Электрондық пошта құру жəәне онымен веб-интерфейс арқылы
жұмыс жасау
Электрондық поштаны қолданып, Интернет желісінде хат алмасу үшін
əәркімнің жеке электрондық поштасы болуы керек. Бұл жеке пошта арнайы
пошталық сервер кеңістігінде орналасады. Электрондық пошта орналасатын
сервер əәдетте пошта иесінің қалауы бойынша немесе оның жұмыс орнына
байланысты анықталады. Жұмыс орнына байланысты мекеме домені
орналасқан сервер кеңістігінде бөлінген пошта «корпоративтік» немесе
«қызмет бабындағы пошта» деп аталса, көпшілікке арналған тегін немесе
ақылы серверлерде құрылған пошта «жеке пошта» деп аталады.
Корпоративтік пошта жұмыс бабында мекемеішілік, мекемеаралық хат
алмасуда, яғни жұмыс бабында қолданылатын болса, жеке пошта
достарыңызбен, жақындарыңызбен хат алмасуда, кейбір əәлеуметтік
желілерге тіркелуде немесе басқа да жеке басыңызға қатысты мақсаттарда
қолданылады.
Корпоративтік пошта құру əәдетте қарапайым қолданушының құзырына
кірмейді жəәне жұмыс орнында поштамен жұмыс жасау үшін арнайы
пошталық агенттік бағдарламалар қолданылады. Бірақ бүгінде мекемелердің
көпшілігі жұмыс бабындағы пошталармен веб-интерфейс арқылы да жұмыс
жасау мүмкіндігін жүзеге асырады.
Ал көпшілікке арналған пошталық қызметтердің барлығы дерлік осы
күндері өз серверлерінде құрылған пошта жəәшігімен веб-интерфейс арқылы
жұмыс жасау мүмкіндігін ұсынады. Яғни поштаңызбен жұмыс жасау үшін
арнайы бағдарламалық жабдық орнатудың қажеті жоқ: Интернетке қосылу
мүмкіндігіңіз бен браузеріңіз болса жеткілікті.
Енді көшілікке арналған тегін пошталық серверлерде пошта құру
мысалын қарастырайық. Тегін электрондық пошта қызметін əәдетте интернет-
порталдар немесе арнайы электрондық пошта қызметтері ұсынады.
Жеке пошта жəәшігін қайда құруға болады?
Бүгінде елімізде тегін пошталық қызмет ұсынатын сайттардың қатарына
Google ұсынатын gmail.com, ресейлік mail.ru, yandex.ru, rambler.ru жəәне тағы
басқалары кіреді.
Сонымен қатар отандық пошта қызметтері де жоқ емес. Енді солардың
біразына тоқталып, кейбіреулеріне сипаттама берейік:
1.
of.kz
,
forever.kz
қызметтері. Екі жобаның да авторы «Three Angles» болып
табылады. Бұл сервистер сіздің поштаңызға 100 мегабайт орын бөледі.
Қызмет иелері оларда спам-фильтр мен вирустардан қорғаныс бар деп
сендіреді.
2.
Topmail.kz
. Бұл қызмет поштаға бар болғаны 10 мб орын бөледі.
3.
Almanet.kz
. Бұл поштаны құрушы Қазақстандағы танымал кабельді
теледидар – Alma TV болып табылады. Ол жерде тіркелген пошта
жəәшіктеріне 10 мб орын бөлінеді.
4.
YK.KZ
. Поштаға қосылған кезде сізге 50 мб береді.
5.
3W.KZ
. Пошталық жəәшіктің көлемі 50 мб. Спамдар мен вирустардан
қорғаныс қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, хат келгендігі туралы SMS,
ICQ арқылы хабарлама ала аласыз.
6.
Destiny.kz
.
7.
Mail.kz
. Алматытелеком ұсынатын пошта қызметі.
8.
AIST.KZ
. Түрлі көңіл көтеретін сервистері бар жаңа пошта. Пошта тез
жеткізіледі.
Пошта құру
Барлық пошталық қызметтерде жаңа пошта құру барысы шамамен
бірдей болғандықтан оны бір пошталық қызметтің мысалында қарастыру
жеткілікті. Google-дің пошталық қызметінің негізінде жұмыс жасайтын
Қазақстандық Nur.kz сайтының мысалында, Internet Explorer браузерін
қолданып қарастырайық (кеңінен қолданылатын Windows басқару жүйесі
орнатылған компьютерлердің барлығында бар браузер). Өйткені ол бүгінде
Қазақстандық пошта қызметтерінің ішіндегі ең танымалы болып табылады
жəәне ең тиімді жағдайлар ұсынады.
1. Бұл сайтта пошта құру ешқандай қиындық тудырмайды. Ең алдымен, сіздің
құрылғыңыздағы браузердің адрес жолында пошталық қызмет адресін, яғни
mail.nur.kz адресін енгіземіз. Бұл жерде компьютер емес құрылғы сөзін
қолданатын себебіміз Интернетке қосыла алатын кез келген құрылғы арқылы
пошта жəәшігін құра аламыз. Сол кезде бізге сайттың терезесі ашылады жəәне
2-суреттен көріп отырғанымыздай поштаның сипаттамалары туралы ақпарат
шығады. «Қысқа жəәне əәдемі адрес» (Короткий и красивый адрес) жолының
астында мəәтін енгізетін ұяшыққа өзіңіздің болашақ логиніңізді, яғни жеке
идентификаторыңызды енгізіп, ұяшықтың оң жағында орналасқан
«Бостығын тексеру» (Проверить доступность) батырмасын басып оның
ешкімге тиесілі емес екендігін тексере аласыз. Ал егер ол логин бос болмай
шықса, басқасын таңдап, тағы тексересіз. Логинді енгізген кезде енгізу тіліне
назар аударыңыз, себебі жүйе тек қана латын əәріптерін қабылдайды. Логинді
тексерген соң тіркелуді бастай аласыз. Ол үшін терезенің (2-сурет) оң жақ
жоғарғы шетінде орналасқан «nur.kz-ке тіркелу» («зарегистрироваться на
nur.kz») жазуы бар сары жақтауды басасыз немесе терезенің төменгі
жағының орта тұсында орналасқан «Пошталық жəәшік құру» (создать
почтовый ящик) батырмасын басасыз (2-сурет).
1-сурет
Одан соң тіркелу терезесі ашылады (3-сурет). Ашылған терезеде
«@nur.kz қысқа пошта жəәшігін құру» ( зарегистрировать короткий почтовый
ящик @nur.kz) пунктін белгілейсіз де «Сіздің логин» (Ваш логин) жолына
пошталық жəәшігіңіз үшін таңдаған логинді енгізесіз (латын əәріптерімен
ғана). Одан соң жолдың төменгі жағында сізге пошта адресіңіздің қандай
болатындығы көрсетіледі. Ары қарай басқа ұяшықтарды толтырасыз. Сəәйкес
жолдарға атыңызды жəәне тегіңізді енгізесіз жəәне бұл жерлерде енгізу тілін
өзіңіз таңдайсыз. Жүйеге сіздің қандай ат немесе тек таңдағаныңыз маңызды
емес. «Жынысы» (пол) жолында сəәйкесінше «ƏӘйел» (женщина) немесе «Ер»
(мужчина)
белгілерін
таңдайсыз,
«Құпиясөз»
(Пароль)
жолында
құпиясөзіңізді тересіз. Бұл сөз жаттауға қиын сөз немесе заңдылығын өзіңіз
ғана түсіне алатын əәріптер, сандар, символдар жиыны болу керек.
«Құпиясөзді қайталау» (Повторить пароль) жолында құпиясөзді қайталап
енгізесіз. Егер басқа электронды поштаңыз болса, «Қосымша e-mail»
(Дополнительный e-mail) жолында көрсетсеңіз болады. Барлық жолдардағы
ұяшықтарды толтырып болған соң сізге робот емес, адам екендігіңізді растау
керек. Ол үшін суретте көрсетілген кодты немесе сөзді кескіннің оң
жағындағы ұяшыққа енгізу керек. Одан соң «Дайын» (готово) батырмасын
басасыз (3.1-сурет).