Д
100
∑
ДАҚ – ДЮФУР ЭФФЕКТІСІ
284
285
аймағы төменгі жағынан шектелмеген. Серпімді толқынның ұзындығы газдағы
молекулалардың еркін жолының ұзындығынан едәуір үлкен, сондай-ақ сұйықтар
мен қатты денелердің атомаралық қашықтығынан да артық болуы тиіс. Сондықтан
ауада 10
9
Гц және одан да жоғары, ал қатты денелерде 10
12
– 10
13
Гц-тен жоғары
жиіліктегі гипердыбыс тарай алмайды.
Дыбыстың қарапайым гармониялық тербелістерге (дыбысты жиіліктік
талдауда) жіктеу нәтижесінде алынатын оның спектрі дыбыстың маңызды си-
паттамасы болады. Есту бойынша қабылданатын негізгі жиілік –
дыбыстың
жоғарылығын, ал гармониялық құраушылардың негізгі жиілігі – дыбыстың
әуезділігін (тембрін) анықтайды. Дыбыстық тербелістің энергетикалық сипат-
тамасы
дыбыстың қарқындылығы болып табылады, бұл дыбыстық қысым-
ның амплитудасына, сонымен қатар ортаның өз қасиеттеріне және толқындар-
дың пішіндеріне тәуелді болады. Дыбыстың субъективтік (қосымшалық) сипат-
тамасы дыбыстың қатты естілуі болып табылады, бұл жайт жиілікке тәуелді.
Адамның құлағының ең жоғарғы сезгіштігі 1 – 5 кГц жиілік аймағына сәйкес
болады.
Жергілікті
қысымды немесе механикалық кернеуді өзгерте алатын кез
келген құбылыс дыбыс көзі бола алады. Тербелмелі қатты денелер (мыса-
лы, дыбысзорайтқыштың диффузоры, телефонның мембранасы, музыкалық
аспаптардың ішектері); ультрадыбыс диапазонындағы жиіліктерде пъезоэлектрлік
материалдар, т.б. дыбыс көздері көп таралған.
Дыбыс толқындарының таралуы бірінші кезекте дыбыс жылдамдығымен
сипатталады. Кейбір жағдайларда дыбыс жылдамдығының дисперсиясы,
яғни жылдамдықтың оның таралу жиілігіне тәуелділігі байқалады. Дыбыстық
толқындардың таралуы кезінде дыбыстың біртіндеп өшуі орын алады, яғни
оның қарқындылығы мен амплитуда-
сы кемитін болады, бұл жайт негізі-
нен дыбыс энергиясының өзге түрге
ауысуына байланысты дыбыстың жұ-
тылуының нәтижесі болып табылады.
Толқындардың үлкен амплитудамен
таралуы кезінде толқынның синусои-
далық пішіні бірте-бірте бұрмаланып
(ауытқып), соққы толқынының піші-
ніне жуықтайтын болады.
Дыбыс көздері: а – камертон; б – сфералық
дыбыс толқыны
Д
100
∑
ДАҚ – ДЮФУР ЭФФЕКТІСІ
286
287
ДЫБЫСВИЗИЯ ( дыбыс + латынша «визио – көз, көру») – дыбыс (көбінесе
ультрадыбыс) арқылы, мөлдір емес оптикалық ортада орналасқан нысанның
көрінетін кескінін байқау. Дыбысвизияны дыбыстың өтімділік қасиетіне әртүрлі
орталарда әрқилы жылдамдықпен таралу және оның көрсету мүмкіндігіне
негізделген. Дыбысвизиясының сұлбасында ультрадыбыс көзі, бақыланушы ны-
сан, ультрадыбыстық кескін тудыруға арналған объектив және ультрадыбыстық
кескінді көрінетін кескінге түрлендіргіш (интроскоп) аспап болады.
ДЫБЫС ЖЫЛДАМДЫҒЫ – серпімді толқындардың ортада пішіндерін
өзгертпей орын ауыстыру шапшаңдығы. Гармониялық толқындардың жылдамдығы
да дыбыстың фазалық жылдамдығы деп аталады. Әдетте дыбыс жылдамдығы
берілген зат үшін белгілі сыртқы жағдайларда толқындардың жиілігіне және ам-
плитудасына тәуелді болмайды. Әртүрлі жиіліктер үшін фазалық жылдамдықтар
әрқалай болатын жағдайларда
дыбыстың дисперсиясы туралы сөз болады.
