Internet Стандартталған



жүктеу 235,16 Kb.
Pdf просмотр
бет7/7
Дата14.12.2017
өлшемі235,16 Kb.
#4272
1   2   3   4   5   6   7

 

 

24-сурет. Корпоративтік сайттың мысалы 



 

Интернет-дүкен 

Отандық  жəәне  əәлемдік  бизнестің  дамуының  заманауи  үрдісі  интернет 

рөлінің  артуы  болып  табылады.  Өз  бизнес-процестерінде  интернет-

технологияларды  белсенді  пайдаланатын  компаниялар  жаңа  уақыт  талабын 

елемейтін бəәсекелестеріне қарағанда айтарлықтай табысты болып келеді.  

Отандық  жəәне  əәлем  интернетінде  шапшаң  дамып  келе  жатқан 

интернет-бизнестің  бір  түрі  –  интернет-сауда,  яғни  тауарларды  интернет 

арқылы сату болып табылады.  

Фирманың  интернет-дүкені  фирманың  корпоративтік  сайты  мен 

интернет-дүкеннің алдына қойылған мақсаттарға байланысты корпоративтік 

сайттың бөлігі немесе бөлек, тəәуелсіз сайт болуы мүмкін.  

Заманауи  интернет-сауданың  табысты  болуы  көп  факторларға 

байланысты:  интернет-дүкен  қаншалықты  сауатты  жəәне  қолданушыға 

ыңғайлы 


түрде 

ұйымдастырылған 

дегеннен 

бастап 


оның 

іздеу 


машиналарында жылжуына дейін.  

Нарықта  электрондық  коммерция  жүйелері  жəәне  интернет-дүкендер 

құруға арналған шешімдер айтарлықтай əәртүрлі жəәне оларды бірнеше негізгі 

белгілері  бойынша:  интернет-дүкенде  ұсынылатын  өнім  типі  бойынша, 

бағдарламалық жабдықты сатып алу бағасы, өндірушінің қолдауының болуы 

жəәне оның деңгейі бойынша жіктеледі. 




Бағдарламалық жабдықтың келесідей стандартты мүмкіндіктері болады:  

1.  Интернет-дүкеннің  тауарларын  түрлі  сипаттамалары  бойынша  кеңейтілген 

түрде іздеу (мысалы: тауар типі, өндірушісі, бағасы жəәне т.б. бойынша); 

2.  Интернет-дүкенде  сатылатын  тауарларлы  басқа  тауарлармен  салыстыру 

жүйесі; 

3.  Электрондық 

тауарлармен 

жұмыс 


жасау, 

мысалы 


компьютерлік 

бағдарламаларды,  электронды  журналдарды,  мақаларды  жəәне  тағы 

басқаларын ақысын төлеген соң жүктеп алу мүмкіндігі; 

4.  Электрондық  төлем  жүйелерімен  жұмыс  жасау  (  веб-money,  RuPay,  Яndex-

Деньги, Rapida, E-gold, PayPall жəәне т.б.); 

5.  Интернет-дүкен тапсырыстарын қабылдау жəәне есепке алу жүйесі; 

6.  Өнімдер конфигурациясы (мысалы: түсін, көлемін жəәне т.б.таңдау); 

7.  Салықты жəәне тауарды интернет-дүкеннен жеткізу құнын есептеу.  

Жоғарыда  аталған  стандартты  мүмкіндіктер  іс  жүзінде  электрондық 

коммерцияға  арналған  кез  келген  өнімде  белгілі  бір  формада  бар,  ал  нақты 

жүзеге  асыру  мен  мүмкіндіктердің  болуы  клиентке  жəәне  басқару 

қолайлылығына,  экономикалық  мүдделерге  жəәне  мағынасы  бойынша 

анықталады.  

 

 



25-сурет 

Контент-жоба 

Контент-жоба  –  бұл  əәдетте  коммерциялық  емес  бағыттағы,  мақсаты 

нақты  бір  тақырып  аясында  келушілер  жинау  болып  табылатын  мəәтіндер, 

мақалалар  жəәне  басқа  материалдардың  жиыны  болып  табылатын  сайт.  Ары 




қарай  бұл  сайтқа  келушілерінің  трафигі  коммерциялық  сайттарға 

жөнелтіледі, яғни шындығына келгенде контент-жоба жарнама алаңы ретінде 

қолданылады.  

