140
Аннотация
Мақалада ТарМПИ-ның мектепке дейінгі мекемелердің болашақ педагогтарын жаңартылған
бағдарлама бойынша даярлаудың тәжірибесі келтірілген. Дуалды оқу жүйесінің ерекшеліктері,
мақсат-міндеттері айқындалған. Сонымен қатар студенттердің кәсиби деңгейін кӛтеруге
бағытталған оқу үдерісінде болашақ маман даярлаудың жолдары қарастырылған
Аннотация
В статье представлен опыт работы ТарГПИ по подготовке педагогов дошкольного
образования по обновленной программе. Рассмотрены особенности, цели, задачи дуальной
системы обучения студентов, рассмотрены условия, способствующие повышению уровня
профессиональной подготовки будущих воспитателей детских дошкольных учреждений.
Annotation
The article presents the experience of TarSPI on preparing teachers of pre-school education in the
updated program. The features, objectives, targets students of the dual education system, conditions for
contributing to raising the level of professional training of future teachers of kindergartens.
141
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ
МАТЕМАТИКА, ФИЗИКА, ИНФОРМАТИКА
ӘОЖ 681.142.37
КЛАСТЕРЛІК ЖҤЙЕЛЕРДЕ БАҒДАРЛАМАЛАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Дҥйсембиев Е.Е., Казакбаев С.З., Алтаев Н.С., Ергебек Д.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Соңғы жылдары параллель есептеулерге негізделген жоғары ӛнімді компьютерлер
жасанды интеллект жүйесін жасауда, жаңа технология құрастыруда, космос, астрофизика,
аэрогазодинамика, мұнай-газ, экология, медицина, экономика, социология, криптография,
сейсмология, криминалистика және де кӛптеген басқа күрделі ӛндірістік, әлеуметтік
мәселелерді шешуде кеңінен қолданыс табуда. Ғалымдар о бастан-ақ уақытты неғұрлым
үнемдейтін және сапалы ӛнімдер даярлайтын техникаларды шығаруды мақсат етіп келеді.
Себебі, жоғары ӛнімді техникалардың қолданыста болуы қай салада болса да жұмысты
жеңілдетеді, әрі сапалы ӛнімдер даярлауда минималды шығын шығарып, максималды
нәтижеге қол жеткізеді.
Қазіргі таңда қоғамда болып жатқан ӛзгерістер білім беру саласының дамуына да
ықпал етуде. Сондай-ақ ақпараттық қоғамда және ӛндірістің дамуының негізгі құралы
болып ақпараттық ресурстардың қажеттілігі кӛрінеді. Сондықтан білім беру әлемі де
ӛзінің дамуы үшін жаңа қадамдар жасауда. Қазіргі таңда ғылым мен білімнің дамуы әр
мемлекеттің мәдениеті мен экономикасына ықпал ететіні сӛзсіз. Соңғы толқындағы
алдыңғы қатарлы суперкомпьютерлердің қуаттылығы ӛте жоғары, олардың секундына
бірнеше квадриллион операция жасай алатын мүмкіндіктері бар. Қазақстан енді-енді
қадам басқан ақпараттық технологиялардың биік белестерінің бірі – осы
суперкомпьютерлер.
Соңғы жылдары жоғары ӛнімді техниканы жасауды дамыту келесі бағыттарда
жүргізілуде:
- векторлы-конвейерлі компьютерлер;
- таратылған жадылы массивті-параллель компьютерлер;
- ортақ жадылы параллель компьютерлер;
- кластерлі архитектуралы компьютерлер.
Кластерлі архитектуралы компьютерлерге жеке тоқталайық.
Алғашқы жобалардың бірі, параллель жүйелердің тұтас бір класына атау берген -
Beowulf кластері болды. Ол NASA Goddard Space Flight Center (GSFC) орталығында
дүниеге келді. Beowulf жобасы 1994 жылдың жазында басталып, кӛп ұзамай Intel
486DX4/100 МГц процессорларының базасында 16-процессорлы кластер құрастырылды.
Оның әрбір торабына (түйінде) кәдімгі Ethernet желісі үшін 16 Мбайт жедел жады және 3
желілік картадан орнатылған. Бұндай конфигурациялармен жұмыс істеу үшін қолжетімді
желілік карталар арасында тарифтерді бӛлетін арнайы драйверлер құрастырылды.
Кейінірек GSFС орталығында theHIVE – Highly-parallel Integrated Virtual Environment
кластері құрастырылды. Бұл кластер 332 процессорды және екі бӛлінген хост-
компьютерді біріктірген тӛрт ішкі кластерлерден (подкластер) Е, В, G және DL тұрады,
және кластердің барлық тораптары Red Hat Linux басқаруымен жұмыс істейді.
1998ж Лос-Аламос ұлттық зертханасында астрофизик М.Уорен және теориялық
астрофизика бӛлімінің бір топ ғалымдары Alpha 21164A процессорлары базасында
тактілік жиілігі 533 МГц Avalon Linux-кластерін құрды. Алғашқыда Avalon 68
процессордан тұрды, одан кейін процессорлар саны 140 дейін кӛбейтілді. Әр түйінде 256
142
Мбайт жедел (оперативті) жады, 3 Гбайт қаты диск және Fast Ethernet желілік адаптер
орнатылды. Avalon жобасының жалпы құны 313 мың долларды құрады. LINPACK
тестінде кӛреткен ӛнімділігі – 47,7 Гфлопс, Тор500 тізімінің 12-ші редакциясында оған
114 орынды иеленуге мүмкіндік берді. Осы, яғни 1998 жылы жоғарыӛнімді есептеулер
облысы
бойынша
ӛткен
Supercоmputing‘98
конференциясында
Avalon
–ды
құрастырушылар «Avalon» деген тақырыпта доклад ұсынды, және ол «ең үздік
баға/ӛнімділік арақатынасы» номинациясы бойынша бірінші премияны иеленді.
2000 ж. Корнельский университетінде биомедициналық зерттеулер жүргізу үшін
Velocity+ кластері орнатылды. Ол әрқайсысы тӛрт Intel Pentium III процессорынан
тұратын 64 тораптан құралды. Тораптар Windows 2000 операциялық жүйесі басқаруымен
жұмыс істейді және cLAN желісімен біріктірілген.
Lots of Boxes on Shelfes жобасы АҚШ-ң ұлтық денсаулық институтында 1997 жылы
іске асырылды. Онда коммуникациялық орта ретінде Gigabit Ethernet технологиясы
қолданылады. Алғашында бұл кластер екі Pentium Pro/200 МГц процессорлы, 47 тораптан,
128 Мбайт жедел жадысынан және әр торапта 1,2 Гбайт дискіден тұрды. 1998 жылы
жобаның келесі этапы – LoBoS2 іске асырылды. Онда тораптар кластерге біріктірілуі
сақталған дәстүрлі столға қойылатын компьютерлерге ӛзгертілді. Қазір LoBoS2 әрбірі екі
Pentium II/450 МГц процессордан, 256 Мбайт жедел және 9 Гбайт дискілік жадыдан
құралған 100 есептеу торабынан тұрады. Кластерге, жалпы кӛлемі 1,2 Тбайт RAID-
массивімен 4 басқарушы компьютер қосымша қосылған.
2000 жылы құрастырылған KLAT2 (Kentucky Linux Athlon Testbed 2) кластері
әрбірінде AMD Athlon/700 МГц процессоры, және 128 Мбайт жедел жадысы бар 64
дискісіз тораптардан тұрады. Бағдарламалық
қамтама,
компиляторлар және
математикалық
кітапханалары
(SCALAPACK6
BLACS
және
ATLAS)
AMD
процессорларының 3D-Now! технологиясын тиімді пайдалану үшін түзетіліп істеп
бітірілген. Бұл жұмыс жүйенің ӛнімділігін айтарлықтай арттыруға мұмкіндік берді. Әрбір
торапта тӛрт желілік адаптар Fast Ethernet орнатылған, ал тораптар тоғыз 32-порттық
коммутаторлар кӛмегімен жалғастырылған. Сонымен қатар кез-келген екі торап үшін
коммутаторлардың бірі арқылы әрқашанда тікелей жалғасу бар, бірақ мүнда барлық
тораптарды бірыңғай (дара) коммутатор арқылы жалғастырудың қажеттілігі жоқ. AMD
архитектурасына
және
FNN
топологиясына
бағдарламалық
қамтаманы
тиімділеу(оптимизациялау) арқасында LINPACK тестінде баға/ӛнімділік қатынасының
рекордты кӛрсеткішін алуға қол жеткізілді – 650 доллар/1 гфлопс.
Кластерді бӛлімдерге(разделы) бӛлу идеясы Аргондық Ұлттық зертханада
дайындалған Chiba City жобасында жүзеге асырылды. Мұнда басты бӛлім 256 есептеу
тораптарын қамтиды, олардың әрбірінде екі Pentium III/500 МГц процессор, 512 Мбайт
жедел және кӛлемі 9 Гбайт жергілікті жады орнатылған. Жүйеге есептеу бӛлімінен басқа:
шолу (визуализация) бӛлімі (Мatrox Millenium G400 графикалық карталарымен 32 IBM
Intellistation, 512 Мбайт жедел жады және 300 Гбайт диск), деректерді сақтау бӛлімі
(Xeon/500 процесорларымен және 300 Гбайт дискімен 8 сервер IBM Netfinity 7000) және
басқарушы бӛлім (12 компьютер IBM Netfinity 500). Олардың бәрі параллель
қолданбаларға (приложениелерге
)
қолдау кӛрсету үшін пайдаланылатын Myrinet
желісімен біріктірілген. Басқарушы және қызметтік мақсаттар үшін Gigabit Ethernet және
Fast Ethernet желілері пайдаланылады. Барлық бӛлімдер 32 компьютерден тұратын
«қалаларға» (towns) бӛлінеді. Олардың әрқайсысының ӛзінің «мэрі» бар, ол ӛзінің
«қаласына» жергілікті қызмет атқарады және қызметтік желіге жүктемені азайтып,
жергілікті ресурстарға жылдам қатынасты қамтамасыз етеді.
Россияның бас қаласы Москваның Ведомостаралық суперкомпьютерлік орталығында
орнатылған МВС-1000М суперкомпьютерін де кластер қатарына жатқызуға болады.
Компьютер әрқайсысы 64 екіпроцессорлық модульдерді қамтитын алты базалық
блоктардан тұрады (Сурет 1). Әрбір модульдің құрамына екі процессор Alpha 21264/667
МГц (екінші деңгейлі кэш-жады 4 Мбайт), модуль процессорларымен бӛлінген 2 Гбайт
Достарыңызбен бөлісу: |