің көрсетілу сапасын арттырады.
ЛАЗЕРЛІК ҰШҚЫН, жарықтық тесу – заттардың қарқынды ионда-
луы нәтижесінде оптикалық жиілікті электрмагниттік өрістердің әсерінің
нәтижесінде плазмалық күйге ауысуы. Лазерлік ұшқын алғаш рет 1963
жылы модуляцияланған сапалық (төзімділік) режимде жұмыс істейтін рубин
кристалындағы қуатты импульстік лазерлік сәулені ауада фокустау (тоғыстау)
кезінде байқалған. Лазерлік ұшқын кезінде линзаның фокусында ұшқын пай-
да болады, бұл эффектіні бақылаушы күшті дыбыспен қосақтасқан
жарық
жарқыл ретінде қабылдайды.
Оптикалық жиіліктердегі газдардың тесуі (ұшқынның шығуы) үшін өте
күшті 10
6
– 10
7
В/см шамасындағы электр өрісі қажет, бұл лазер сәулесіндегі
~10
9
–10
11
Вт/см
2
жарық ағынына сәйкес келеді (асажоғары жиілікті-тесу өріс
кернеулігі ~10
4
В/см кезінде жүзеге асады). Лазерлік ұшқынның пайда болуының
екі тетігінің болуы мүмкін. Бұлардың біріншісінің табиғаты онша үлкен емес
жиілікті өрістердегі газдардың тесуінен айырмашылығы жоқ. Екіншісі кванттық
табиғаты оптикалық жиілікке тән. Электрондар атомдардан көпквантты фото-
эффект нәтижесінде, яғни бірнеше фотонның бірмезгілде жұтылуы кезінде бө-
лініп шығады. Бір кванттық фотоэффект көрінетін сәуле диапазон жағдайында
мүмкін емес, оның себебі атомдардың иондалуының потенциалы кванттың
энергиясынан бірнеше есе артық. Мысалы, рубин лазерінің фотондарының
энергиясы 1,78 эВ-қа тең, ал аргонның иондалу потенциалы 15,8 эВ-қа тең,
яғни электронның бөлініп шығуына 9 фотон қажет. Әдетте көпфотонды
үрдістің ықтималдығы аз. Лазерлік ұшқын тек жарықтың әсерінен атомдардан
электрондардың тікелей жұлынып шығуы есебінен ғана мүмкін болады. Бұл тек
өте күшті жарық өрістерінде >10
7
В/см-де ғана мүмкін. Жоғары қысым кезінде
лазерлік ұшқын әлдеқайда әлсіз өрістерде байқалады. Лазерлік ұшқынның барлық
тетігі күрделі әрі көптүрлі.
Лазерлік ұшқын конденсацияланған орталарда да қуатты лазерлік сәулелер
таралған кезде байқалады және лазерлік құрылғылардағы оптикалық бөліктердің,
материалдардың бүлінуінің (қирауының) себебі болуы да ықтимал.
л
32
∑
ЛАВАЛЬ СОПЛОСЫ – ЛЮМИНОФОР
601
ЛАМБЕРТ (
Лб) –
жарықтылықтың жүйеден тыс бірлігі. Ол негізінен АҚШ-
та қолданылады. 1 Лб = 3,18·10
3
кд/м
2
= 0,318 стильб = 10
4
апостильб. Неміс
физигі, астрономы әрі математигі Иоганн
Ламберттің (1728–1777) құрметіне
аталған.
ЛАМБЕРТ ЗАҢЫ – жарықты шашырататын (диффузиялық) беттің (ΔS)
жарықтылығы (L) бүкіл бағытта бірдей болатындығы туралы заң. Бұл заңды
1760 ж. неміс ғалымы Иоганн
Ламберт (1728 – 1777) тұжырымдаған. Бұл заңның
анықтамасынан жарық шамаларының жарқырауы (М) және жарықтылықтың (L)
арасында мынадай қарапайым қатынас шығады: М =πL; жазық беттің оның өзіне
перпендикуляр (І
о
) бағыттағы шашыратқыш беттің θ(І
о
) бұрыш жасай орналасқан
беттердің арасындағы жарық күші: І
ө
= І
о
·cos θ-ға тең. Осы соңғы өрнектен әлгіндей
беттің жарық күші бетке перпендикуляр бағытта максимал, ал θ бұрыш артқан
сайын кемитін, бетке жанама бағытта нөлге тең болады.
Шындығында тек аздаған нақты денелердің шашырататын жарығы сәл
ғана ауытқуымен Ламберт заңына бағынады. Мұндай беттерге магний тотығы,
күкіртқышқыл барийлі, гипс жалатылған беттер жатады; бұлдыр орталар-
дан – ағартылған әйнек, кейбір бұлттар типі; өздігінен жарқырауық сәуле
шығарғыштардан – абсолют қара дене, ұнтақ тәрізді люминофорлар жатады.
ЛАМЕ ТҰРАҚТЫСЫ – изотропты материалдардың серпімділік қасиеттерін
сипаттайтын шама. Француз математигі әрі инженері Габриель
Ламенің (1795–
1870) құрметіне аталған.
ЛАМИНАРЛЫҚ АҒЫС (латынша «ламина – пластинка, жазық») –
сұйықтың немесе газдың ағыс бағытына параллель қабаттар секілді жылжуы
кезіндегі реттелген ағысы. Бұл ағыс өте
тұтқыр сұйықтарда немесе едәуір
баяу жылдамдық кезінде, сондай-ақ сұйықтың шағын өлшемді денелерді баяу
орағытып ағуы кезінде пайда болады. Дербес жағдайда ламинарлық ағыс жіңішке
(капиллярлық) түтіктерде, подшипниктердің майлы қабатында,
денелерді сұйық
немесе газ орағытып аққан кезде дене беті маңайындағы шекаралық қабатта
байқалады. Сұйықтың жылдамдығы артқанда ламинарлық ағыс белгілі бір кезеңде
турбуленттік ағысқа айналады. Сол кезде бұл ағыстың барлық қасиеттері, атап
айтқанда, ағынның құрылымы, жылдамдық профилі, кедергі заңдары едәуір
өзгеріске ұшырайды. Сұйық ағысының режимі Рейнольдс санымен (Rе) сипат-
талады. Rе-нің шамасы, белгілі бір кризистік мәннен (Rе
кр
) кіші (Rе<Rе
кр
) болса,
онда сұйық ағысының режимі ламинарлық ағысқа, ал Rе>Rе
кр
болса, онда сұйық
ағысының режимі
турбуленттік ағысқа жатады.
Rе
кр
-нің мәні қарастырылып
отырған ағыстың түріне тәуелді болады. Дөңгелек құбырлардағы ағыс үшін
Rе
кр
≈2300. Сондықтан Rе<2300 болғанда құбырдағы ағыс ламинарлық ағыс болып