Мысалы «intitle:Google site:wikipedia.org» іздеуі тақырыбында Google сөзі
кездесетін Википедиядағы барлық тілдердегі мақалаларды шығарып береді.
Сұраулардың қарымды тілі хакерлердің қолында веб-сайттардың осал
тұстарын іздеуге қолданылуы мүмкін.
21-сурет
1-қадам
ƏӘдетте, дұрыс қойылған сұрақ жауаптың жартысы болып табылады деп
жатады. Сол сияқты іздеудің ең маңызды құрамдас бөліктерінің бірі
релеванттық, яғни толықтық жəәне дəәлдік болып табылады. Іздеу жүйесі
сөздердің мəәтінде кездесуін ғана бағаламайды, олардың орналасу тəәртібі,
құрылымы мен орналасуы да парақтың рейтингіне əәсер етеді. Іздеу сөзі
тақырыбында орналасқан парақтың рейтингі бұл сөз мəәтінінде ғана
орналасқан парақтардан жоғары болады. Көрсетілім кезінде Интернеттегі
параққа бағытталған сілтемелер саны да рейтингке əәсер етеді.
2-қадам
Екі немесе одан да көп сөздер арқылы сұрау жібергенде іздеу жүйесі
көрсетілген сөздердің кем дегенде біреуі кездесетін нəәтижелерді шығарады.
«Алматы қаласының тарихы» іздеу сөзі 624000 нəәтиже береді. Бұл
нəәтижелердің барлығын қарау үшін қанша уақыт кететіні белгісіз. Бірақ сізге
қажет емес нəәтижелерді қысқартудың амалы бар.
3-қадам
Егер ізделетін сөзді тырнақшаға алсаңыз іздеу жүйесі сөздердің бірін
емес, тек қана көрсетілген үш сөзді орналасқан реті бойынша ғана іздейтін
болады. Нəәтижесі - 21700. 624000 мен 21700-дің айырмасы айтарлықтай. Ал
егер нəәтижелер санын одан ары қысқарту керек болса басқа сөздер мен
шарттар қосуға болады.
define – интернетте терминдер іздеуге қолданылатын команда. Мысалы,
define – Флюоресценция.
intitle – бұл команда іздеудегі сөздің тақырыптарда кездесетін тұстарын
тауып береді;
Мысалы: intitle: music
inurl – құрамында көрсетілген сөз кездесетін url-адрестер ғана іздестіріледі.
info – сайттың басты парағы туралы ақпарат береді. Іздеу жолына info:kbtu.kz
адресін енгізсеңіз, бұл сайттың бас парағы туралы ақпаратты көре аласыз.
site – аталған команданы қолдану арқылы тек қана көрсетілген сайтта іздеу
жүргізуге болады. Мысалы: site:www.kbtu.kz деп терсеңіз, іздеу берілген
сөзді тек қана осы сайтта жүреді.
safesearch – іздеу нəәтижелерінен ерсі мазмұнды сайттарды алып тастайды.
… – үш нүкте де команда болып табылады. Сандар аралығын енгізу үшін
қолданылады, мысалы бағалардың немесе тұрғындар санының.
Мысалы: Ойын сатып алу 10…20 KZT. Тағы бір айта кететін нəәрсе өлшем
бірлігін немесе валютаны көрсетуді ұмытпаңыз, əәйтпесе сізге аталған
аралыққа қатысы бар барлық нəәтижелер шығарылатын болады.
filetipe – іздеуді файлдың типі бойынша жүргізеді. Мысалы, орнату
файлдарын мына түрде іздеуге болады: filetipe:rar
4-қадам
Тырнақшаларды қолдану əәдісін пайдаланғанның өзінде, бəәрібір көп
жағдайларда сізге қажет емес көптеген нəәтиже шығарылады. Ол үшін іздеу
аумағын қысқартуға арналған командаларды пайдалана аласыз.
5-қадам
Сонымен қатар гуглды калькулятордың орнына қолдануға болады, ол
үшін іздеу жолына сандар мен бөлу, көбейту, азайту немесе қосу амалдарын
енгізу жеткілікті. Пайызды санау үшін, мысалы 13% of 333 деген мəәтінді
енгізіңіз. Сонымен қатар валюта айырмасын есептеуіш бар. Ол мынандай
қағида бойынша жұмыс жасайды: валюталар атауын ағылшын тілінде енгізу
керек. Мысалы: 47KZT in USD.
Кескіндерді іздеу
Сонымен қатар Google іздеу жүйесінде графикалық кескіндерді іздеуге
арналған парақ бар. Оны ашу үшін сайттың жоғарғы жағында орналасқан
мəәзірдегі «Кескін» сілтемесін басу керек.
22-сурет
Google-дың табылған кескіндерді көрсететін ыңғайлы интерфейсі бар.
Ол интерфейс табылған суреттер саны шегіне жеткенге дейін төмен қарай
«сырғиды».
Сайттардың түрлері
Бүгінде жаһандық, бүкілəәлемдік компьютерлер желісі Интернетте
сайттардың орасан зор көлемі бар. Бұл сайттар əәртүрлі жəәне бір-бірінен өте
көп сипаттамалары бойынша ерекшеленеді. Осыған байланысты сайттарды
түрлі типтерге жəәне олардың түрлеріне жіктеуге болады.
Сайт-визитка
Сайт-визитка – бұл бір немесе екі парақшадан тұратын шағын сайт,
негізінде фирма бойынша анықтамалық болып табылады. Қазақстандық
фирмалардың сайттарының басым көпшілігі осы санатқа жатады.
Сайт-визиткада əәдетте фирманың қысқаша сипаттамасы, қызмет
саласы, мекеменің негізгі мүдделері, реквизиттері, мекен-жайы жəәне
телефондары болады. Кейде онда фирма өнімдерінің прайс-листі болады.
Сайт-визитканың мақсаты фирманың интернет желісінде бар
екендігінен хабар беру, фирма қызметінің бағыттары туралы жəәне
тұтынушыға немесе серіктеске толығырақ ақпарат алу үшін қайда хабарласу
керектігі туралы ақпарат беру болып табылады.
Визиткалық сайттың басты бетінде фирманың аты, қызмет аймағының
негізгі бағыттары жəәне мүдделері туралы ақпарат орналасады. Егер бұл сайт
бір-ақ парақтан тұратын болса, онда телефондар, мекен-жайы жəәне басқа
реквизиттері де орналасады. Визиткалық сайттың мысалын 23-суреттен
көруге болады.
23-сурет
Корпоративтік сайт
Корпоративтік сайт – фирманың интернет желісіндегі өкілдігі.
Визиткалық сайтқа қарағанда корпоративтік сайттың мақсаттары
салмақтырақ болып табылады. Заманауи əәлемде корпоративтік сайт — кез
келген компанияның табысты бизнесінің қажетті құралдарының бірі.
Корпоративтік сайт көбінесе қандай да бір контентті басқару жүйесінің
(CMS) «қозғалтқышы» негізінде құрылады. Ол өз кезегінде сайттағы
ақпаратты жаңартуға жəәне гипермəәтіндік белгілеуді, веб-бағдарламалауды
білмейтін адамға сайтты басқаруға мүмкіндік береді.