7
08.12.2017 жыл
Керуен
Меншік иесі:
“Жайық Пресс” ЖШС,
бас директор
Жантас Набиоллаұлы
Сафуллин
Газет жарияланымдарындағы автор
пікірі редакцияның түпкілікті көзқарасы
болып есептелмейді. Редакция оқырман
хаттарына жауап бермейді, оны қайтармайды.
Деректердің дәлдігі үшін автор жауапты.
Газет ҚР байланыс және ақпарат
министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті
2012 жылғы 19 қаңтарда тіркеліп,
№12267-Г куәлігі берілген.
Мекенжайымыз: 091000
Батыс Қазақстан облысы,
Тасқала ауданы, Тасқала ауылы,
С. Жақсығұлов көшесі, 5.
Телефондар: Редактор: 8(71139)21132
Жауапты хатшы: факс 8(71139)21456
Біздің электронды поштамыз:
ekpin_1936@mail.ru
Газет Тасқала аудандық “Екпін” газеті
редакциясында компьютерлік әдіспен
теріліп, беттелді.
“Полиграфсервис” ЖШС
баспаханасында басылды. Орал
қаласы, Л.Толстой көшесі, 27/6.
“Екпін” Тасқала аудандық
қоғамдық-саяси газетінің
директор-редакторы
Назгүл Серікқызы
Жәрдемова
Газет аптасына 1 рет шығады.
Көлемі 2 баспа табақ.
Тапсырыс: 7.
Таралымы: 1560 дана
Продается газофицированный, благоустроенный
дом по ул. Скоробогатова 21. Имеется вода, хоз.
постройки, баня. Цена 3,5 млн.тенге.
обращаться по телефону: 8-705-513-89-08.
Сальмонеллез — жұқпалы
ішек ауруы. Ол сыртқы ортада
қолайлы жағдай туса, көбейе
береді. Ауру қоршаған орта-
да тіршілікке қабілетті бак-
териялармен қоздырылады.
Ашық су қоймаларында және
ауыз суда олар 11 күннен
120 күнге, ет және шұжық
өнімдерінде 60-130 күнге
дейін, мұздатылған етте 13
айға дейін, тоңазытқышта
сақталатын сәтте 20, сары
майда 120 күнге дейін,
жұмыртқа мен ірімшікте 13
айға дейін сақталады. Саль-
монеллез
қоздырғыштары
тек сүтте, тартылған етте,
жұмыртқа ұнтағында ғана
сақталмайды.
Олар төмен температураға
төзімді, бірақ 50
0
С жоғары
температурада жылдам, ал
100
0
С
температурасында
лезде жоғалады. Көңде және
нәжісте сальмонеллалар 4
жылға дейін сақталады.
Инкубациялық кезең - саль-
монеллез қоздырғышының
адам ағзасына түсу сәтінен
клиникалық көрсеткіштердің
көрінуіне дейінгі уақыт бір-
неше сағаттан 3 күнге дейін
созылады. Ауру басталғанда
әлсіздік, бас ауруы, дене
қызуының 39
0
С көтерілуі мен
қалтырау пайда болады. Ауру
күшейген сайын адам лоқсып
құсады және үлкен дәретке
баруы жиілейді. Сондықтан
аурудың алдын алу үшін ет
өндіру кәсіпорындары мен
кондитерлік цехтарда, сауда
және қоғамдық тамақтану
орындарында технологиялық
үдерісті сақтау қажет. Мал
өнімін белгіленбеген сауда
нүктелерінен сатып алмаңыз.
Тез
бұзылатын
тағам
өнімдерін
тоңазытқышта
сақтау керек. Шикі және
піскен
ет,
балық
және
көкөністерді өңдеу бары-
сында
бөлек
асханалық
тақтай және бөлек пышақ
пайдаланыңыз.
Дүкеннен
жұмыртқа сатып алғаннан
кейін үйде оларды жуыңыз
(сабын - содалы ерітіндісімен)
және ұзақ уақыт термиялық
өңдеуден өткізіңіз. Қауызы
бұзылған жұмыртқаны сатып
алмағаныңыз жөн. Сыртын-
да қан тамшылары немесе
көң іздері бар жұмыртқаны
пайдаланбаңыз. Тағамдардың
пайдалану мерзімін және
температуралық
тәртіпті
сақтаңыз. Дайын тағамдарды
мүмкіндігінше
бірден
пайдаланған дұрыс. Қалған
тағамдарды
тоңазытқышта
сақтау және қолданар алдын-
да қайнату қажет.
Осындай жеңіл ережелерді
ұстану сальмонеллез ауруы-
на шалдықпаудың кепілі бола
алады.
Л.САҒЫНТАЕвА,
Тасқала аудандық ТҚҚБ-
ның жетекші маманы
Қылышын сүйретіп
қыс мезгілі де келіп жет-
ті. Барлық тұрғын үйлер
мен мекемелерде жы-
лыту қазандықтары іске
қосылды. Сондықтан
Тасқала
ауданының
Төтенше
жағдайлар
бөлімі жылыту маусы-
мы кезеңінде тұрғын
үйлерде
өрттерді
болдырмау
мен
адамдардың
газдан
улану фактісіне жол
бермеу
мақсатында
акция ұйымдастыруда.
Дәлірек айтсақ, 13
қарашадан 12 желтоқсанға дейін «Пешпен
жылытудың қауіптілігі – улы газбен уланудан
абай болайық», 13 желтоқсаннан 2018 жылғы
12 қаңтарға дейін «Қауіпсіз Жаңа жыл», келер
жылғы 13 қаңтардан 12
ақпанға дейін «Қауіпсіз
көлік», сондай-ақ 13
ақпаннан 12 наурызға
дейін «Тұрғын үйлерде
өрт қауіпсіздігін сақтап
оған жол бермейік», 13 на-
урыздан 12 сәуірге дейін
«Табиғат – ол өмір арнасы»,
2018 жылғы 13 сәуірден 12
мамырға дейін «Балаларды
жалғыз қалдырмаңыздар»
тақырыптарында өтеді.
Сондықтан
барша
тұрғындарды
төтенше
жағдайларға жол бер-
мей акцияға атсалысуға
шақырамыз.
М.ШАУЕНов,
Тасқала ауданының ТЖБ бастығы
азаматтық қорғау майоры
«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және
тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру,
әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт
және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы
мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын
көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты бойынша ақпарат
Әлеуметтік қолдау шаралары ауылдық елді мекендерге жұмыс
істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік
қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен
саласындағы мамандарға көтерме жәрдемақы, тұрғын үй сатып
алуға бюджеттік кредит, тұрғын үй салуға бюджеттік кредит түрінде
көрсетіледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі,
көрсету нысаны – қағаз түрінде. Құжаттар “Тасқала ауданының эко-
номика және қаржы бөлімі” мемлекеттік мекемесі, БҚО, Тасқала ауда-
ны, Тасқала ауылы, Абай көшесі, 23 үй, 305 бөлме мекенжайы бойын-
ша қабылданады. Байланыс телефоны: 87113921221, 21178, 40054.
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі демалыс және мереке
күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат
13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге
жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың
тізбесі:
- Көтерме жәрдемақы алған кезде: нысан бойынша өтiнiш; жеке ба-
сын куәландыратын құжаттың көшiрмесi; жаңа жұмыс орны бойынша
кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi; бiлiмi туралы
дипломының көшiрмесi; көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері
туралы мәлеметтер; тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын
тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы.
- Тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде: нысан бойын-
ша өтiнiш; жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi; жаңа
жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының
көшiрмесi; бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi; көші-қон қызметінен
алдыңғы тіркелген жері туралы мәлеметтер; тиісті елді мекенде
тұратындығын растайтын тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы;
сатып алынатын жылжымайтын мүлікті бағалау актісі; неке туралы
куәлік көшірмесі (некеде тұрған мамандар үшін); аталған ауылдық
елді мекенде маманның, оның жұбайының және балаларының жы-
лжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы анықтама.
- Тұрғын үй салуға бюджеттік кредит алған кезде: нысан бойынша
өтiнiш; жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi; жаңа жұмыс
орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;
бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi; көші-қон қызметінен алдыңғы
тіркелген жері туралы мәлеметтер; тиісті елді мекенде тұратындығын
растайтын тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы; неке туралы
куәлік көшірмесі (некеде тұрған мамандар үшін); аталған ауылдық елді
мекенде маманның, оның жұбайының және балаларының жылжы-
майтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы анықтама; маманның аты-
на тұрғын үй салу үшін берілген жер учаскесін пайдалану құқығына
акт; кепілге қойылған мүлікті бағалау актісі; кепілге қойылған мүлікті
сақтандыру шарты; берілетін кредит мөлшерінен асатын тұрғын үй
құрылысы бөлігін бірлесіп қаржыландыруға жазбаша келісім.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: Көтерме жәрдемақы
алуға – 39 күнтізбелік күн. Тұрғын үй сатып алуға және салуға бюджет-
тік кредит алуға: Келісім қорытындысына – 32 күнтізбелік күн; Келісім
жасалғаннан кейін тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік
кредит алуға 30 жұмыс күні;
Сальмонеллез - қауіпті ауру
Акцияға атсалысайық!
Соңғы бет
8
08.12.2017 жыл
оқушылар тәжірибе
кезеңінен өтті
2017-2018 оқу жылында Қ.Сәтбаев атындағы және
С.Жақсығұлов атындағы орта мектептерде агросынып
эксперименталды алаңы ашылған болатын.
Бұл болашақта осы сала бойынша жоғары оқу орындарын-
да білімдерін жалғастыруды көздейтін жастардың білімдік
сұраныстарын қанағаттандыруға жасалған жағдай.
Аталмыш курс 8 сыныптарда облыстық білім басқармасымен
келісіле отырып жоспарға сай Жәңгірхан атындағы Батыс
Қазақстан аграрлық - техникалық мемлекеттік университеті
құрастырған оқу бағдарламасы негізінде жүргізіледі. Сонымен
қатар агросыныпта оқушылардың білім, білік дағдысын есеп-
ке алу үшін олар қорытынды аттестациядан өткізіледі. Егер
осы сыныптың оқу жоспарын жақсы орындап, емтиханды үздік
аяқтағандарға куәлік беріледі және облыстағы ауылшаруашылық
оқу орындарына түскен кезде жеңілдіктерге ие болады.
Бірінші тоқсанда оқушыларға ветеринариялық курс бойын-
ша дәріс жүргізіліп, жақында олар Жәңгірхан атындағы БҚАТУ
да болып “Ауыл шаруашылығына кіріспе” курсының тәжірибелік
кезеңіне қатысты.
Оқушылар университет ішіне саяхат жасап, мұражайды аралап
Жәңгірханның өмір жолымен танысты.
Сондай-ақ агросынып мұғалімі Б.Сидихов оқушыларды 1 курс
студенттерімен кездестіріп, тәжірибелік сабақ өткізді.
Мұндай бастамалар оқушылардың оқуға деген қызығушылығын
арттырып, болашақта мамандық таңдауға үлкен септігін тигізетін
болады.
Б.БАТЫРовА,
білім бөлімінің әдіскері
Узакбаев Тулеген Гаппаровичтің атына 11.06.2013 жылы
берілген №0223625 нөмірлі 08-124-018-200 кадастрлық нөмірі
жер актісінің жоғалуына байланысты осы хабарландыру
жарияланған күннен бастап күші жойылды деп есептелсін.
Ақтау ауылының тұрғыны аяулы
анамыз, сүйікті әжеміз
УТЕБАЛИЕвА
Ырысханым Шүкірқызын
мерейлі 80
жасымен құттықтаймыз!
Анамыздың адами қасиеттері,
жұмсақ мінезі айналаны нұрландырып,
бізге күш-қуат береді.
Сіз біздің күніміз жарқыраған,
Анадан қуат алған жарты ғалам.
Құны мен қасиеті тозбайтұғын,
Біз үшін ана деген алтын адам.
Ғұмырыңыз ұзақ болып, әрқашанда арамызда
жарқырап жүріңіз.
Тілек білдірушілер: Жанғожа - Алма, Саттар
- Сания, Аман - Ақлима, Абай, жиендеріңіз
және кішкентай жиеншарларыңыз.
Қ
ұттықтаймыз
!
Жер қозғалса да
салмақты қалпынан бір
танбайтын, сабырлы
мінезі бар, жымиғаны
жүрек жылытатын,
елжанды азамат Абуғали
Ахметовті тасқалалықтар
жақсы таниды.
Ия, уақыт не деген жүйрік
десеңші. Осындай адамгершілігі
жоғары, жан дүниесі терең, аб-
зал азаматтың бұл фәнимен қош
айтысқанына да бес жыл уақыт
өтіпті.
Абуғали аға 1950 жылы 11 ма-
мырда сол кездегі Камен ауда-
ны, Степной совхозына қарасты
Чебаков ауылында қарапайым
отбасында дүниеге келген.
Отбасындағы үш баланың үлкені.
Артынан ерген екі қарындасы
Күләш пен Алтынның арқа сүйер
ағасы.
1957 жылы Степной орта мек-
тебіне оқуға қабылданып, оны
1967 жылы ойдағыдай аяқтайды.
Ол мектепте жақсы оқиды.
Әсіресе
есеп
шығарғанды
қатты ұнатқан. Қолы қалт еткен-
де артындағы бауырларының
сабағына көмектесетін. Мек-
теп бітіргеннен соң ол Семей
қаржы-экономикалық
техни-
кумына оқуға түсіп, оны 1969
жылы тамамдап экономист
мамандығын алып шығады. Сол
жылы отан алдындағы әскери
борышын өтеуге аттанады. 1971
жылы әскерден оралған соң
өзінің туған ауылында төрт ай-
дай еңбек етіп, кейін аудандық
қаржы бөлімінде аға экономист
болып қызмет атқарады. Одан
басқа да көптеген салада еселі
еңбек етеді.
Еліміз өз тәуелсіздігін алған
1991 жылы ауданда жаңадан
ашылған салық инспекциясына
басшы болып тағайындалады.
Сөйтіп көп сөйлемейтін, бар бол-
мысы тек атқарған жұмысының
нәтижелерінен
байқалатын,
қарапайым жан бұл салада да аб-
ройлы қызмет атқарып, өзіндік
қолтаңбасын қалдырады.
Өмірден
өзіне
лайық
Мәрзиядай жар тауып, 1973
жылы отбасын құрды. Ләззат,
Асылбек, Жаннат сынды ба-
лаларын
өмірге
әкеліп,
тәрбиелейді. Олардың жоғарғы
білім алып, бір-бір тұлға болып
қалыптасуына үлес қосады.
Бірақ амал не! Үлкенге ізетпен
қарап, кішіге қамқор бола білген,
жаны жомарт, көп сөйлегенді
жаны қаламайтын асыл азамат
зейнеткерлікке жете алмай 62
жасында өмірден өтеді.
Бірақ оның артында ізін
жалғастырар ұстамы жақсы
ұрпағы мен аяулы жары,
сүйкімді немересі мен екі жи-
ені қалды. Ол өзінің санаулы
ғұмырында салық жүйесінде аб-
ройлы қызмет атқарды.
Оның әр қимылы мен жарқын
істері әріптестері мен аудан
тұрғындарының есінде мәңгі
сақталады.
Е.БАТАБИЕв,
аудандық салық
басқармасының басшысы
Жаны жайсаң азамат еді
Тағылымды шара
«Сәулет» мектеп-лицейі жанындағы интернат
тәрбиеленушілерінің бойына ата-аналарға
деген ерекше сезімді қалыптастырып, әке мен
ананың ұлылығын ұғындырып, оларды құрмет
пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу мақсатында «Ана
- сая бағың, әке - асқар тауың» атты тағылымды
шара ұйымдастырылды.
Мұнда тәрбиеленушілер «Үлгі тұтам әкемді»
және «Ана - өмір бастауы» атты тақырып бойынша
жұмыстанып, әке мен ананың ұлылығы туралы тұшымды
ойлар айтты. 6 сынып оқушылары Расул Мирхатов, Сан-
жар Исканғалиев «Қарт пен бала» атты көріністі шебер
сомдаса, 5 сынып оқушылары ата-ана туралы нақыл
сөздерді мәнерлеп оқыды. Ал 9 сынып оқушысы Ринат
Байсеуф ананың балаға деген сүйіспеншілігі жөніндегі
аңызды әдемі де, әсерлі етіп жеткізе білді. Санжар
Исканғалиевтің орындауындағы «Қариялар үйінде»
әні көрермендер көңілінен шықты. Кеш Асылжан
Шинбаеваның әуелете салған «Қос бәйтерегім» атты
әсем әуенімен аяқталды.
Ата-аналар алғыстарын айтып, ыстық ықыластарын
білдірді.
Б.АМАНҒАЛИЕвА,
«Сәулет» мектеп-лицейі жанындағы интернат
тәрбиешісі
Сақтықта
қорлық жоқ
«Өрт – тілсіз жау» деп халқымыз тегін
айтпаса керек. Отты пайдаланған кезде-
гі ұқыпсыздықтың нәтижесінде кейбір
өкінішті, орны толмас қайғылы жағдайлар
орын алып жатады. Кенеттен кездесетін
мұндай жағдайларды болдырмау үшін отты
дұрыс, тиімді, қауіпсіздік жақтарын ескере
отырып пайдаланған жөн.
Осыған
орай
жуырда
аудан
орталығындағы мешітте жиналған
жамағатқа газбен уланудың негізгі себеп-
тері түсіндірілді. Әсіресе пешті пайдалану
ережелерінің бұзылуы (пеш қалқанын жабу,
отын салу жеріне жеткіліксіз ауа келу, түтін
тартымы шамалы) соның ішінде пештің
құрылысында жарықшалардың пайда бо-
луы немесе түтін шығу орнының жабық
болуы мен жылыту жүйесіне уақытылы тек-
серіс жүргізілмеу туралы айтылды.
Сондай-ақ тұрғындардың мініп жүрген
автокөліктерінің 80-82 пайызы ескі көліктер
екенін ескере отырып, автокөліктің жарық
шамдарын жаққанда электро сымдарға
мұқият болу керектігі ескертілді. Себебі
кей уақытта ескі сымдар шыдамай оның
арты көліктің өртке орануына әкеліп
соқтыратынын тілге тиек болды.
М. ШАУЕНов,
Тасқала ауданының ТЖБ бастығы
азаматтық қорғау майоры