Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
I.
1. Электр энергиясының берілуі қалай жүзеге асырылады?
2.
Тарату құрылғылары деген не?
3.
Қоректену орталығының, тарату бекетінің, тарату желілерінің
анықтамаларын беріңіз.
II.
1. Қосалқы станса анықтамасын беріңіз.
2.
Сіз трансформаторлық қосалқы стансалардың қандай түрлерін
білесіз?
3.
Трансформаторлар не үшін қажет?
4.
Электрлік желілер қандай кернеуге есептеледі?
III.
1. Электр энергиясын беру және тарату бойынша принципиалды
сұлбаны түсіндіріңіз.
2. ТҚ басты шиналарына жалғайтын желілік қосылыстар сұлбасын
түсіндіріңіз.
443
3.
Трансформаторлық қосалқы стансалардың негізгі элементтері
қандай?
4.
400 кВ-А дейінгі қуаттағы күштік трансформатордың жалғау
сұлбасын түсіндіріңіз.
13.2.
Күштік трансформаторлар
Құрылымы және техникалық сипаттамалары
Күштік трансформаторлар бір кернеудегі айнымалы тоқты басқа
кернеудегі – төменірек және жоғарырақ кернеудегі айнымалы тоққа
түрлендіру (трансформациялау) үшін арналған.
Трансформаторлар электр энергиясын табыстау және тарату
жүйелерінде
кеңінен
қолданылады.
Электр
стансаларынан
тұтынушыларға табыстау кезінде электр энергиясы бірнеше мәрте
түрлендіріледі: алдымен электрлік беріліс желілеріндегі шығындарды
азайту мақсатында кернеу жоғарылатылады, кейін электрлік-
техникалық құрылғылардың тиімді және қауіпсіз жұмысын қамтамасыз
ететін шамаларға дейін төмендетіледі. Трансформаторлар көмегімен
кернеудің түрлендірілуі электр стансаларында өндірілген генераторлар
қуатын 7-8 есе жоғарылатуға мүмкіндік береді. Сондықтан
трансформаторлардың техникалық сипаттамаларының (^s ф, ПӘК.)
жоғарылату энергия үнемдеу бойынша ең маңызды мәселелердің бірі
болып табылады, оны шешу электр энергиясы тұтынушыларының
жұмысының сенімділігін және сапасын жоғарылатуға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта Ресейде орнатылған трансформаторлардың жалпы
қуаты 2 млрд кВт жетеді, электр стансалары генераторларының
жиынтықты қуаты 300 млн кВт астам.
Кернеуді төмендететін трансформаторлар төмендеткіш деп аталалы,
ал кернеуді жоғарылататын — жоғарылатқыш.
Трансформаторлар екі орамалы және үш орамалы болуы мүмкін.
Соңғыларында төмен кернеулі (ТК) және жоғары кернеулі (ЖК)
орамалармен қатар, орташа кернеулі (ОК) орама бар. Үш орамалы
күштік трансформатор кернеуі әр түрлі электр энергиясы
тұтынушыларын жабдықтауға мүмкіндік береді.
Трансформаторларда кернеуді түрлендіру екі өзара индуктивті
байланысқан орамалардың айнымалы магниттік ағыны есебінен жүзеге
асырылады. Электр энергиясының көзіне жалғанатын орама біріншілік
деп аталады, ал жүктеме жалғанатын орама – екіншілік. Егер
трансформатор арқылы кернеуі әр түрлі екі және одан астам жүктемені
қоректендіру қажет болса, онда екіншілік орамалардың сәйкес
жүктемесі
орындалады.
Екі
орамалы
және
үш
орамалы
трансформаторлар сұлбаларындағы шартты белгілену 13.4 сур.
ұсынылған.
444
а)
б)
13.4 сур. Екі орамалы
Достарыңызбен бөлісу: |