3) жүзу өтілін өткеннен кейін ТДВА кодексінің А-III/5 бөліміне сәйкес құзыреттілігінің
мақұлданған бағасы.
46. Бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын кемедегі
электриктің кәсіби дипломын алу кезінде кандидат ТДВА III/7 ережесіне сәйкес болуы тиіс және
онда мыналар болуы қажет:
1) аға механиктің немесе басшы құрамының өзге де тұлғасының басқаруымен бас қозғалтқыш
қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын кемедегі 12 айдан кем емес жүзу өтілі
(тиісті жазбалар дайындықты тіркеу кітапшасына енгізіледі);
2) жүзу өтілін өткеннен кейін ТДВА кодексінің А-III/7 бөліміне сәйкес құзыреттілігінің
мақұлданған бағасы;
3) "Қауіпсіздік мәселелері бойынша барлық теңізшілерге арналған бастапқы даярлау мен
нұсқау" бағдарламасы бойынша теңіз көлігі маманын даярлау куәлігі.
47. Танкерлердегі жүк немесе тиейтін жабдықтарға жауапты қатардағы және командалық
құрамның тұлғаларында жүк операцияларын жүргізу үшін бастапқы даярлау бойынша теңіз көлігі
маманын даярлау тиісті куәлігі болуы тиіс.
Мұнай немесе химия тасушы танкерлерінде жұмыс істеу және осы куәлікті алған кезде ТДВА
V/1-1 ережесінің 2-тармағына сәйкес болу, "Мұнай немесе химия тасушы танкерлерінде жүк
операцияларын жүргізу үшін бастапқы даярлау" бағдарламасы бойынша курсын өту, "Барлық
теңізшілер үшін қауіпсіздік мәселелері бойынша бастапқы даярлау және нұсқаулық" бағдарламасы
бойынша теңіз көлігі мамандарын даярлау куәлігі болу қажет.
Газ тасушы танкерлерінде жұмыс істеу және осы куәлікті алған кезде ТДВА V/1-2
ережесінің 2-тармағына сәйкес болу, "Газ тасушы танкерлерінде жүк операцияларын жүргізу үшін
бастапқы даярлау" бағдарламасы бойынша курсын өту, "Барлық теңізшілер үшін қауіпсіздік
мәселелері бойынша бастапқы даярлау және нұсқаулық" бағдарламасы бойынша теңіз көлігі
мамандарын даярлау куәлігі болу қажет.
48. Капитан, аға механик, капитанның аға көмекшісі, екінші механик және жүктерді
тасымалдау, басқару, танкерді тазарту немесе басқа тиеп-түсіру операциялары кезіндегі
жүктерді тиеуге, түсіруге, қарауға жауапты басқа да тұлғада жүк операцияларын жүргізу үшін
кеңейтілген даярлауды өту туралы тиісті теңіз көлігі мамандарын даярлау куәлігі болуы тиіс.
Мұнай танкерлерінде жұмыс істеу және осы куәлікті алған кезде ТДВА V/1-1 ережесінің 4-
тармағына сәйкес болу, "Мұнай танкерлерінде жүк операцияларын жүргізу үшін кеңейтілген
бағдарлама бойынша даярлау" бағдарламасы бойынша курсын өту, "Мұнай танкерлері немесе химия
тасушы танкерлерінде жүк операцияларын жүргізу үшін бастапқы даярлау" бағдарламасы бойынша
теңіз көлігі мамандарын даярлау куәлігі болу қажет.
Химия тасушы танкерлерінде жұмыс істеу және осы куәлікті алған кезде ТДВА V/1-1
ережесінің 6-тармағына сәйкес болу, "Химия тасушы танкерлерінде жүк операцияларын жүргізу
үшін кеңейтілген бағдарлама бойынша даярлау" бағдарламасы бойынша курсын өту, "Мұнай
танкерлері немесе химия тасушы танкерлерінде жүк операцияларын жүргізу үшін бастапқы даярлау
" бағдарламасы бойынша теңіз көлігі мамандарын даярлау куәлігі болу қажет.
Газ тасушы танкерлерінде жұмыс істеу және осы куәлікті алған кезде ТДВА V/1-2
ережесінің 4-тармағына сәйкес болу, "Газ тасушы танкерлерінде жүк операцияларын жүргізу үшін
кеңейтілген бағдарлама бойынша даярлау" бағдарламасы бойынша курсын өту, "Газ тасушы
танкерлерінде жүк операцияларын жүргізу үшін бастапқы даярлау" бағдарламасы бойынша теңіз
көлігі мамандарын даярлау куәлігі болу қажет.
49. Жолаушылар кемесінің бортында жұмыс істейтін қызметшілер ТДВА V/2 ережесінің 5-
тармағына сәйкес жолаушылар кемесінде авариялық жағдайлар бойынша курсынан өтеді. Капитан
осы курсты өткен персоналдың тізімін жүргізеді.
50. Жолаушылар кемесінің жолаушылар жайларында жолаушыларға қызмет көрсететін персонал
ТДВА V/2 ережесінің 6-тармағына сәйкес қауіпсіздік мәселелері бойынша даярлаудан өтеді.
51. Капитандар, командалық құрамның тұлғалары және жолаушылар кемелерінің
жолаушыларына авариялық жағдайлар кезінде көмек көрсетуге жауапты ТДВА V/2 ережесінің 7-
тармағына сәйкес даярлаудан өтеді.
52. Капитан, аға механик, капитанның аға көмекшісі, екінші механик және жолаушылар
кемесінде авариялық жағдайда жолаушылардың қауіпсіздігі үшін жауапты басқа тұлғаларда ТДВА V
/2 ережесінің 8-тармағына сәйкес "Жолаушылар кемелерінің капитандарын, командалық және
қатардағы құрамның адамдарын, сондай-ақ басқа да персоналын даярлау" бағдарламасы бойынша
теңіз көлігі мамандарын даярлау куәлігі болады және ТДВА кодексі А-V/2 бөлімінің 4-тармағына
сәйкес адамның қауіпті жағдайларда басқару мен іс-әрекеті бойынша даярлау курсынан өтеді.
53. Капитан, аға механик, капитанның аға көмекшісі, екінші механик және жолаушыларды
отырғызу және түсіру үшін, немесе жолаушылар кемесінің корпусында тесіктерді жабуға жауапты
басқа тұлғаларда ТДВА V/2 ережесінің 9-тармағына сәйкес жолаушылардың және жүктердің
қауіпсіздігі, сондай-ақ корпустың су өткізбеушілігі бойынша даярлаудан өту туралы куәлігі
болады және ТДВА кодексі А-V/2 бөлімінің 9-тармағына сәйкес келетін жолаушылардың және
жүктердің қауіпсіздігі, сондай-ақ корпустың су өткізбеушілігі бойынша даярлау курсынан өтеді
.
54. Теңіз көлігі маманын даярлау куәлігінің иесі Қағидалардың 51, 52 және 53-
тармақтарына сәйкес ТДВА V/2 ережесінің 4-тармағына сәйкес біліктілігін арттыру курсынан
өтеді және әр 5 жыл сайын өзінің куәлігінің жарамдылығын дәлелдейді.
55. Жоғары жылдамды кемелерде жұмыс істеу үшін капитан, капитанның көмекшісі, аға
механик Жоғары жылдамды кемелер қауіпсіздігінің халықаралық кодексі 18-тарауының 3.3-
тармағына сәйкес жоғары жылдамды кемелерді жүргізу бойынша курсынан өтеді, оны бітіргеннен
кейін тиісті куәлікті алады. Куәлік иесі өзінің куәлігінің жарамдылығын жоғарыда көрсетілген
кодекстің 18.3.5-тармағына сәйкес растайды. Ол үшін ол әр 2 жыл сайын куәлікте
көрсетілгендей кемінде 6 ай жоғары жылдамды кемеде жұмысы туралы құжаттарды ұсынады.
56. Барлық теңізшілер төмен температурада тұтанатын отынымен істейтін кеме бортында өз
міндеттерін орындауды бастамас бұрын, ТДВА I/14 ережесінің 1.5-тармағына сәйкес нұсқаудан
өтеді.
57. Төмен температурада тұтанатын отынымен істейтін кемелердің бортында жанармаймен
авариялық жағдайға ден қою үшін жауапты теңізшіде ТДВА V/3 ережесінің 5-тармағына сәйкес
теңіз көлігі маманын даярлау куәлігі болады және ол ТДВА кодексі А-V/3 бөлімінің 1-тармағына
сәйкес кемелердегі қызмет үшін бастапқы даярлау курсынан өтеді.