348
Сымның ұзындығы атанақта белгіленеді. Егер сым бөлшектеп
жұмсалған болса, онда атанақта қалған сымның ұзындығы тең
болады:
осындағы п = 3,14;
I
— атанақ жақтары арасындағы қашықтық; d—
анықтама немесе өлшем арқылы анықталатын
атанақтағы сымның
сыртқы диаметрі;
D
1
— атанақтың диаметрі; D
2
— сымның сыртқы
орам айналасының ұзындығын п санына бөлумен анықталады.
Сымды тарту алдында сым құдықтарын байқайды және олардың
арасында салынған блоктардың саңылауларын тазартады, ол үшін
екң құдықтан бір уақтылы бір-біріне қарай ұштарында ілмектер бар
болат сымдарын итереді.
Блок
каналында кездескенде, сымдар ілмектерімен бір-бірлеріне
ілінеді, ал одан кейін оларды ілінген жері сыртқа шығатындай етіп,
бір жағынан тартып отырады. Сымдардың біреуін ажыратады,
блоктың саңылауынан шығатын басқа сымның ұшына болатты
калибрлеуші цилиндрі
немесе ысқышты бекітеді, ал ысқышқа блок
ішіне сымды тартуға арнап қызмет атқаратын, диаметрі 12 мм кем
болмайтын болат арқанды бекітеді. Калибрлеуші цилиндрісі, ысқыш
және арқаны бар сымды жүкшығыр
көмегімен блоктың барлық
саңылаулары (сым каналдары) арқылы рет-ретімен өткізіп, ондағы
шығыңқы жерлерді қирай отырып,
саңылауларды құрылыс
қоқысынан және балшықтан калибрлейді және тазартады.
Сымды арқанмен сым шөлкесінің немесе сым қысқышының
көмегімен ұшында бекіте отырып, блок каналына кіргізеді.
Сым шөлкесі (10.16, а суреті) сымның ұшына киіледі және
ұзандығы 500 мм кем болмайтын учаскісінде диаметрі 1,5 мм
болатын жұмсақ сымнан дайындалған бір немесе бірнеше қамытпен
нық бекітіледі. Қамыттар орама үстіне шайырланған лентасының 2-3
қабатымен оралады.
Сым
шөлкесінің
көмегімен
сымды
тартудың
кейбір
жетіспеушіліктері болады, олардың
негізгілері мыналар болып
табылады: сымда шөлкені бекітуге арналған уақыттың аса елеулі
шығыны; шөлкенің қабық бетінен жылжып кету ықтималдылығы;
шөлкені орналастыру орнынан жақын жерде сым қабығының ажырап
кету қаупі, әсіресе, сымның ұзындығы
және қимасы аса ауқымды
болған кезде (10.9 кестесі).
Сымды конустық қысқышпен бекіту әдісі әлдеқайда жетілген
болып табылады (10.16, б суреті), ол арқанға арналған арнаулы
саңылауы бар 4 болат бастиегінен, 3 конустық жұлдызшасынан,
оның бүйір беттерінің бойында айналаның 1/3
тең болатын
қашықтықта үш секторлық қуыстар, 2 сыртқы конусы және
механикалық бұзылыстардан сымның тоқ өткізетін желілерін