Диплом үлгілерін, кәсіби диплом растамасын, теңізшілерге диплом беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі №504



жүктеу 257,89 Kb.
Pdf просмотр
бет10/10
Дата21.12.2017
өлшемі257,89 Kb.
#5146
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

      72. Әр теңізші, кеме бортында өзінің міндеттеріне кірісу алдында ТДВА VI/6 ережесінің 

1-тармағына, ТДВА кодексі А-VI/6 бөлімінің 1-3-тармақтарына сәйкес қорғау жөнінде таныстыру 

курсынан немесе нұсқаулығынан өтеді. Капитан осы курсты немесе нұсқаулықты өткен персонал 

туралы барлық жазбаларды кеме бортында сақтайды.

      73. Кемеде алғашқы медициналық көмек көрсетуге белгіленген теңізшіде ТДВА VI/4 

ережесінің 1-тармағына, ТДВА кодексі А-VI/4 бөлімінің 1-3 тармақтарына сәйкес "Кемеде 

алғашқы медициналық көмек көрсету" бағдарламасы бойынша теңіз көлігі маманын даярлау куәлігі

болады.


      74. Кемедегі медициналық қарауға жауапты теңізшіде ТДВА VI/4 ережесінің 2-тармағына 

және ТДВА кодексі А-VI/4 бөлімінің 4-6-тармақтарына сәйкес "Кемедегі медицианлық қарау" 

бағдарламасы бойынша теңіз көлігі маманын даярлау куәлігі және "Кемеде алғашқы медициналық 

көмек көрсету" бағдарламасы бойынша теңіз көлігі маманын даярлау куәлігі болады.

      Кеме экипажының ең аз құрамы туралы тиісті куәлігі болған жағдайда жалпы сыйымдылығы 

500 тіркелім тоннадан кем жағалау жүзудегі кеме капитаны және басшы құрамының тұлғалары 

жоғарыда көрсетілген куәліктердің болу қажеттілігінен босатылады.

2-параграф. Кәсіби диплом растамасын беру, ұзарту және алып қою

      75. Кәсіби дипломды шетелдік кәсіби диплом тану түріндегі растаманы алу үшін кандидат 

Порттың теңіз әкімшілігіне мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) Қағидаларға 

 сәйкес нысан түрінде Порттың теңіз әкімшілігінің басшысының

2-қосымшаға

атына өтініш;

      2) 3 х 4 см сурет – 2 дана;

      3) Қазақстан Республикасы теңізшісі жеке куәлігінің немесе теңізші паспортының 

көшірмесі (бар болған жағдайда);

      4) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      5) шетелдік кәсіби дипломның көшірмесі;

      6) ҚБЖТЖ радиооператоры шетелдік кәсіби дипломының көшірмесі (палуба командасы 

құрамының тұлғалары үшін);

      7) мұнай танкерлері, химия тасышулар немесе газ тасушылардағы жүк операциялары бойынша

теңіз көлігі мамандарын даярлау куәлігінің көшірмесі (егер қолданылатын болса);

      8) шетелдік кәсіби дипломды беруді куәландыратын растаманың көшірмесі (егер аталған 

растама жеке құжатпен берілсе);

      9) медициналық қорытындының көшірмесі.



      76. Кәсіби дипломның растамасын беруге өтінішті алған күні Теңіз портының әкімшілігі 

осы өтінішті қабылдауды растау туралы хатты өтініш берушіге береді.

      77. Теңіз порты әкімшілігіне ұсынылатын құжаттардың көшірмелері нотариалды расталады. 

Бұл ретте шетел тілдеріндегі құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен 

нотариалды расталып ұсынылады.

      78. Кәсіби дипломның растамасын беруге өтінішті қабылдағаннан кейін Теңіз портының 

әкімшілігі 5 жұмыс күні ішінде осы дипломды берген шетел мемлекетінің құзыретті органына 

дипломның төлнұсқасын растау туралы сауал жолдайды.

      79. Теңіз портының әкімшілігі өтінішті қарау кезінде шетелдік кәсіби дипломының иесі, 

бұл ретте қолданыстағы шетелдік кәсіби дипломына және Теңіз портының әкімшілі өтінішті 

қабылдауды растау туралы хатқа ие бола отырып Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының 

астында жүзетін кемеде мерзімі 3 айдан артық емес жұмыс істейді.

      80. Теңіз портының әкімшілігі ТДВА I/10 қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасы 

және осы дипломды берген мемлекет арасында тиісті келісім болған жағдайда шетелдік кәсіби 

дипломды тануды куәландыратын растаманы береді.

      81. Теңіз порты әкімшілігі дипломды берген тарапқа бағалауға растау жүргізеді, ол 

техникалық құралдарды және рәсімдерді тексеруді, сондай-ақ құзыреттілік минималды 

стандарттарына, оқыту және диплом беруге қатысты ТДВА талаптары, сондай-ақ сапа стандарттары

толық сақталғандығын қоса алады.

      82. Кәсіби дипломның растамасын беру туралы өтінішті қарау мерзімі шетел мемлекеті 

құзыретті органынан растаманы алған сәттен бастап 5 жұмыс күнін құрайды.

      83. Кәсіби диплом растамасын беруден бас тартуға негіздер мыналар болып табылады:

      1) қажетті құжаттардың толық емес топтамасын ұсыну;

      2) ұсынылған құжаттардың және (немесе) оларда көрсетілген деректердің (мәліметтердің) 

шын еместігін анықтау;

      3) Қазақстан Республикасы және аталған дипломды берген мемлекет арасында тиісті 

келісімнің болмауы.

      84. Кандидат осы Қағидалардың талаптарына сай болуы кезінде Қағидалардың 82-тармағында

көрсетілген мерзімдерде кәсіби дипломдар растамаларының тізіліміне кәсіби диплом растамасын 

беру туралы ақпарат енгізіледі және кәсіби дипломның растамасы беріледі.

      Қағидалардың 83-тармағында көзделген негіздер болған жағдайда, құжаттарды ұсынған 

өтініш берушіге жазбаша дәлелді бас тарту жолданады.

      85. Кәсіби дипломды жоғалтқан, бұзылуы кезінде Теңіз портының әкімшілігі өтінішті 

қабылдағаннан кейін екінші жұмыс күні өтініш берушіге тиісті құжаттың телнұсқасын береді.




      86. Кәсіби дипломды ұзарту кезінде кәсіби дипломның растамасы ұқсас мерзімге 

ұзартылады.

      87. Кәсіби дипломның растамасын Теңіз портының әкімшілігі:

      1) медицина қызметкері куәландырған кәсіби диплом иесінің денсаулығы нашарлауы 

салдарынан дене мүмкіндігінің жарамсыздығы туралы мәліметтер көрсетілген кезінде;

      2) шет мемлекетінің құзыретті органынан шетелдік кәсіби дипломын алып қою туралы 

ақпаратты алған кезде;

      3) кәсіби диплом иесінің кінәсі бойынша авариялық жағдай туындағанда (мұндай шешім 

авариялық жағдайды тергеп-тексеру жөніндегі қорытынды негізінде қабылданады);

      4) кәсіби диплом алуға өтініш беру кезінде анық емес ақпарат және/немесе жасанды 

ұсынылған (мұндай шешім осы жағдайды тергеп-тексеру жөніндегі қорытынды негізінде 

қабылданады) кезде алып қояды.

      88. Қағидалар 87-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда Теңіз 

порты әкімшілігінің шешімімен құрылған комиссия тергеуді жүргізеді.

      89. Теңіз портының әкімшілігі кәсіби дипломның растамасын алып қою туралы шешім 

қабылдағаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде шетелдік кәсіби дипломды берген уәкілетті органның 

мекенжайына тиісті хабарламаны жолдайды, сондай-ақ кәсіби дипломдар растамаларының 

тізіліміне көрсетілген құжаттардың алып қойылғандығы туралы белгілерді енгізеді.

      90. Кәсіби дипломның растамасы Теңіз портының әкімшілігіне кәсіби дипломның растамасын

алып қою туралы хабарламаны алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде тапсырылуға жатады.



3-параграф. Жеңілдік рұқсатын беру

      91. Қауіпсіздік шаралары сақталған және Радиобайланыс регламентіне қайшылықтар 

болмаған жағдайда жеңілдікпен рұқсат беру кеме экипажының оның құрамына ең аз талаптарына 

сәйкес келмеген жағдайда, бұл ретте жағдайлар кеменің порттан шығуын кейінге қалдыруға 

мүмкін болмағанда, беріледі.

      92. Жеңілдік рұқсаты кәсіби дипломда көрсетілген лауазымнан екі немесе одан жоғары 

ұстанымдарға берілмейді.

      Жеңілдік рұқсаты кәсіби диплом алып қойылған кезде қолданыстан шығады.

      93. Егер кандидат матрос болса, қажетті жұмыс тәжірибесі болса және талап етілетін 

біліктіліктерге сәйкес келуі үшін өзінің мүмкіндіктерін көрсетсе оған командалық құрамның 

лауазымды тұлғасына 2 айдан аспайтын мерзімге жеңілдікпен рұқсат беріледі.

      94. Теңіз портының әкімшілігі осы жүзуге қатысты жеңілдік рұқсатына шек қояды.




      95. Тек капитан немесе аға механик кенеттен еңбек қабілетінен айырылған жағдайда ғана 

Теңіз портының әкімшілігі тиісті жеңілдік рұқсатын капитанның аға көмекшісіне немесе екінші 

механикке береді. Жеңілдік рұқсаты кеменің қауіпсіз орынға жетуіне дейінгі мерзімге беріледі

.

      96. Жеңілдік рұқсатын сұратып отырған кеме қатынасы компаниясы Теңіз порты 



әкімшілігінің басшысына Қағидаларға 

 сәйкес нысан бойынша өтініш, кеме экипажы 

3-қосымшаға

мүшелерінің тізімін, сондай-ақ келесі құжаттардың көшірмелерін ұсынады:

      1) Қазақстан Республикасы теңізшісі жеке куәлігінің немесе теңізші паспортының 

көшірмесі (бар болған жағдайда);

      2) теңізшінің жеке басын куәландыратын құжат;

      3) теңізшінің кәсіби дипломы;

      4) кәсіби дипломды беруді куәландыратын растаманың көшірмесі (егер аталған растама 

жеке құжатпен берілсе);

      5) медициналық қорытынды.

      97. Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікте капитанның тек бір ғана көмекшісі 

қамтылған жағдайда жеңілдік рұқсаты капитанның лауазымына берілмейді.

      98. Жеңілдік рұқсатын беру туралы өтінішті қарау мерзімі – өтінішті тіркеген сәттен 

бастап 2 жұмыс күні ішінде.

      99. Теңіз портының әкімшілігі әр айдың алғашқы 5 жұмыс күні мерзімінде уәкілетті 

органға өткен айда берілген жеңілдік рұқсаттары туралы ақпаратты жолдайды.

      Уәкілетті орган жыл сайын 15 ақпанға дейін Халықаралық теңіз ұйымына өткен жыл бойынша

берілген жеңілдік рұқсаттары туралы ақпаратты жолдайды.

      100. Теңіз портының әкімшілігіне ұсынылатын құжаттардың көшірмелері нотариалды 

расталады. Бұл ретте шетел тіліндегі құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілідеріндегі 

аудармасымен нотариалды расталып ұсынылады.

      101. Жеңілдікпен рұқсат жоғалған, бүлінген жағдайда Теңіз портының әкімшілігі өтініш 

қабылдағаннан кейін екінші жұмыс күні өтініш берушіге тиісті құжаттың телнұсқасын береді. 

Телнұсқа жаңа нөмірмен және түпнұсқаның қолдану мерзімін аяқталу күнімен беріледі.

      102. Жеңілдік рұқсатын беруден бас тартуға негіздер мыналар болып табылады:

      1) қажетті құжаттардың толық емес топтамасын ұсыну;



      2) ұсынылған құжаттардың және (немесе) оларда көрсетілген деректердің (мәліметтердің) 

шын еместігін анықтау.

      103. Теңізші осы Қағидалардың талаптарына сай болуы кезінде Қағидалардың 98-тармағында

көрсетілген мерзімдерде жеңілдік рұқсаттарының тізіліміне жеңілдік рұқсатын беру туралы 

ақпарат енгізіледі және жеңілдік рұқсаты беріледі.

      Қағидалардың 102-тармағында көзделген негіздер болған жағдайда, құжаттарды ұсынған 

өтініш берушіге жазбаша дәлелді бас тарту жолданады.

 

Теңізшілерге диплом беру



қағидаларына

1-қосымша

 

Нысан


                                          _____________________________________

                                          _____________________________________

                                          _____________________________________

Кәсіби дипломды беруге арналған өтініш

      1. Кәсіби дипломды беруге арналған өтініш (керектісін белгілеу):

жалпы сыйымдылығы 500 немесе одан артық тіркелім тонна кеме 

капитанының вахталық көмекшісі

ТДВА II/1 

ережесі


жалпы сыйымдылығы 500-ден 3000 тіркелім тоннаға дейін кеме 

капитанының аға көмекшісі

ТДВА II/2 

ережесі


жалпы сыйымдылығы 3000 немесе одан артық тіркелім тонна кеме 

капитанының аға көмекшісі

ТДВА II/2 

ережесі


жалпы сыйымдылығы 500-ден 3000 тіркелім тоннаға дейін кеменің 

капитаны


ТДВА II/2 

ережесі


жалпы сыйымдылығы 3000 немесе одан артық тіркелім тонна кеменің 

капитаны


ТДВА II/2 

ережесі


жалпы сыйымдылығы 500 тіркелім тоннадан кем жағалау жүзудегі кеме

капитанының вахталық көмекшісі

ТДВА II/3 

ережесі


жалпы сыйымдылығы 500 тіркелім тоннадан кем жағалау жүзудегі кеме

капитаны


ТДВА II/3 

ережесі


бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт 

құрайтын кеменің вахталық механигі

ТДВА III/1 

ережесі



бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750-3000 кВт құрайтын кеменің 

екінші механигі

ТДВА III/3 

ережесі


бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 3000 немесе одан артық кВт 

құрайтын кеменің екінші механигі

ТДВА III/2 

ережесі


бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750-3000 кВт құрайтын кеменің 

аға механигі

ТДВА III/3 

ережесі


бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 3000 немесе одан артық кВт 

құрайтын кеменің аға механигі

ТДВА III/2 

ережесі


бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт 

құрайтын кеменің электромеханигі

ТДВА III/6 

ережесі


ҚБЖТЖ радиооператоры

ТДВА IV/2 

ережесі

ҚБЖТЖ жүзуі шектелген ауданның радиооператоры



ТДВА IV/2 

ережесі


      1-1. Кәсіби дипломды растауға арналған өтініш:

Мұнай танкерлері, химия тасушылары немесе газ тасушыларындағы жүк 

операциялары үшін теңіз көлігі мамандарын даярлау куәліктері (

капитандар және басшы құрамының тұлғалары)

ТДВА V/



ережесі



      2. Өтініш берушінің мәліметтері:

Тегі


Аты

Туған күні

Туған жері

Азаматтығы

Үй мекенжайы

 

Ұйым



E-mail

Телефон


Жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі

Беру органы және күні

Теңізші кітапшасының нөмірі

Беру органы және күні

ҚР теңізші жеке куәлігінің немесе теңізші паспортының 

нөмірі


Беру органы және күні

 

Теңізшілерге диплом беру



қағидаларына

2-қосымша

 

Нысан


                                          _____________________________________


                                          _____________________________________

Кәсіби диплом растамасын беруге арналған өтініш

      1. Шетелдік кәсіби дипломның танылуын куәландыратын растаманы беруге арналған өтініш (

керектісін белгілеу):

жалпы сыйымдылығы 500 немесе одан артық тіркелім тонна кеме 

капитанының вахталық көмекшісі

ТДВА II/1 

ережесі

жалпы сыйымдылығы 500-ден 3000 тіркелім тоннаға дейін кеме 



капитанының аға көмекшісі

ТДВА II/2 

ережесі

жалпы сыйымдылығы 3000 немесе одан артық тіркелім тонна кеме 



капитанының аға көмекшісі

ТДВА II/2 

ережесі

жалпы сыйымдылығы 500-ден 3000 тіркелім тоннаға дейін кеменің 



капитаны

ТДВА II/2 

ережесі

жалпы сыйымдылығы 3000 немесе одан артық тіркелім тонна кеменің 



капитаны

ТДВА II/2 

ережесі

жалпы сыйымдылығы 500 тіркелім тоннадан кем жағалау жүзудегі кеме



капитанының вахталық көмекшісі

ТДВА II/3 

ережесі

жалпы сыйымдылығы 500 тіркелім тоннадан кем жағалау жүзудегі кеме



капитаны

ТДВА II/3 

ережесі

бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт 



құрайтын кеменің вахталық механигі

ТДВА III/1 

ережесі

бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750-3000 кВт құрайтын кеменің 



екінші механигі

ТДВА III/3 

ережесі

бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 3000 немесе одан артық кВт 



құрайтын кеменің екінші механигі

ТДВА III/2 

ережесі

бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750-3000 кВт құрайтын кеменің 



аға механигі

ТДВА III/3 

ережесі

бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 3000 немесе одан артық кВт 



құрайтын кеменің аға механигі

ТДВА III/2 

ережесі

бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт 



құрайтын кеменің электромеханигі

ТДВА III/6 

ережесі

ҚБЖТЖ радиооператоры



ТДВА IV/2 

ережесі


ҚБЖТЖ жүзуі шектелген ауданның радиооператоры


ТДВА IV/2 

ережесі


      1-1. Кәсіби дипломды растауға арналған өтініш:

Мұнай танкерлері, химия тасушылары немесе газ тасушыларындағы жүк 

операциялары үшін теңіз көлігі мамандарын даярлау куәліктері (

капитандар және басшы құрамының тұлғалары)

ТДВА V/



ережесі



      3. Өтініш берушінің мәліметтері:

Тегі


Аты

Туған күні

Туған жері

Азаматтығы

Үй мекенжайы

Ұйым


E-mail

Телефон


Жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі

Беру органы және күні

Теңізші кітапшасының нөмірі

Беру органы және күні

ҚР теңізші жеке куәлігінің немесе теңізші паспортының 

нөмірі


Беру органы және күні

      4. Жүзу өтілі туралы мәліметтер

Кеменің 

атауы


Кеменің 

туы


ИМО 

нөмірі


Лауазым

Тіркелім тонналар немесе кВт 

саны

Жүзу 


мерзімі

 

Теңізшілерге диплом беру



қағидаларына

3-қосымша

 

Нысан


                                          _____________________________________

                                          _____________________________________

                                          _____________________________________

Жеңілдік рұқсатын беруге арналған өтініш

      1. Кеме және кеме қатынасы компаниясы туралы мәліметтер:

Кеме қатынасы компаниясының атауы



Кеменің атауы

Кеменің ИМО нөмірі

Кеменің жалпы сыйымдылығы

Қозғалтқыш қондырғысының қуаты (кВт)

Кеменің түрі

Шығу порты

Келу порты

Жүктің түрі

      2. Кеме қатынасы компаниясының бұрынғы өтініштері және берілген жеңілдік рұқсаттары:

Өтініштің № және күні

Кеменің атауы

Лауазымы Мерзімі

Жеңілдік рұқсатының №

      3. Теңізшінің деректері:

Тегі

Аты


Туған күні

Туған жері

Азаматтығы

Үй мекенжайы

 

Ұйым


E-mail

Телефон


Жеке куәлігінің нөмірі

Беру органы және күні

Теңізші кітапшасының нөмірі

Беру органы және күні

ҚР теңізші жеке куәлігінің немесе теңізші паспортының 

нөмірі


Беру органы және күні

Кәсіби диплом (№, беру күні)

ҚБЖТЖ радиооператоры кәсіби дипломы

(тек капитан көмекшісі үшін) (№, беру күні)

Медициналық қорытынды (№, беру күні)

Кемеде жұмысты бастау күні

Кеме қатынасы компаниясынан мінездеме

      4. Теңізшінің жүзу өтілі туралы мәліметтер (соңғы 2 жылдың ішінде)

Кеменің 

атауы


Кеменің 

туы


ИМО 

нөмірі


Лауазымы

Тіркелім тонналар немесе кВт 

саны

Жүзу 


мерзімі


      5. Жеңілдік рұқсаты:

Мына лауазымға:

Сұрау салынатын кезең:

Өтінішті беру себебі:

Теңізшіні дайындау үшін қабылданған шаралар және кемеде жұмысты бастау күні:

Өзге де ақпарат:

                              ______________________________________________

                                          Уәкілетті тұлғаның лауазымы және тегі

                                          ________________________________

                                          Уәкілетті тұлғаның қолы

            Күні                                                       Мөр орны

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК



жүктеу 257,89 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау