34
Рис. 18 сурет – Delphi жүйесінің терезесі..
Сонымен экранда біз не көреміз? Біріншіден,
форма терезесін. Форма дегеніміз – ол
біздің құрып жатқан программамыздың бірінші негізгі беті. Формада
палитра
компоненттен алынатын компоненттер орналасады. Компоненттер визуалды (батырмалар,
меню, енгізу алаңдары, көріністер) және визуалды емес (диалогтар, таймерлер, деректер
қоры) болып екі түрге бөлінеді. Визуалды компоненттер терезеде жұмыс кезінде көрініп
тұрады.
Программа мәтіні көбіне модуль (unit) түрінде автоматты түрде жазылады. Модуль екі
секцияға бөлінеді: Interface және Implementation. Interface секциясын әзірше қозғамай, оған
ештеңе қоспай тұра тұру керек және де өшірмеу керек.
Форманың өзі де, олардың барлық компоненттері де
объект (нысан) болып саналады.
Әрбір объекттің
қасиеттері, әдістері және жағдайлары болады. Мысалы, "Кнопка"
объектісінде "кнопкадағы мәтін" қасиеті және "Кнопкаға басу" жағдайы болады. Қасиеттер
мен жағдайлар
объекттер инспекторында орналасып, көрініп тұрады. Ең негізгісі сол
мезгілде формадағы қай обект ерекшеленіп тұрғанын мұқият қадағалап отыру маңызды
болып саналады, барлық ашылған қасиеттер мен жағдайлар сол белгіленген обектке ғана
қатысты болғаннан кейін (белгіленген объекттің аты
объекттер инспекторының жоғарғы
жағында
көрініп тұрады).
Delphi-
мен жұмыс жасауға керекті, келесі ыстық батырмаларды есте сақтап алыңыз:
F12 –
форма мен программа мәтіні терезесін ауыстырып қосып отыру;
F11 –
объекттер
инспекторын қосу;
F9 –
программаны іске қосу;
Ctrl+F2 –
іске қосылған программаның жұмысын үзу.
Delphi-
дегі жобалар файлдары:
свойства
Инспектор объектов
форма
текст программы
события
текущий
компонен
палитра
компонентов
запуск программы
35
Delphi-
дегі кез келген жоба,
ең кем дегенде, оған байланысты алты файлдан тұрады.
Олардың үшеуі программалау ортасынан сол жобаны басқаруға арналып, программистің өз
қолымен еш уақытта өңделмейді..
Delphi-
дегі жоба файлдарының түрлері:
PROJECT1.DPR –
жобаның негізгі файлы (қалыпты жағдайда берілетін жоба файлының
аты). Егер жоба атын өзгерту керек болса, онда
File менюінен
Save Project As командасын
таңдап, жоба файлын жаңа атпен қайта жазу керек
: атын таңдау кезінде Object Pascal-дағы
қағидаларды ескерген жөн. Ат ішінде бос орын болмау керек (бұл жағдайда астын сызу
таңбасын пайдаланған жөн), ат латын әріпінен басталу керек (сан таңбаларын пайдалануға
болады, бірақ екінші таңбадан бастап), әріптер менсан таңбаларынан басқа символдар
пайдалануға болмайды. Жобаны қай атпен сақтасаңыз,
.exe файлы сол атпен құрылатын
болады, оның атын сіз кәдімгі файл атын өзгерту жолымен өзерте аласыз.
UNIT1.PAS –
жұмыс басында автоматты түрде көрініп тұратын, жоба программасының
Unit1
файлының аты. Бұл ат файлға қалыпты жағдайда сақтау кезінде берілелі, бірақ сіз оны
сақтау кезінде бірден басқа атпен атасаңыз болады, мысалы:
MAIN.PAS. Ол кәдімгі сақтау
кезінде
File менюінен
Save As командасын
таңдау арқылы орындалады: код
редакторындағы ағымдағы активті модуль сақталады.
Қалыпты жағдайда
UNIT1.DFM-деп аталатын негізгі форманың файлы форманың сыртқы
пішінінің көрінісін сақтау үшін пайдаланылады (құрылып жатқан қосымшаның терезесі). Бұл
файлдың аты модуль файлының атын өзгерткен кезде автоматты түрде өзгереді.
PROJECT1.RES –
ең басынан жобаға арналған иконканы сақтайтын ресурстар файлы.
Автоматты түрде құрылып, өзінде форманың және сол форма компоненттерінің
параметрлерін сақтайды. Жобамен аттас болып келеді.
PROJECT1.DSK –
жұмыс аумағының (формаларының) қалыпты күйі туралы ақпараттарды
сақтайды. Қосымшаны өңдеу кезіндегі терезелер жағдайы.
.EXE файл – жобаны компиляциялау кезінде құрылатын орындалу файлы. Әрине, егер
жобаның атын өзгертіп сақтайтын болсақ, онда кеңейтілулері
RES және
DSK файлдары да
өз аттарын өзгертеді.
Программаны компиляциялағаннан кейін кеңейтілуі: .
DCU болатын
файл – келесі жолы тез
компиляциалануға арналған PAS файлдары болып саналады,
кейбір файлдар тез
компиляциялау кезінде .
EXE – орындалу файлын құру үшін пайдаланылады.
~PA, ~DP –
редактордың
backup (уақытша сақталған) файлдары. Автоматты түрде құрылып,
өз құрамында соңғы сақтау алдындағы параметрлерді сақтап қалады..
Жобаны сақтау
Болашақта өз жобаңды өзің ашып, өңдеп жөндеку үшін, немесе оның жұмысвн басқпру
үшін оны дискіге сақтап қою қажет.
Ондағы бірінші қадам, ол – программаға арнап ішкі бума ашу керек.
Бәрінен де дұрысы,
ол ішкі буманы сол өзіңіздің басұһқа да программалар сақталған бумаларыңыздың ішінен
ашқаныңыз жөн. Мысалы, сіз LESSONS бумасын ашып, оның ішінен қөзіңіз сол сабақта
пацдаланатын программаны сақтау үшін ішкі бір нақты сабаққа арналған LES4 бумасын
ашуыңызға болады.
Қз программаңызы сақтауға арнап ішкі бума ашқан соң меню пунктынан "File" →
"Save All" жолын таңдауыңыз керек. Сақтағана міндетті түре екі файл сақтауыңыз керек.
Оның ішіндегі
1-
ші файл:
бұл – өзіңіз жұмвс жасап құрған, жоба модулінің файлы (unit);
2-
ші файл:
Бұл – жобаның ннгңзгі файлы (project). Осы жерден әрі қарай сіздің жобаңызда
неше терезе (форма) болса, сонша модуль, яғни бума сақтайсыз (бұл жоба файлыңың
өзінен басқа файлдар жиыны).
№6 Дәріс. Объекттер иерархиясы, компоненттер сипаттамалары.