17
ОҚУШЫЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
- Абайды терең танып білу;
- Абай шығармаларын оқу, білу, түсіну;
- Абайтану тарихын тану;
-
Шығармаларды талдай білу;
- Абай аудармаларын білу;
- Ғұлама ойшылдың пәлсапалық нақыл сөздерінің
мән-мағынасын, маңызын түсіну;
- Ақынның қазақ поэзиясына әкелген жаңалығын,
шеберлігін тану;
- Ақын поэмаларының өзіндік ерекшеліктерін тану.
- Абайтану бойынша мәнжазбалар мен курстық
жұмыстар, ғылыми жобалар жазу;
- Театрмен, мұражай, өнер ордаларымен байланыс
жасау;
- Ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасай білу.
«АБАЙТАНУ» ЭЛЕКТИВТІ КУРСЫ БОЙЫНША
ИГЕРГЕН БІЛІМДЕРІНІҢ НӘТИЖЕСІНДЕ
ОҚУШЫЛАРДЫҢ КЕЛЕСІДЕЙ ҚАБІЛЕТТЕРІ
БОЛУЫ КЕРЕК:
• Абай шығармаларының зерттелуін білуі;
• Абай өлеңдерін талдай отырып, шеберлігін,
ерекшелігін айқындай алуы;
• Пәлсапалық нақыл сөздерінің маңызын, тақырыбын
айқындай алуы;
• Аудармадағы
шеберлігін көрсетуі;
• Поэмаларын әдеби талдау арқылы тақырыптық-
идеялық негізін аша білуі.
19
басу үшін мәнжазба, курстық жұмыс жазғызудың рөлі
зор. Олар сол арқылы өзінше ойлауға, тұжырым жасауға
икемделеді. Материал жинау мен оны саралауға үйренеді.
Техникалық құралдардан фильмоскоп, үнтаспа
қолдануға болады. Қазақтың ақын-сазгерлерін өткен
кезде олардың шығармаларын үнтаспадан тыңдату өте
қолайлы.
Элективті курста оқытушы жаңа материалды оқу-
шының бұрын алған біліміне сүйене отырып беруі керек.
Сонда оқушылардың бұрын алған білімі қайталанып
отырылады да, жаңа материалды тез ұғуға мүмкіндік
туады. Элективті курсқа арналған арнайы оқулық ретінде
Мекемтас Мырзахметұлының «Абайтану» оқу құралы
ұсынылады. Керекті материалдарды оқытушы өзі
жинақтап, іріктеп алады. Сондықтан оқытушы материал
жинақтаған кезде мәтіндердің тілінің жеңіл, жатық
болуын, көлемінің оқушылардың жас ерекшелігіне
сәйкес, рухани құндылықтарға толы ұлттық тәрбие беру
арқылы ұлтжандылыққа тәрбиелеуге бола алатынын
ескерген жөн.
ЭЛЕКТИВТІ КУРС БОЙЫНША
ОҚУШЫЛАРДЫҢ АЛҒАН БІЛІМІН ТЕКСЕРУ
ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ:
-
Тест сұрақтарына жауап алу;
- Оқылған әдебиеттерге аннотация жаздыру;
- Әр түрлі шығармашылық жұмыстар жазғызу;
- Берілген жоспар бойынша ғылыми жобалар
жаздыру;