Дыбыстың газдардағы жылдамдығы сұйықтағы жылдамдықпен салыстырғанда
кем, ал сұйықтағы жылдамдық қатты денелердегі жылдамдықтан төмен бола-
ды. Сол себепті
газ сұйытылған кезде оның жылдамдығы артады. Газдағы
дыбыс жылдамдығы температура мен қысым артқанда шапшаңдайды. Бөлме
температурасында дыбыстың жылдамдығының өзгерісі 1°С-қа өзгергенде жуық
шамамен 0,17%-ға өзгереді. Температура 1°С-қа артқанда сұйықтардың дыбыс
жылдамдығы бірнеше м/сек-қа кемиді. 20°С температурадағы сұйықтардағы
дыбыстың жылдамдықтары: суда – 1490 м/сек; бензолда – 1324 м/сек, сынапта –
1453 м/сек, спиртте (этил) – 1180 м/сек; кәдімгі судың бір ерекшелігі бар: 74°С
температурада судың жылдамдығы ең үлкен шама болады, осы температура әрі
қарай жоғарылағанда кеми бастайды. Қысымы 1 атм қысымға артқанда дыбыстың
жылдамдығы ~0,01%-ға артады. Теңіз суының температурасы, тұздылығы және
тереңдігі артқан сайын дыбыстың жылдамдығы шапшаңдайтын болады. Осылай-
ша теңіздердегі су асты
дыбыстық сәуленің арнасы пайда болады. 0°С кезіндегі
ауада таралатын дыбыс жылдамдығы 331,8 м/сек-қа тең.
ДЫБЫС ӨРІСІ – кеңістіктің дыбыстық толқындар таралатын, яғни серпімді
орта (осы ортадағы қатты, сұйық немесе газтәрізді) бөлшектерінің акустикалық
тербелістері өтетін аймағы. «Дыбыс өрісі» ұғымы өлшемдері дыбыс толқынының
ұзындығымен қарайлас немесе одан үлкен болатын аймақтарда қолданылады.
Дыбыс өрісі энергетикалық тұрғыдан қарастырғанда
дыбыс энергиясының
тығыздығымен сипатталады.
ДЫБЫС РЕФРАКЦИЯСЫ (латынша «рефрактио – сыну») – дыбыс
жылдамдығы координаттарға тәуелді болатын біртекті емес ортада (атмосфера-
да, мұхиттарда) дыбыстық сәуленің иіліп ауытқуы. Дыбыстық сәулелер әрқашан
Д
100
∑
ДАҚ – ДЮФУР ЭФФЕКТІСІ
286
287
дыбыс жылдамдығы аз болатын
қабатқа қарай ауытқиды және дыбыс
жылдамдығының өзгерісі (градиенті)
қаншалықты үлкен болса, рефракция
да соншалықты күшті байқалады.
Атмосферадағы дыбыс рефракци-
ясы ауа температурасының кеңістіктік
өзгеру жылдамдығына және желдің
бағытына байланысты туады. Темпе-
ратура биіктікке байланысты (15 – 20
км биіктікке дейін) әдетте төмендейді
және дыбыс жылдамдығы кемиді, сондықтан жер бетіне таяу орналасқан ды-
быс көздерінен таралған сәулелер жоғары қарай ауытқиды және дыбыс біраз
қашықтықтан әрі қарай естілмейтін болады (1 сызбадағы а жағдай). Егер ауа тем-
пературасы биіктікке байланысты артатын (температуралық инверсия, көбінесе
түнде пайда болады) болса, онда дыбыстық сәулелер жер бетіне қарай ауытқиды
және дыбыс алысқа таралатын болады (сызбадағы б жағдай). Дыбыс желге қарсы
таралған кезде дыбыс сәулесі жоғары қарай
ауытқиды, ал желдің бағытымен таралатын
болса – жер бетіне қарай иіледі, сол себепті
осы соңғы таралу кезінде дыбыстың естілуі
жақсарады (2-сызба). Атмосфераның
жоғары қабаттарында дыбыс рефракци-
ясы үнсіз зонаның (үнсіз белдеу) және
аномалды есту зонасының пайда болуына
әкеп соғады.
Дыбыс рефракциясы мұхиттарда
температураның кеңістіктік өзгерулеріне,
тығыздылығына және гидростатикалық қысымға тәуелді. Дыбыс дифракциясы
суасты дыбыстық арнаны, көлеңке зонасын, дыбысты фокустау (тоғыстау) және
дыбыстың таралуының басқа да бірқатар ерекшеліктерін тудырады.
ДЫБЫС СӘУЛЕСІНІҢ ҚЫСЫМЫ, дыбыс қысымы – тұрақты дыбыс
өрісінде орналасқан денеге әсер ететін тұрақты қысым. Дыбыс сәулесінің қысымы
дыбыс энергиясының тығыздығына пропорционал. Бұл сәуленің қысымы
дыбыстық қысыммен салыстырғанда өте аз шама; дыбысты толық шағылды-
ратын тосқауылға тік қалыпта түсетін дыбыстық толқындар кезінде дыбыстық
қысым 10
2
Па-ға тең болса, ауаның дыбыстық өрісінде дыбыс сәулесінің қысымы
1-сызба. а – биіктікке байланысты темпера-
тураның төмендеуі кезіндегі дыбыстық сәуле-
лердің таралу жолы; б – биіктікке байланысты
температураның жоғарылауы кезіндегі дыбыс-
тық сәулелердің таралу жолы
2-сызба. Дыбыстық сәуленің таралуына
желдің ықпалы
Достарыңызбен бөлісу: |