Контент-жоба  интернет-кітапхана,  энциклопедия  немесе  анықтамалық 

ретінде  кездесуі  мүмкін.  Контент-жобаның  əәрбір  парағы  əәдетте  болмашы 

трафик  жинайды,  бірақ  ондай  сайттың  жалпы  тафигі  өте  қомақты  болуы 

мүмкін. 

Егер  контент-жобадағы  жарнама  тақырыпқа  сай  орнатылатын  болса, 

серіктестердің  сайтына  тақырып  аясындағы  ең  сапалы  трафик  жөнелте 

алады,  яғни  сайтқа  келушілерді  сатып  алушыларға  айналдырады,  себебі 

аталған  тақырып  аясындағы  қызметтің  немесе  тауардың  контент-жобадан 

келген келушіні қызықтыру ықтималдығы жоғары.  

Контент-жоба  сонымен  қатар  шолу  құралы,  ойын-сауық  ресурсы 

немесе блог болуы мүмкін. 

 

 

26-сурет 



 

Сайт-форум, сайттағы форум 

Форум-дербес  сайт  немесе  сайттың  бөлімі  болып  табылуы  мүмкін. 

Көбінесе  сайт-форум  негізгі  сайттың  төменгі  деңгейлі  доменінде 

орнатылады, 

сайт 

қолданушыларының 



өзара 

жəәне 


сайттың 

администраторымен байланысуын ұйымдастыруға арналған.  

Сайт-форум  негізгі  сайттың  келушілерін  қызықтыратын  тақырыптар 

мен сұрақтарды бақылап отыруға арналған өте ыңғайлы құрал болуы мүмкін. 

Бұл  сайт  қонақтарына  қызық  ақпараттарды  таңдауға  жəәне  сайттың  тұрақты 

қонақтарының  ядросын  құруға  мүмкіндік  береді.  Материалдарды  тұрақты 




түрде  жаңартып  отыру  жəәне  белсенді  форумды  пайдалану  сайт 

қонақтарының тұрақты ағынымен қамтамасыз етіледі.  

Сайт-форум  негізгі  сайтқа  контент  жинаудың  ыңғайлы  құралы  болуы 

мүмкін.  Форумда  ашылған  жаңа  тақырыптар  негізгі  сайттың  жаңалықтар 

лентасының  жаңа  мақалалары  туралы  немесе  үзінділері  поштамен 

таратылатын  мақалалар  жайында  құлағдар  ету  үшін  қолданылады.  Сайт-

форумды  пошталық  жіберулермен  қатар  қолдана  отырып  негізгі  сайтқа 

келушілер санын арттыруға болады.  

 

 

27-сурет 



 

Жаңалықтардың интернет-басылымы, жаңалықтар сайты 

Жаңалықтардың  интернет-басылымы  -  бұл  портал  форматында 

құрылған  айтарлықтай  үлкен  сайт,  онда  саясатта,  экономикада,  спортта, 

мəәдениетте  болып  жатқан  жаңалықтар  жарияланады  жəәне  күніне  жиі  (бір 

реттен кем емес)  жаңаланып отырады. Жаңалықтардың интернет-басылымы 

жаңа ақпарат іздеу кезінде дəәстүрлі БАҚ-тарға қарағанда жылдамырақ əәрекет 

етеді.  Сөзсіз,  мұндай  əәрекеттер  көрушілер  санының  артуына  əәкеледі. 

Сонымен  интернет-басылымдарды  көрушілердің  саны  бір  күнде  бірнеше 

ондаған мың адамға жетуі мүмкін.  

Жаңалықтардың  интернет-басылымдарының  Қазақстандық  ірі 

мысалдары: 

http://tengrinews.kz/

 

http://kazinform.kz/



 

Көптеген  ірі  бұқаралық  ақпарат  құралдары  да  жаңалықтарын  интернетте 

жариялап отырады. Оның мысалын 28-суреттен көруге болады. 

 



 

28-сурет 



 

 

Блог 

Блог  –  жаңалықтар  лентасына  ұқсас  жүргізілетін  интернет-күнделік 

немесе  журнал  болып  табылатын  сайт.  Блогтың  əәрбір  тақырыбына  сайт 

қолданушысы  өз  пікір-хаттарын  қалдыра  алады  жəәне  ол  хаттар  сəәйкес 

тақырыптың  бас  парағында  көрініп  тұрады.  Блог  əәдетте  өте  жиі 

жаңартылады,  сол  себепті  іздеу  машиналары  оларды  қарапайым  сайттарға 

қарағанда жиірек индекстейді.  

Блог  көбінесе  ортақ  қызығушылықтары  бар  адамдардың  өзара  пікір 

алмасуы үшін пайдаланылады, бұл жағынан келгенде форумды еске  салады.  

ƏӘлемдегі  ең  соңғы  жаңалықтар  көбінесе  алдымен  блогтарда  пайда 

болады, ал жаңалықтардың интернеттік басылымдар хабарларында кейінірек 

жарияланатын кездері жиі.  

Жалпы түрде блог жаңалықтар лентасының, қонақтар кітабының жəәне 

форумның біртүрлі гибриді болып табылады деп айтуға болады.  

 



 

29-сурет 

 

 

Интернет-портал 



Интернет-портал  –  бұл  ондаған  немесе  жүздеген  бөлімдері,  жоғарғы  

жəәне төменгі деңгейлі категориялары бар өте үлкен сайт.  

Ең үлкен жəәне танымал интернет-портал - Yahoo.com. Онда барлығын 

дерлік  –  компанияның  өзіне,  өнімдеріне,  қызметтеріне,  қолданатын 

технологияларына  қатысты  ақпарат;  саясат,    экономика  жəәне  спорт 

жаңалықтарын,  кітапханалар,  жұмыс,  ауа-райы  болжамын  жəәне  миллион 

түрлі  нəәрселер  табуға  болады.  Ондай  сайтты  құру,  демеп  жəәне  жаңартып 

отыру  үшін  сайтты  беттеушілер,  бағдарламашылар,  дизайнерлер, 

маркетологтар,  сарапшылар  жəәне  басқа  да  қызметкерлерден  тұратын  тұтас 

үлкен ұжым жұмыс жасауы керек.  

Сонымен қатар Microsoft  компаниясының да өте ірі порталы бар.  

Бизнес  тақырыбына,  қалаға,  бағдарламалық  жабдыққа  жəәне  басқа 

тақырыптарға  арналған  ірі  порталдар  бар.  Қазақстанда  танымал    ірі 

порталдардан nur.kz жəәне біздің елде танымал ресейлік Mail.ru сайтын атауға 

болады.  



 

30-сурет 

 

 

Браузерлердің түрлері 



 

Браузер  (шолушы,  желіні  шолушы  немесе    веб-шолушы)  – 

Бүкілəәлемдік Интернет желісінде немесе жергілікті желінің  веб-сайттарында 

орналасқан мəәтіндер, кескіндер жəәне басқа да ақпаратты көрсетуге арналған 

жəәне 

олармен 


қатынасуға 

мүмкіндік 

беретін 

бағдарлама. 

Сайт 

парақтарындағы  мəәтін  мен  кескіндерде  осы  немесе  басқа  сайттарға  сілтеме 



болуы мүмкін.  

Браузер  қолданушыға  сілтемелермен  өту  арқылы    веб-сайттарда 

орналасқан  веб-парақтарға жылдам жəәне жеңіл қатынасуға мүмкіндік береді. 

Сонымен  қатар,  браузерлердің  көпшілігінде  FTP-серверлердің  мазмұнын 

қарау мүмкіндігі бар.  

Браузерлер Бүкілəәлемдік тор  пайда болғаннан бері дамып келеді жəәне 

ол  өскен  сайын  жеке  компьютердің  маңызды  бағдарламасына  айналды. 

Бүгінде  браузер  —    веб-парақтың  түрлі  құрамдас  бөліктерін  көрсетуге, 

өңдеуге,  жəәне      веб-сайт  пен  оның  қолданушысы  арасындағы  интерфейсті 

қамтамасыз етуге арналған кешенді қосымша.  

Браузерлердің əәртүрлі өңдеушілер өндірген алуан түрлері бар. Мысалы,  

Microsoft  компаниясы өзінің басқару жүйесі Windows  үшін Internet Explorer 

браузерін  жасады,  өз  кезегінде  Apple    -  Safari,  Google  -  Google  Chrome 

браузерлерін  жасады.  Екібастан,  Mozilla  Fundation    компаниясы  Mozilla 




Firefox  шолушысын  ұсынды.  Сонымен  қатар,  аталған  браузерлердің 

өзгертілген нұсқалары бар.  

 Avant Browser  – жылдам, тұрақты, қолданушыға ыңғайлы əәмбебап  

веб-браузер.  

 

 Google Chrome – дизайн қарапайымдығы мен заманауи 



технологияларды қамтитын тегін браузер.  

MozillaFirefox – жылдам, сенімді, жеңіл жұмыс жасау мүмкіндігін 

беретін жақсы қорғалған тегін браузер.  

Maxthon – Internet Explorer қозғалтқышында жасалған көп 

функционалды интернет-браузер.  

 

 Opera – Интернетте жылжудың көптеген функциялары бар қуатты 



браузер.  

 

Chromium – Интернетте жұмыс жасауға арналған қарапайым, жылдам 



жəәне сенімді  веб-браузер.  

 

Safari  –  Apple  Inc.  Компаниясының  Windows  басқару  жүйесіне 



арналған тегін браузері.  

 

 



OperaUSB – Opera браузерінің ақпаратты сақтаудың əәртүрлі тасылмал 

құралдарына орнатуға арналған портативті нұсқасы.  

 



SeaMonkey  –  бір  пакеттегі    веб-браузер,  HTML-редактор,  RSS 

агрегаторы, пошталық бағдарлама жəәне IRC-клиент.  

 

InternetExplorer  –  Windows-ті  басқару  жүйесіне  арналған  тегін 



графикалық браузер.  

 

 

Браузер интерфейсімен танысу 

 

Браузер  –  бұл  Бүкілəәлемдік  торға  кіретін  терезе.  Онсыз  ештеңе  жасай 



алмайсыз  деуге  болады.  Сондықтан  оны  қолданудың    əәліппесін  ғана  емес, 

басқа маңызды жақтарын да білу керек.  

 

31-сурет 



Құрал-саймандар панелі 


ƏӘрбір  браузердің  жоғарғы  жолағында  басқа    бағдарламалардағыдай 

құрал-саймандар  панелін  көруге  болады.  Енді  оның  неден  тұратынына 

тоқталайық.  Оны  Opera  браузерінің  мысалында  қарастырамыз  (төмендегі 

иллюстрацияны қараңыз) 

 

 

32-сурет 



 

Батырмалар: 

“Opera” батырмасы – бұл батырма  параққа бірнеше амалдар қолдану 

мүмкіндігін  беретін  Opera  бағдарламасының  жанама  мəәзірін  ашады.  Ол  

амалдар келесілер: қосымша бет ашу жəәне терезе (вкладки и окна), парақты 

сақтау,  парақты  қағазға  басып  шығару  (страница),  жүктеулерді  (загрузки), 

тарихты (история), бет белгілер (закладки) мен жазбаларды (заметки) қарау, 

баптауларды  (настройки)  немесе  анықтаманы  (справка)  ашу,  безендіруді 

өзгерту (оформление), синхронизация қосу немесе жай ғана браузерден шығу 

(выход). 

 

 

33-сурет 



 

Алға/Кері  қарай  –  бұл  батырмалар  алдыңғы  қаралған  параққа  қайта 

оралуға мүмкіндік береді жəәне керісінше.  



Жаңарту  –  бұл  батырма  қарап  отырған  парақтарғы  ақпаратты 

жаңартуға, яғни серверге қайта сұрау жіберуге мүмкіндік береді.  




Адрес жолы – барлық браузерлерде адрес жолы адрес бар. Белгілі бір 

сайтқа  кіру  үшін  сайттың  адресін  сол  жерге  енгізу  керек.  Парақтың  бірегей 

адресін  де  браузер  сонда  жазады.  Оны  тінтуірме  белгілеп  алып  көшіруге 

жəәне  қалаған  жеріңізге  қоюға  болады,  мысалы  блокнотқа  немесе  хатқа.  Сіз 

оны қайтадан адрес жолына көшіру жəәне  ENTER  батырмасын басу арқылы 

дəәл сол параққа орала аласыз.  



Іздеу  жолы  –  бұл  жол  сізге  іздеу  сайтының  парағына  өтпестен 

интернетте іздеу жүргізуге мүмкіндік береді. Браузер баптауларында іздеуді 

үнсіз келісім бойынша өзгерте аласыз. 

 

Гиперсілтемелер 

Бұл  сайт  парағындағы  элемент.  Оны  басқан  кезде  браузер  сайттың 

басқа  парағын  жүктейді.  Сілтемеде  парақтың  бірегей  адресі  болады. 

Сондықтан  онда  тінтуірдің  оң  батырмасын  басып,  оны  жанама  мəәзірден 

көшіріп алуға болады.  

Көбінесе  сілтемелер  мəәтінде  асты  сызылған  қаріппен  ерекшеленеді. 

Сілтемеге меңзерді апарған кезде меңзер қолға ауысады.  

ƏӘдетте сілтемені басқан кезде жаңа парақ ағымдағы парақтың орнына 

ашылады. Бірақ кейде əәрбір сілтемені жаңа қосымша бетте ашқан қолайлы.  

Егер  сілтемені  қандай  да  бір  бетке  немесе  хат  арқылы  біреуге  жіберу  керек 

болса оны адрес жолынан көшіріп алыңыз.  

 

Қосымша бет (Вкладки) 

Қосымша  бет  (tab)  —  қолданушының  графикалық  интерфейсінің 

элементі.  Ол  қосымшаның  бір  терезесінде  бірнеше  ашық  құжаттар  немесе 

интерфейстің  алдын  ала  анықталған  элементтерінің  арасында  ауысуға 

мүмкіндік  береді,  арнайы    бөлінген  терезе  кеңістігінде  олардың  тек  біреуі 

ғана көрсетіле алады.  

Қосымша  бет  жазуы  бар  «дөңес»    болып  табылады  жəәне  ол  экранның 

өзгермелі  мазмұн  үшін  бөлінген  аумағының  шекарасында  орналасады. 

Қосымша  бетте  батырманы  басу  оны  белсенді  етеді  де  экранның  қосымша 

беттер  басқаратын  аумағында  сəәйкес  ақпарат  көрсетіледі.  Қосымша  беттер 

бірінен  соң  бірі  көлденеңінен  орналасады,  сирек  жағдайларда  тігінен 

орналасады. 

 

 

 



Бет белгілер (Закладки) 


Өзіңізге  ұнаған  парақтың  адресін  сақтау  үшін  оны  блокнотқа  көшіру 

міндетті  емес.  Себебі  əәр  браузердің  таңдаулы  адрестерді  сақтау  мүмкіндігі 

бар.  Мұны  жүзеге  асырудың  ең  жылдам  жəәне  ыңғайлы  əәдісі    -  CTRL+D 

пернелер комбинациясын басу.  

 

 

Файлдарды жүктеу 



 

Интернетті күнделікті қолданған кезде сізде құжаттар, кескіндер, аудио 

жəәне  видео  файлдар  сияқты  файл  түрлерін  көшіру  қажеттілігі  туындайды. 

Бұл  операцияны  орындаудың  түрлі  əәдістері  бар  жəәне  жыл  өткен  сайын  бұл 

процесс  оңтайландырылып  отырды.  Көптеген    веб-браузерлердің 

кіріктірілген  жеке  жүктеу  менеджерлері  бар,  мысалы  Mozilla  Firefox-тың 

менеджері айтарлықтай ыңғайлы.  

 

34-сурет 



 

Интернеттен  жүктеуді  жеңілдететін  түрлі  сыртқы  утилиталар  бар. 

Мысалыға,  Download  Master.  Бұл  утилита  Интернеттен  файлдар  жүктеу 

кезінде туындайтын үш негізгі мəәселені тиімді шешеді: жүктеу жылдамдығы, 

тоқтатылған жүктеуді жалғастыру жəәне жүктелген файлдарды басқару. Бұл – 

өз  компьютеріңізде  орнатылған  браузермен  синхрондауға  болатын 

толығымен тегін бағдарлама.  

Download Master бағдарламасының сипаттамасы 



Интернеттен  файлдар  жүктеу  жылдамдығын  айтарлықтай  арттыратын 

орыс  өңдеушілерінің  тегін  «көшіргіші».  Жылдамдықты  арттыру  файлдың 

бірнеше  фрагменттерімен  бір  мезгілде  жұмыс  жасау  есебінен  жүзеге  асады. 

Ағымдар  санын  күйіне  келтіре  отырып  қосылудың  өткізгіштік  қабілетін 

оңтайлы  қолдануға  болады.  Бағдарлама  орыс  жəәне  украин  тілдеріндегі 

ыңғайлы  интерфейсі,  жүктеу  графикасын  көрсетуі  жəәне  басқа  да  көптеген 

баптаулары арқылы ерекшеленеді.  

 

 



35-сурет 

 

 1-қадам 

 «Добавить закачку» (+) батырмасын басыңыз. 




 

36-сурет 



 

2-қадам 

Сілтемені қойыңыз да категория мен сақтайтын орынды таңдаңыз.  

 

 

37-сурет 



 

3-қадам 

Көшіруді бастау (начать закачку) батырмасын басыңыз. 

 

 

 

BitTorrent 



BitTorrent – бұл интернетте файлдарды тегін алмасу протоколдарының 

бірі.  Файлдар  бөліктерімен  жөнелтіледі,  torrent-клиент  бұл  бөліктерді  ала 

отырып  оларды  басқа  клиенттерге  де  береді.  Бұл  өз  кезегінде  жүктемені 

азайтады  жəәне  əәрбір  ақпарат  көзі  болып  отырған  клиенттен  тəәуелділікті 

төмендете  отырып,  мəәліметтермен  жабдықтауды  артығымен  қамтамасыз 

етеді.  Бұл  расында  үлкен  көлемді  файлдарды  бірнеше  күн  бойы  жүктеуді,  

арасында тоқтатып қойып, көшірудің ең ыңғайлы түрі.  

 

 



38-сурет 

 

Бүгіндері  интернетте  түрлі  тақырыптар  аясында  материалдар 



орналасқан торрент-трекерлер өте көп.  


 

39-сурет 



«Торррент көмегімен файл жүктеу» нұсқаулығы 

Торрент бойынша файл жүктеуді бастау үшін сізге арнайы бағдарлама 

керек, мысалы uTorrent 1.6. 

Орнатылып болған соң бұл бағдарлама файлдармен автоматты түрде  

əәрекеттесіп,      керек  .torrent  форматын  береді  жəәне  файлды  серверден 

көшіруге дайындай алады.  

Егер  жүктеу  басталмаса  немесе  торренті  тінтуірдің  сол  жақ 

батырмасымен  екі  рет  шерткен  кезде  клиент  іске  қосылмаса,  онда  басқа 

жүктеу менеджері кедергі келтіріп тұрған болуы мүмкін.  

Торрент файлды қолдан ашуға болады.  

 

 1. Сонымен uTorrent бағдарламасын іске қосамыз. 



Баптаулар  үнсіз  келісім  бойынша  анықталып  тұрады  жəәне  олар  файлдарды 

жайлы жағдайда көшіруге əәбден жеткілікті болғандықтан, оларды өзгертудің 

қажеті жоқ.  



 

40-сурет 

 

2. «Торрент қосу» (добавить торрент) белгісін басамыз. 



 


 

41-сурет 

 

3. Енді керек торрент-файлды таңдаймыз жəәне ашамыз.  



 


 

42-сурет 

 

4.  Келесі  терезеде  дайын  файлдарды  сақтайтын  директорияны  таңдаймыз. 



Үнсіз 

келісім 


бойынша 

бұл: 


C:\Documents 

and 


Settings\Менің 

құжаттарым\Downloads.  Қалауыңыз  бойынша,  барлығын  көшірмей  керекті 

файлдарды  ғана  таңдасаңыз  болады.  Олардың  жанындағы  қанат  белгілерді 

қалдырамыз да артықтарын алып тастаймыз. Егер күйге келтіруді аяқтасаңыз 

«ОК» батырмасын басыңыз.  

 

 5. Алақай! Жүктеу басталды! 



Клиент  дəәл  қазіргі  кезде  берілген  файлды  көшіріп  жəәне  таратып 

отырған сидтар мен пирларды іздеуді бастайды.  

Трекерден  файлды  көшіру  жылдамдығы  сіздің  жылдамдығыңызға 

тəәуелді.  ƏӘйтсе  де  жүктеу  басталған  болса,  бірақ  айтарлықтай  баяу  жүріп 

жатса қорқудың керегі жоқ, себебі: біріншіден пирлардың каналы баяу болуы 



мүмкін,  ал  екіншіден  сіз  таратуға  енді  ғана  қосылған  кезде  əәдетте  көшіру 

жылдамдығы айтарлықтай аз болады да, уақыт өтісімен артады.  

 

 

43-сурет 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



жүктеу 235,16 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау