13 тарау. ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫН ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ТАРАТУ
ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫ
13.1.
Жалпы мәліметтер
Стансалар өндіретін электр энергиясы ол тұтынылатын жерге
табыстайтын, тарататын және түрлендіретін өзара байланысты
электрлік қондырғылар жүйесі арқылы жеткізіледі.
Электр энергиясының табысталуы электрлік берілістің әуе
желілері бойынша бірнеше жүз вольттан бірнеше жүз мың вольтқа
дейінгі кернеумен жүзеге асырылады. Электр энергиясы электрлік
берілістің әуе желілері бойынша номиналды кернеулер шкаласы
бойынша 35, 110, 150, 220 кВ және одан жоғары кернеулермен
табысталады .
Электр энергиясын қабылдау және тарату үшін қолданылатын
қондырғылар тарату құрылғылары (ТҚ) деп аталады. Олар
коммутациялық аппараттарды, құрастырма және жалғайтын
шиналарды,
көмекші
құрылғыларды
(компрессорлық,
аккумуляторлық және басқа), сонымен қатар қорғау, автоматика
құрылғыларын және өлшеу аспаптарын қамтиды.
ТҚ-на қоректену орталықтары (ҚО), тарату бекеттері (ТБ),
тарату желілері (ТЖ) жатқызылады.
Қоректену орталығы
деп электр стансасының генераторлық
кернеуінің ТҚ немесе нақты ауданның тарату желілері жалғанатын
реттеу жүйесімен қамтылған, энергия жүйесінің төмендеткіш
қосалқы стансасының екіншілік кернеуінің ТҚ аталады.
Тарату бекеті
деп өнеркәсіптік кәсіпорынның немесе қалалық
электрлік желінің қосалқы стансасы аталады, ол бір кернеудегі
электр энергиясын оны түрлендірусіз қабылдауға және таратуға
арналған.
Тарату желісі
деп ҚО-нан немесе ТБ-нен бірқатар
трансформаторлық қосалқы стансаларды, сонымен қатар ірі
электрлік қондырғыларды қоректендіретін желі.
Тарату құрылғылары ашық (АТҚ – барлық немесе негізгі
жабдықтар ашық ауада орналасқан) және жабық (ЖТҚ - барлық
немесе негізгі жабдықтар ғимаратта орналасқан) болуы мүмкін.
Барынша кең тараған толымды тарату құрылғыларын (ТТҚ)
айрықша атап өту керек, олар жиналған немесе құрастыру үшін
толықтай дайындалған күйде жеткізлетін және ішкі және сыртқы
орнату үшін шығарылатын, аппараттар, қорғаныс және автоматика
құрылғылары кіріктірілген, толықтай немесе ішінара жабық
шкафтардан немесе блоктардан құралады.
Қосалқы станса
деп электр энергиясын түрлендіруге және
таратуға арналған және трансформаторлардан немесе басқа энергия
түрлендіргіштерінен,
тарату
құрылғыларынан,
басқару
құрылғыларынан және көмекші құрылыстардан құралатын
438
электрлік қондырғы аталады.
Айнымалы
тоқ
кернеуі
трансформатор
көмегімен
түрлендірілетін қосалқы станса
трансформаторлық
(ТҚС) деп
аталады. Егер ТҚС-ғы айнымалы тоқ кернеуі төменірек кернеуге
түрлендірілсе, оны
төмендеткіш
деп атайды, ал егер жоғарырақ
кернеуге түрлендірілсе —
жоғарылатқыш.
Трансформаторлық қосалқы стансаларда кернеу өзгертуге
арналған трансформаторларды орнатады. Кернеуді түрлендірумен
қатар әдетте желілер саны да өзгереді. Мысалы, ТҚС-ға жоғары
кернеулі бір немесе екі желі кіреді, ал шығыста одан төмен кернеулі
бірнеше желі шығады.
Трансформаторлық қосалқы стансалардың екі түрін ажыратады:
ашық,
оларда негізгі жабдықтар ашық алаңдарда орналасады, және
жабық,
олардың жабдықтары орынжайларда орналастырылады.
Егер қосалқы стансада кернеу түрлендірілмесе, тек желілер саны
өзгерсе, онда ол
тарату
қосалқы стансасы деп аталады
.
Тарату
қосалқы стансалары айнымалы тоқты түзету немесе
тұрақты тоқты айнымалы тоққа түрлендіру үшін арналған.
Барлық қосалқы стансаларда электрлік желілерді ауыстыруға
арналған аппараттарды және әр түрлі бақылау-өлшеу аспаптарын
орнатады.
Электрлік желілер кернеу бойынша келесі желілерге жіктеледі:
төмен —1 кВ дейін және жоғары кернеулі —1кВ астам.
Көптеген өнеркәсіптік кәсіпорындар қосалқы стансалардан
электр энергиясын алады. Қосалқы стансаларда екі және одан көп
трансформаторлар орнатылады, олар арқылы энергия энергиялық
жүйеден жоғары кернеу желілері (35, 110 немесе 220 кВ) бойынша
6^ 10 кВ кернеулі секцияланған жұмыс (немесе резервтік)
шиналарға беріледі.
Энергиялық жүйеден (немесе зауыттық электр стансасынан)
тікелей қоректенетін қосалқы станса кәсіпорынның басты
төмендеткіш қосалқы стансасы (БТҚС) деп аталады, ал кернеу бір
немесе бірнеше цехтың электрлік қабылдағыштарын қоректендіру
үшін тікелей төмендетілетін қосалқы станса — цехтік
трансформаторлық қосалқы станса (ТҚС).
Тарату
құрылғылары
сияқты,
трансформаторлық
және
түрлендіргіш қосалқы стансалар жиналған немесе жинау үшін
толықтай дайындалған күйде толымды түрде (ТТранҚС, ТТүрҚС)
жеткізіледі.
Тарату
құрылғыларының
шиналарында
және
электрлік
желілерде тоқты және кернеуді өлшеу айнымалы тоқты электрлік
қондырғылардың біріншілік тізбектерінің тоғын немесе кернеуін
төмендету үшін, сонымен қатар олардың екіншілік орамаларына
жалғанатын өлшеуіш аспаптар шарғыларын, релелік қорғаныс және
автоматика құрылғыларын қоректендіру үшін арналған тоқ
трансформаторлары немесе кернеу трансформаторлары көмегімен
439
жүргізіледі.
Өлшеу
трансформаторларының
қолданылуы
келесілерге
мүмкіндік береді:
100 В кернеуіне және 5 А тоғына есептелген стандартты
орамалары бар қарапайым өлшеу аспаптарының кез келген
кернеулерін және тоқтарын өлшеу;
қамтамасыз ету қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, өлшеу аспаптарын
және релелерді 380 В жоғары кернеулерден ажырату.
Өлшеу трансформаторының біріншілік орамасы өлшенетін шама
әсері астында орналасады, ал екіншілік орама өлшеу аспаптарына
және қорғаныс аспаптарына тұйықталған.
Жоғары кернеулі тізбекке тікелей қосылған өлшеу аспаптарына
жанасу адам үшін қауіпті, сондықтан осы жағдайда өлшеу
аспаптары және автоматты қорғаныс аппаратурасы (реле) жоғары
кернеу тізбегімен тек өзекшедегі магниттік ағын арқылы
байланысқан өлшеу трансформаторларының екіншілік тізбегіне
қосылады. Сонымен қатар, қосымша резисторлар және шунттар
сияқты, өлшеу трансформаторлары айнымалы тоқты аспаптардың
өлшеу шектерін кеңейту үшін арналған. Ең әр түрлі кернеулерді
және тоқтарды анықтау кезінде, трансформация коэффициенттері әр
түрлі өлшеу трансформаторларының қолданылуы стандартты өлшеу
шектері (100 В және 5 А) бар аспаптарды пайдалануға мүмкіндік
береді.
Өлшеу трансформаторларының екі түрін ажыратады: кернеу
трансформаторлары және тоқ трансформаторлары.
Кернеу трансформаторлары 380 В және жоғары кернеулі
қондырғыларда
өлшеу
аспаптарының
және
релелердің
(вольтметрлер, жиілік өлшегіштер, есептеуіштер, ваттметрлер,
кернеу, қуат релелері және т.б.) кернеу орамаларын қоректендіреді.
Тоқ трансформаторлары өлшеу аспаптарының және релелердің
(амперметрлер, есептеуіштер, ваттметрлер, тоқ, қуат релелері және
т.б.) тоқ орамаларын қоректендіреді.
Көптеген өнеркәсіптік кәсіпорындардың электр қуатымен
жабдықтау көздері энергетикалық жүйелер болып табылады, бірақ
кейбір кәсіпорындар энергияны меншікті зауыттық электр
стансаларынан алады. Меншікті электр стансаларынан кәсіпорын
шектерінде энергияны өндіру және тарату негізінен генераторлық
режимде 6 және 10 кВ кернеуімен жүргізіледі.
Электр
энергиясын
табыстау
және
тарату
бойынша
принципиалды сұлбаны 1.5 сур. қар.
Тарату құрылғыларының және қосалқы стансалардың электрлік
тізбектері біріншілік және екіншілік болуы мүмкін
.
440
13.1 сур. ТҚ басты шиналарына жалғанатын желілік қосылыстардың принципиалды
сұлбалары:
Біріншілік тізбектерге белгілі бір реттілікте жалғанатын
аппараттардың шиналық құрылғылары және тоқ өткізгіш бөліктері
жатқызылады.
Екіншілік тізбектерге қосалқы стансалардың ТҚ біріншілік
тізбектерінде электрлік өлшеулерді, релелік қорғанысты, дабылдаманы,
қашықтықтан басқаруды және автоматтандыруды жүзеге асыруда
қолданылатын тізбектер жатқызылады, яғни екіншілік тізбектер
біріншілік тізбектердің бақылауын, қорғанысын, қолайлы және қауіпсіз
қамсыздандырылуын қамтамасыз етеді.
Біріншілік тізбектердің принципиалды сұлбаларында электрлік
қондырғының барлық негізгі элементтерін көрсетеді: шиналық
құрылғылар,
айырғыштар,
ажыратқыштар,
сақтандырғыштар,
трансформаторлар, реакторлар және т.б., сонымен қатар олардың
арасындағы қосылыстар. Сонымен қатар, қондырғының және оның
жеке учаскелерінің жұмысын айқын ұсыну үшін, біріншілік сұлбаларда
әдетте электрлік қосылыстарсыз негізгі аспаптарды және екіншілік
тізбектер аппараттарын, өлшеу аспаптарын, релелік қорғаныс және
автоматика аспаптарын көрсетеді.
Заманауи ТҚ әр түрлі қосылыс сұлбаларына ие болуы мүмкін. 13.1
сур. ТҚ басты шиналарына кірістерді, тарату және тармақталу
желілерін жалғау бойынша жеңілдетілген принципиалды сұлбалар
(қорғау және өлшеу аспаптарын бейнелеусіз) келтірілген.
а — айырғыш және сақтандырғыштар арқылы; б — жүктеме
ажыратқышымен; в — қуат ажыратқышымен; г — ажыратқышпен,
разрядтағыштармен және жерге тұйықтау пышақтары бар
айырғыштармен; д —
реактормен
441
13.1, а сур. келтірілген желі ТҚ басты шиналарына оны шамадан
тыс тоқтардан қорғайтын балқымалы сақтандырғыштар және оны
қажет кезде ажырату үшін қолданылатын шиналық айырғыш арқылы
жалғанады.
Айырғышпен желіні жүктеме астында қосуға және сөндіруге
болмайды, яғни тұтынушы тарапынан жүктеменің алынғандығына көз
жеткізу керек. Сонымен қатар, ескерерлік жәйт, жүктемеден бос
желінің сөндірілуі оның заряд тоғының үзілуімен байланысты, желі
қаншалықты ұзын болса, заряд тоғы соншалықты үлкен.
Айырғыш орнына орнатылған жүктеме ажыратқышы (13.1, б сур.
қар.) номиналды шама шектеріндегі жүктеме кезінде желіні сөндіруге
және қосуға мүмкіндік береді.
13.1, в сур. желіні кез келген жағдайларда: қалыпты жүктемелер,
шамадан тыс жүктемелер және қысқа тұйықталулар кезінде қосуға
және сөндіруге мүмкіндік беретін ажыратқыш бейнеленген. Осы
жағдайда қосылыста тоқ өлшеу трансформаторлары орнатылады, ал
желілік және шиналық айырғыштар қарау, жөндеу, тексеру және басқа
жұмыстар кезінде ажыратқыштан және тоқ трансформаторларынан
кернеу алу үшін арналған. Айырғыштармен байланысты әрекеттер тек
тоқ тізбегін ажырататын ажыратқыш сөндірулі болған кезде орындала
алатындықтан, желі сөндіру тәртібі келесі: алдымен ажыратқышты
сөндіреді, кейін желілік айырғышты және ақыры шиналық айырғышты
сөндіреді. Желіні қосу тәртібі кері. ТҚ-на жалғаудың осындай нұсқасы
үлкен жүктемелері және үлкен қысқа тұйықталу тоғы бар желілер үшін
қолданылады.
13.1, г сур. көрсетілген қосылыс 13.1, в сур. бейнеленген қосылысқа
ұқсас, бірақ мұнда жерге тұйықтау пышақтары бар желілік айырғыштар
және разрядтағыштар бар. Әдетте осындай сұлба әуе желілерін жалғау
үшін қолданылады. Жерге тұйықтау пышақтары осы жағдайда
сөндіргеннен кейін желіні тұйықтау және жерге тұйықтау үшін
арналған, себебі сөндірілген желіде атмосфералық электр қуатымен
немесе жақын орналасқан желілермен индукцияланатын электрлік
зарядтардың туындауы мүмкін. Разрядтағыштар қосылған желіде
барлық қондырғы үшін қауіпті, елеулі шамадан тыс кернеулер
тудыратын атмосфералық электр қуатының электрлік зарядтарын жерге
бұру үшін арналған. Ашық ТҚ-да разрядтағыштар тікелей басты
шиналарға жалғанады.
Біріншілік кернеуі
6
кВ және екіншілік кернеуі 0,4/0,23 кВ болатын
аз қуатты күштік трансформатордың жалғау сұлбасы 13.2 сур.
көрсетілген. Осы трансформаторды желіден сөндіру үшін шиналық
айырғыш қолданылады (сөндіру тек трансформатордың бос жүрісінде
жүргізілуі тиіс); жоғары және төмен кернеуден қорғау балқымалы
сақтандырғыштармен орындалады.
442
_L 6 (Ю) кВ
13.2 сур. 400 кВ-A дейінгі
қуаттағы
күштік
трансформатордың
жалғау
сұлбасы
13.3 сур. 400 кВА астам
қуаттағы
күштік
трансформатордың
жалғау
сұлбасы
13.3 сур. жоғарырақ қуаттағы күштік трансформатордың жалғануы
көрсетілген. Осы сұлбаға оперативтік ауыстырып қосулар үшін
арналған
ажыратқыш,
және
аспаптары
тоқ
өлшеу
трансформаторларынан қоректену алатын релелік қорғаныс (РҚ) кіреді.
Толымды тарату құрылғыларының және трансформаторлық
қосалқы стансалардың қолданылуы құрастыру жұмыстарының
мерзімдерін қысқартуға, олардың құнын төмендетуге және сапасын
жақсартуға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |