Тасқала ауданының қоғамдық-саяси газеті



жүктеу 289,82 Kb.
Pdf просмотр
бет3/6
Дата24.12.2017
өлшемі289,82 Kb.
#5814
1   2   3   4   5   6

4

08.12.2017 жыл



Рухани жаңғыру

Өткен аптада Қазақстан ауылдық 

округінің орталығы Атамекен 

ауылының 85 жылдығына орай 

жерлестер форумы өтті. 

А

талмыш  шара  Елбасының 



«Болашаққа  бағдар:  рухани 

жаңғыру»  атты  мақаласында 

көрсетілген  «Туғар  жер»  бағдарламасы 

аясында ұйымдастырылды. 

Айта  кетейік,  дәулеті  ортаймай,  ыры-

сы  шайқалмай,  бірліктің  бесігінде  тер-

беліп  келе  жатқан  ауыл,  «Главная»  ата-

уымен  ауылшаруашылық  коммуннасы 

ретінде  негізі  қаланған.  Кейін  ол  1932 

жылы  №500-ші  совхоз  атауымен  қайта 

құрылды.  Сол  кезде-ақ,  253  мың  гектар 

жерді    алып  жатқан  өлкеде  16  мың  қой, 

170 ірі қара, 160 жылқы, 25 түйе болған. 

Совхоздың алғашқы директоры Ақкәрім 

Алманов.  1961  жылы  совхоздың  ата-

уы  «Қазақстанның  40  жылдығы»  деп 

өзгертілген. 2002 жылдан  бастап Атаме-

кен болып аталып келеді..



Сонымен  мерей  той  қарсаңында 

жерлестер форумы қалай өтті? 

Алдымен округ әкімі Ерік Төлепқалиев 

бастаған 

атамекендіктер 

қазақы 

дәстүрмен  алыстан  ат  терлетіп  келген 



қонақтарды  қарсы  алды.  Құрметке  риза 

меймандар,  ауылдық  фельдшерлік  ам-

булаторияда  болып,  мекеменің  тыныс 

тіршілігімен  танысты.  1976  жылы  бой 

көтерген  амбулаториялық  пункт  заман 

талабына  сай  деуге  болады.  Жаңғылсын 

Губашева  бастаған  ұжымда  акушер, 

фельдшер,  медбике,  патронаждық  мед-

бике  қызмет  көрсетеді.  Физио  кабинет 

пен  күндізгі стационар да бар. 

Жерлестер 

форумы 


Ұлы 

Отан 


соғысында  қаза  тапқан  боздақтарға 

арналған  ескерткіштен  бастау  алды.  Ба-

балар рухына тағзым еткен атамекендік-

тер  жерлестерін  бір  минут  үнсіздікпен 

еске алып, гүл шоқтарын қойды. Қойнауы 

қалың, қатпарлы тарихқа толы мекеннен 

отты алаңға 184 азамат аттанып, тек 36-сы 

ғана қайта оралған екен. Азат күнде «Ұлы 

Отан соғысы» орденімен 12,  «Ерлігі үшін» 

медалімен 5, «Берлинді алғаны үшін» ме-

далімен  2,  «Қызыл  жұлдыз»  орденімен  2 

ардагер марапатталған.  Олардың  ерлігі 

– ұрпаққа үлгі.

Одан  әрі  мерекелік  бас  қосу  Совхоз 

орта  мектебінде  жалғасып,    қонақтар 

білім  ордасының  10  жылдық  тарихы 

бар  мұражайын  аралады.  Тарихы  1933 

жылдан  басталатын  кешен  тұңғыш  Аяқ 

ауылында  бастауыш  мектеп  ретінде 

ұйымдастырылған.  1941  жылы  совхоз 

орталығына  көшіріліп,  1956  жылы  жеті 

жылдық жалпы білім беретін орта мектеп 

болып қайта құрылған. Қазіргі мектептің 

ғимараты  сол  кездегі  совхоз  директоры 

Тоқсейіт  Өмірзақовтың  бастамасымен 

салынып,  1961  жылы  1  қаңтардан  бас-

тап пайдалануға берілген. Жаңа ғимарат  

алғашқы  тың  игерушілердің  күшімен  

тұрғызылған  көрінеді.  Білім  ордасы-

нан  сол  уақытта-ақ  атақты  шопандар 

мен  ауылшаруашылығы  жұмысшылары, 

ғалым,  білікті  мамандар  түлеп  ұшқан. 

Бүгінде алтын ұяда 97 оқушы білім алуда.

Жиында  мектеп  ұстаздары  «Ауылым-

алтын  бесігім»  тақырыбында  сыр-сұхбат 

өткізіп,  осы  жерде  өсіп-өніп,  жемісті 

еңбек  еткен  аға  буын  өкілдері  ауылдың 

тыныс-тіршілігі мен тарихынан сыр шерт-

ті.

Салтанатты шарада аудан әкімі Санжар 



Әлиев  атамекендіктерді  айтулы  мере-

келерімен  құттықтап,  форум  жұмысына  

сәттілік  тіледі.  Содан  соң  әр  аталым 

бойынша    сапалы  білім  беріп,  шәкірт 

тәрбиелеген,  ұлағатты  ұстаздарды  ма-

рапаттады.  Олардың  арасында  Әлия 

Жалмұханқызы, Жұмағали Қайырұлы, Зоя 

Григориевна, Райса Мүтиғоллақызы бар.  

Бұдан бөлек ауыл әкімі Ерік Төлекқалиев 

пен  мектеп  директоры  Баян  Иргалиева 

ауыл халқына тілектерін жеткізді.

С

ыр 



сұхбат 

бағытында 

өткізілген  жүздесуге  ауылдың 

өркендеуіне  үлес  қосқан  шо-

пандар  мен  механизаторлар,  мәдениет 

пен  медицина  қызметкерлері,  ұстаздар 

қатысты.  Құрметті  қонақтардың  арасын-

да  мектеп түлектері, облысымызға  бел-

гілі  ел  ағалары    «Құрылыс  өнеркәсібін 

ұйымдастыру  жөніндегі  инжинирин-

гтік  компания»  ЖШС-нің  бас  дирек-

торы  Әлібек  Сыдықов,  «Корпорация 

«Алтим»  ЖШС-нің  директоры  кәсіпкер 

ағайынды    Тимур  мен  Болат  Шакимов-

тер, ауылға еңбегі сіңген басшы Тоқсейіт 

Өмірзақовтың  ұлы  Мэлс  Өмірзақов, 

ауданда  басшылық  қызмет  атқарған 

Табылғали  Сапаров,  аудандық  ардагер-

лер  кеңесінің  төрағасы  Жәрдемғали  Ба-

лыков, Нұр Киматов, аудандық жұмыспен 

қамту  және  әлеуметтік  бағдарламалар 

бөлімінің  басшысы  Раушан  Мүсәлімова 

да  бар.  Бас  қосу  кешінде  мектеп  түлегі 

бүгінде  Астана    қалалық  экономикалық 

сотының  судьясы  Айгүл  Жамансари-

ева    телекөпір  арқылы  жерлестерін 

құттықтап, ыстық сәлемін жолдады.

Форум барысында мектеп оқушылары 

өнерлерін  ортаға  салса,  ұстаздар  хоры 

аталмыш  білім  ордасының  түлегі,  ұстаз 

Орынғаным  Құрманиязованың  сөзіне 

жазылған жерлесіміз Сергей Бигазиевтің 

«Атамекен ауылым» атты жаңа әнін алғаш 

орындап,  тұсауын кесті. 

Одан  әрі  аталмыш  шара  мәдениет 

үйінде  жалғасын  тапты.  Ауыл  өмірінен 

сыр  шерткен  бейнебаяннан  соң  сахна 

төріне,  аудан  әкімі  С.Әлиев,  аудандық 

мәслихат  депутаты  С.Рахимов,  ауылдық 

окург  әкімдері  көтеріліп  жерлестер-

ге  ақ  жарма  тілектерін  жолдап  естелік 

сыйлықтарын  тарту  етті.  Мұнымен  қоса 

аудандық  төтенше  жағдайлар  бөлімінің 

бастығы М.Шауенов жиналғандарды ме-

рейтойларымен  құттықтап,  дала  өртін 

сөндіруге  үлес  қосқан  бір  топ  ауыл  аза-

маттарына  алғыс хат табыстады. 

Шара  барысында  мектеп  түлектері 

Т.Шакимов боздақтарға арналған ескер-

ткіш  алаңын  қөз  қаражатына  жөндеп 

беретінін  жеткізсе,    Ә.Сыдықов  қандай 

жобаға болмасын 1 млн теңге  қаржылай 

көмектесетінін айтты.

Жерлестер  форумы  одан  әрі  ауыл 

көркемөнерпаздарының  мерекелік  кон-

цертіне ұласты.  



Динара НАСЫР

(Суреттерді түсірген автор)

Әр пендеге құт мекен,

Бұл арайлы «Атамекен!»

Туған жер



жүктеу 289,82 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау