Тасқала ауданының қоғамдық-саяси газеті



жүктеу 289,82 Kb.
Pdf просмотр
бет1/6
Дата24.12.2017
өлшемі289,82 Kb.
#5814
  1   2   3   4   5   6


Тасқала ауданының қоғамдық-саяси газеті

 

 *   



Газет 1936 жылдан бастап шығады

  *  


ekpin_1936@mail.ru

 

                    



  №49

(8626)


Жұма

8 желтоқсан        

2017 жыл

Баспасөзге

 

жазылу  жүруде!



Құрметті оқырман қауым! 

Ауданымыздың айнасы, 80 жылдан 

астам  тарихы бар «Екпін» газетіне 2018  

жылдың I жартыжылдығына жазылу 

аяқтала келді.

Сондықтан аудан өмірінен сыр шертетін 

сүйікті «Екпін» газетіне  жазылуды 

ұмытпаңыздар.

Басылым тек аудандық пошта бөлімі 

арқылы жүргізілетінін ескертеміз.

Жекелер үшін 6 айға жазылу бағасы 

1275, ал 1 жылға 2200 теңге болса, 

заңды тұлғалар үшін 6 айға 2550, 12 айға 

4400 теңгені құрайды.

Газетке жазылудан қалыс қалмайық, 

ағайын!


                  Редакция алқасы

ТАСҚАЛА АУДАНДЫҚ 

МӘСЛИХАТ СЕССИЯ   

ТӨРАҒАСЫНЫҢ 

№24 ШЕШІМІ

Тасқала ауылы 

4  желтоқсан  2017 жыл

Аудандық мәслихаттың кезекті

XIX сессиясын шақыру туралы

Қазақстан  Республикасының  «Қазақстан 

Республикасындағы  жергілікті  мемлекет-

тік  басқару  және  өзін  -  өзі  басқару  тура-

лы» Заңы негізінде және Тасқала аудандық 

мәслихатының регламентіне сәйкес ШЕШІМ 



ҚАБЫЛДАЙМЫН: 

Аудандық  мәслихаттың    кезекті  ХIХ  сес-

сиясы  2017  жылдың  14  желтоқсан  күні 

аудандық  әкімдіктің  мәжіліс  залына  сағат 

11:00-ге шақырылсын.

Сессияның    күн  тәртібіне  төмендегі 

мәселелер енгізілсін:

1. 


2018-2020 

жылдарға 

арналған 

аудандық бюджет туралы.

2. Аудандық мәслихаттың экономикалық 

даму  және  бюджет  мәселелері  және 

денсаулық  сақтау,  білім  беру,  мәдениет, 

спорт  және  әлеуметтік  қамсыздандыру 

мәселелері  жөніндегі  тұрақты  комиссия-

ларының есептері.

3. 2018 жылы аудандық мәслихаттың сес-

сияларында  қаралатын  негізгі  мәселелер 

туралы 

4.  Басқа да мәселелер.



Сессия төрағасы             А. ҚоДАРов

Аудан әкімінің орынбасары 

А.Баяндықовтың төрағалығымен әкім 

аппаратының  мәжіліс залында  жол 

қозғалысының  қауіпсіздігі жөнінде 

комиссия отырысы өтті.

Алдымен  Тасқала  аудандық  коммуналдық 

шаруашылығының  директоры  А.Қодаровтың  қыс 

мезгілінде  аудандық  және  ауылішілік  автомо-

биль  жолдарын  қардан  тазалау  және  оны  үнемі 

бақылау  жөніндегі  жұмысы  тыңдалды.  Ақылбек 

Есләмғалиұлының  айтуынша    жол  үстінде  пайда 

болған мұздақтарды жою үшін 6 тонна тұз, 30 тонна 

құм (гравий) сатып алынған.

-Қыс  мезгілінде  аудандық  және  ауылішілік  ав-

томобиль  жолдарын  қардан  тазалау  және  үнемі 

бақылау мақсатында техникалар мен шұғыл әрекет 

етуші 15 адам сақадай сай. Сонымен қатар төтенше 

жағдайлардың  алдын  алу  және  жолаушылардың 

автокөліктері  істен  шыққан  жағдайда  уақытша 

тұрақтау  үшін  ауылдық  окургтерде  жылыту  пунк-

тері  ұйымдастырылуда.  Мысалы,  Достық  ауылдық 

округінде  мәдениет  үйінің  ғимараты,  Мерей 

ауылдық  округінде  Айнабұлақ  мектебі,  Қазақстан 

ауылдық  округінде  автоматтандырылған  телефон 

стансасы,  Қосшы  ауылдық  округінде  Оян  мек-

тебі,  Шежін  ауылдық  округінде  мектеп  спортзалы 

және Тасқала ауылдық округінде мәдениет үйі мен 

С.Жақсығұлов  мектебі  ғимараттарында  жылыту 

пунктері жұмыс жасайтын болады. Ал Ақтау, Аман-

гелді  және  Мереке  ауылдық  окургтерінде  ауыл 

әкімшілігінің  ғимаратында  ұйымдастырылмақ,- 

деді А.Қодаров.

Сондай-ақ  ауыз  су  мәселесі  де  назардан  тыс 

қалмады.  Бүгінде  аудан  бойынша  12  елді  мекен-

ге  ауыз  су  жүйесінің  тартылғаны  айтылды.  Жал-

пы  қашықтығы  200  шақырымды  құрайтын  12 

локалдық ауыз су жүйесінде 15 су ұңғамасы және 

14 су мұнарасы бар. 

Мұнан  соң  сөз  алған  «Юнисерв»  ЖШС-нің 

бас  инженері  Н.Кондопуло  ауданға  қарасты 

республикалық, облыстық маңызы бар автомобиль 

жолдарының  келер  жылға  арналған  күзгі-қысқы 

кезеңдегі    жұмыстардың  дайындығына  тоқталды. 

Белгілі  аймаққа  жауапты  қызметкерлердің  бай-

ланыс  телефондары  мен  берілген  ақпараттық 

маңдайшалары  жол  бойына  қойылатынын,  соны-

мен  қатар  бүгінде  төтенше  жағдайлардың  алдын 

алу мақсатында 4 техниканың дайын тұрғанын  тіл-

ге тиек етті.

Сондай-ақ    жолаушыларды  тасымалдайтын  

такси  қызметкерлерінің  қыс  мезгілінде  жол  ере-

желерін  қатаң  сақтап,  қауіпсіздік  жауапкершілігін 

күшейту мәселесі де ескерілді.

Әсемгүл БЕКЕШЕвА

жылыту 


пунктері жұмыс 

жасайды



2

08.12.2017 жыл



Апта тынысы

Қараша айының соңғы 

жұмасы көп балалы 

тасқалалық Бекешовтар 

шаңырағы үшін қуанышты 

күн  болды. Өйткені 

салқын түсісімен  отын 

тасып әбігерге  түсетін бұл 

отбасы жомарт жандардың 

арқасында  үйіне 

кіргізілген  көгілдір отынға 

дән риза.

Үйелмелі-сүйелмелі, 

алды 

3  сыныпта  оқитын,  кенжетай-



лары  сегіз  айлық  төрт  баласы 

бар  Ғазиз  бен  Жазира  шағын 

баспаналарын  өз  күштерімен 

салғандарына  төрт жыл болды.  

Содан бері айналадағы қураған 

ағаштарды  жиыстырып,    отын 

тасып пеш жағатын. 

«Қысқа  жіп  күрмеуге  кел-

мейді»,  демекші  мектепте кіші 

қызметкер  болып  еңбек  ететін 

отанасының тапқан табысы мен 

балаларға төленетін жәрдемақы  

көгілдір  отын    тартпақ  түгілі 

олардың    тамағы  мен  киімінен 

ауыспайтын.  Ал  отағасы  тек 

жазда  ғана  еңбек  етіп,  қыста 

отын таситын. Жақында ол да  өз 

шешімін тапты.

-Жазира осыдан бір ай бұрын 

менің  қабылдауымда  болып 

жағдайын айтып,  отын жағынан 

көмектесуімді сұраған болатын. 

Міне  араға  ай  салып  отынға 

ағаш  емес,  демеуші  жігіттердің  

арқасында  үйіне  көгілдір  отын 

кіргізілді.  

«Тасқала-Нан» 

ЖШС-


ның 

директоры 

Ерболат 

Қажымұратовқа 

жолығып 

жағдайды 

түсіндірдім. 

Ол 


да 

азаматтық 

танытып, 

ұсынысымды 

құп 

көрді. 


«КазТрансГазАймақ» 

АҚ 


аудандық  филиалының  дирек-

торы  А.Наурызов  газ  жобасын 

тегін сызып беріп, көгілдір отын-

ды    кіргізуге  жұмысшыларын 

жіберсе,  газды  трассадан  үйге 

дейін  тартып,  оған  қажетті 

тұрбаларды 

алуға 


Ерболат 

көмектесті.  «Көп  түкірсе  көл» 

деген  жомарт  азаматтардың 

арқасында  тағы  бір  үй  көгілдір 

отынмен 

қамтылды,-дейді 

Тасқала ауылдық округінің әкімі 

Жаннұр Бекбауұлы.

Осыдан  соң  Жазираны  сөзге 

тарттық. 

-Ия, 

қазір 


айналадағы 

ағаштарды 

кесуге 

тиым 


салынған.  Сөйтіп  округ  әкіміне 

үйде  кішкентай  балаларымның 

барын  айтып,  отын  жағынан 

көмектесуін  сұрадым.  Ол  да 

сөзімді  жерге  тастамай  «XXI 

ғасырда  отын  жағады  деген 

не?  Шама  келгенше  көгілдір 

отын 


тартуды 

ойластырып 

көрейік»,  -  деді.  Бүгін  соның 

нәтижесін  көріп  отырсыздар. 

Барлық  көмек  қолын  созған 

азаматтарға  алғыстан  басқа  ай-

тарым  жоқ.  Үйіміз  жылып  жо-

март  жандардың  арқасында  от 

жағып, күл шығару машақатынан 

құтылдық, - дейді.



Өз тілшіміз

1  желтоқсан  –  ҚР  Тұңғыш  Президенті 

күніне  орай  аудандық  мәдени-демалыс 

орталығында  «Елін  сүйген,  елі  сүйген 

Елбасы» атты мерекелік шара өтті.

Еліміздің  Әнұраны  орындалған  соң  сахна 

төріне  көтерілген  аудан  әкімі  С.Әлиев  барша 

жұртшылықты айтулы мерекемен құттықтады. 

–  Бұл  мейрам    тәуелсіз  мемлекеттің  негізін 

қалаушы Елбасымыздың айрықша еңбегіне құрмет 

ретінде  белгіленген  болатын.  Бүгінде  кемеңгер 

көшбасшымыздың  тікелей  басшылығымен  еліміз 

айбыны  асқақ,  әлеуеті  асқан,  дәулеті  тасқан, 

іргесі  берік,  беделі  зор  елге  айналды.  Бұл  - 

тәуелсіз  Қазақстанды  аяғынан  нық  тұрғызған 

көшбасшымыздың  арқасы  десек  артық  болмас. 

Қашанда  еліміз  бен  Елбасымыздың  мәртебесі 

әлем  елдері  алдында  мәңгілік  биіктей  бер-

гей!  Осынау  ел  халқының  бірлігімен  берекесін 

ұлықтап,  мемлекеттің  мерейін  асыратын  мереке 

күні  сіздерге  зор  денсаулық,  отбасыларыңызға 

бақ  пен  береке,  шаңырақтарыңызға  шаттық,  ел 

игілігі  үшін  атқарып  жатқан  жұмыстарыңызға  та-

быс тілеймін, - деді. 

Содан  соң  мереке  қарсаңында  «Нұр  Отан» 

партиясының  қатарына  жаңадан  қабылданған 

бірқатар  адамдарға  партия  билетін  салтанатты 

түрде табыстады.

«Сәулет» мектеп лицейінің жанынан құрылған  

«Жасұлан  хоры»  (жетекшісі  әрі  дирижері 

Ж.Рахметов)  «Нұр  аға»  әнін  шарықтата    шырқап 

шараның  шырайын  кіргізсе,  республикалық, 

халықаралық  байқаулардың  лауреаттары  Бейбіт 

Қажығалиев, Дәурен Ораш, Мирлан Жамбыловтың 

орындауындағы  терме  жиылған  жұртшылықтың 

қошеметіне бөленді.

Сондай-ақ  «Қиялдан»  үлгілі  би  ансамбілі  (же-

текшісі  М.Дүйсенғалиева)  орыс  биін  билеп  шара 

көркін  қыздыра  түсті.  Мерекелік  бағдарлама  

Т.Серіковтың  «Ризамын,  елім,  саған»  әнімен 

тәмамдалды. 

Өз тілшіміз

Тасқала  ауылдық  ок-

ругі  әкімдігінің  ауласы-

на  және  «Қазпошта»  АҚ 

ғимаратының  жанына  лю-

минесцентті  шамдар  мен 

құрамында  сынап  бар  тер-

мометрлерді, 

химиялық 

қоректену көздері болатын 

батареялар  мен  аккумуля-

торларды жинақтауға және 

уақытша сақтауға арналған 

екі контейнер қойылды.

Сондай-ақ 

елді 

мекен-


дерді 

абаттандыру 

және 

көгалдандыру 



бағдарламасы 

аясында  көп  қабатты  үйлердің 

қасына  он  дана  пластикалық 

(баклашкаға  арналған)  және 

тұрмыстық 

қалдықтарға 

арналған 

сегіз 


контейнер 

қойылған. 

-  Пластмасса  құтыларға  ар-

нап арнайы контейнер қоюдағы 

мақсатымыз 

бір 


адамды 

жұмыспен  қамту.  Егер  оны  жи-

найтын  адам  табылса,  жинаған 

баклашкасын  қалаға  апарып 

тапсыратын  жерді  өзіміз  тауып 

береміз. Алдағы уақытта тағы да 

контейнерлер қойылады, - дей-

ді ауыл әкімі Ж.Ахметов.



Е.ЕЛЕКЕНов

Елдің кемеңгер 

көшбасшысы

Контейнерлер 

қойылды

Кең пейілді кемімес

Тасқалада жалпы 

білім беру пәндері 

бойынша республикалық 

олимпиаданың аудандық 

кезеңі басталды.

Ашылу 


салтанатына 

қатысқан 

аудан 

әкімінің 



орынбасары 

Люция 


Жұбанышқалиева:

-  «Білекті  бірді,  білімді 

мыңды жығады» деген қанатты 

сөз  бар.  Болашақта  қандай 

тұлға  болатындарыңыз  ала-

тын  білімдеріңізге  байла-

нысты.  Білім  көкжиектеріңіз 

ұлғайып, 

ілімге 

деген 


құлшыныстарыңыз 

арта 


берсін. 

Сіздер 


еліміздің 

болашағысыңдар, 

деп 


оқушыларға  сәттілік  тілеп, 

сенім білдірді.

Білім сайысында оқушылар 

білімдерін, ой ұшқырлықтарын 

танытуға барынша тырысатын 

болады.


Д.БЕРІШ

Пәндік олимпиада 

басталды


жүктеу 289,82 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау