Модуль 2. Электрондық пошта
Жұмыс жасау принципі
Электрондық пошта (ағылшынша E-mail) компьютер арқылы
қатынасудың ең əәмбебап құралдарының бірі жəәне Интернеттің ең маңызды
ресурстарының бірі болып табылады. Интернеттің кез келген қолданушысы
желіде жеке поштасын құра алады.
Интернет желісі бойынша əәлемде күніне миллиондаған хаттар
жіберіліп, қабылданып жатады жəәне мұның барлығы біздер үшін күні-түні,
демалыссыз жұмыс жасауға дайын пошта қызметтерінің арқасында жүзеге
асады. Бірақ бұл жұмысты адамдар емес хаттарды немесе жай ақпарат
жіберуге жəәне қабылдауға арнайы бағдарламаланған компьютер орындайды.
Хат жіберу Интернетте тіркелген пошта жəәшіктерінің арқасында жүзеге
асады. Бұл қызмет түрін сіз де тегін қолдана аласыз.
Электронды пошта кəәдімгі конверттерге салынып алушының
мəәліметтері мен мекен-жайы көрсетіліп жіберілетін хат арқылы қатынасудың
баламасы болып табылады. Бірақ мұның ерекшелігі сол, бұл хат электронды
түрде болады жəәне компьютерден хаттарды алушыға бағыттайтын арнайы
компьютер – пошталық серверге жіберіледі де одан соң алушының пошта
жəәшігіне жеткізіледі. Барлық процедура, егер бəәрі дұрыс болса, ең көп
дегенде 3-5 минуттан артық уақыт алмайды.
Қолданушыларға электрондық хаттарды оқуға жəәне құруға мүмкіндік
беретін бағдарламалар қолданбалы агенттер деп аталады. Ондай
бағдарламалардың мысалдары:
• Microsoft Outlook
• The Bat!
• Mozilla Thunderbird
• Opera Mail
• Windows Mail
• Lotus Notes
• Apple Mail
• Evolution
• Mutt
• Claws Mail
• Sylpheed
• MailMan
• Email Viewer жəәне тағы басқалары.
Қолданушылық агент хаттарды құрады: оның мəәтінін жазуға, файлдар
қосуға, тақырыбы мен алушылардың адрестерін көрсетуге мүмкіндік береді.
Электрондық поштамен браузерді ғана қолданып веб-интерфейс арқылы да
жұмыс жасауға болады.
Кез келген хатты жіберу үшін алушының адресін білу керек. «Ауылға.
Атама» деп жазуға болмайды. Бұл электрондық поштаға да қатысты.
Электрондық поштаның Internet-адресінің түрі келесідей:
«қолданушы@машина»
мұнда, айқұлақ белгісі @ қолданушы аты мен машина атын бөліп тұр.
Электронды пошта адресін толығырақ қарастырайық. Мұндағы
қолданушы аты — абоненттің идентификаторы, ал машина — доменді
білдіреді (домен туралы толығырақ 1-Модульде айтылды). Идентификатор
ретінде қолданушының атын, тегін немесе псевдонимін қолдануға болады.
Хаттың ішінде қарапайым конверттегідей, графикалық (суреттер,
кескіндер), аудио, видео жəәне басқа түрдегі тіркелген файлдар болуы мүмкін.
Қағаз хаттардағыдай, электронды хат алмасудың кейбір ерекшеліктері
бар. Ондай қатынасу əәдетте тұлғааралық немесе топтық болуы мүмкін, бірақ
кейде жаппай түрде (бір хатты көп адамға жіберген кезде) орын алуы
мүмкін. ƏӘрекеттесу түріне қарай монолог немесе диалог (егер хат алдыңғы
хатқа жауап ретінде жазылса) деп бөлуге болады. Формасы, қағаз
жағдайындағыдай, жазбаша болып келеді, бірақ егер қатынас хаттарға
тіркелген дыбыстық файлдар арқылы жүзеге асырылатын болса, ауызша деп
те айтуға болады. Сөйлесу стиліне ешқандай шектеу жоқ: мұнда іскерлік-
ресми, ауызекі сөйлесу немесе басқа да лексикаларда хат алмасуға болады.
Бұл жерде көп нəәрсе сөйлесушілер деңгейіне, олардың қарым-қатынасы мен
алға қойған мақсаттарына тəәуелді.
Электронды поштаның дəәстүрлі поштадан артықшылықтары:
• хат жазу жəәне оған жауап алу үшін елеусіз, аз уақыт жұмсалады;
• хат тасымалына қаржы жұмсалмайды;
• хаттың сəәтті жеткізілуі үшін талап етілетін шарттардың аздығы;
• басқа файл түрлерін ешқандай сақтау, тасымалдау құрылғыларына тіркемей-
ақ, хатпен бірге жіберу мүмкіндігі;
• қабылдауға жəәне есте сақтауға жеңіл адрестердің қолданылуы, адрестің түрі
қолданушы_аты @домен_аты
(мысалы:
somebody@example.com
);
• қарапайым мəәтінге қоса форматталған мəәтін жəәне кез келген файлды жіберу
мүмкіндігі;
• бір мезгілде бірнеше қолданушыға хат жіберу мүмкіндігі;
• хатты басқа қолданушыға қайта жіберу мүмкіндігі;
• хатты жеткізудің сенімділігі;
• қолданудың қарапайымдығы;
Кемшіліктері:
• Спам деп аталатын құбылыстың болуы (жаппай жарнама мен вирустық
жіберулер);
• Хаттың нақты жетуіне кепілдіктің болмауы;
• Хаттың жеткізілуінің бөгелу мүмкіндігі (бірнеше тəәулікке дейін);
• Жіберілетін хаттың көлеміне жəәне поштада сақталатын хаттардың жалпы
көлеміне шектеулердің болуы (əәр қолданушы үшін жеке белгіленуі мүмкін).
Электрондық пошта мен дəәстүрлі поштаның бір қағида бойынша
жұмыс жасауы олардың жұмысын салыстыруға мүмкіндік береді (1-сурет).
1-сурет
Кемшіліктеріне қарамастан электрондық пошта «қағаз» поштаға
қарағандай біршама қолайлы болып шықты. Электрондық хаттар көп
жағдайларда қарапайым хаттарға қарағанда тезірек жеткізіледі. Жəәне хатты
бірнеше адамға жіберу үшін оны көп данада қағазға шығарудың қажеті жоқ,
хат мəәтінін бір-ақ мəәрте компьютерде теру жеткілікті.