«Қызмет адамының жеке-бас қасиеттері» Адалдық пен туралық


Кҥнде қанша зікір оқу керек?



жүктеу 1,1 Mb.
Pdf просмотр
бет49/127
Дата01.11.2023
өлшемі1,1 Mb.
#44106
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   127
Шынайы адам

Кҥнде қанша зікір оқу керек
Бұл сұрақтың жауабын М.Фетхуллаһ Гүлен Хожаефенди былай береді: Әркім 
ӛзінің жағдайы керек ететіндей мӛлшерде зікір етуі керек. Мысалы, мен ӛзімді бес-он 
адамның оқитын зікіріндей зікір етуге мәжбүр сезінуім керек. Ӛзіме «Сонша адам саған 
бет бұрып, бағытталады, олай болса соның ақысы үшін басқалардан кӛп мӛлшерде 
Аллаһпен байланысыңды тығыз ұстап, бір тараптан бұл нығметке шүкіршілік етуің 
керек, екінші жағынан нығметтің жалғасын сұрауды осылай тілмен жеткізуің керек. Иә, 
осылай деп, мұны жүзеге асыруға тырысамын.
Осыған орай, азаншы, имам, уағыз айтушы, мүфти, т.б. Исламдық қызметтердің 
басындағы адамдар ӛз қызмет дәрежелеріне қарай зікірлерін кӛбейтіп, міндетті түрде 
Раббыларымен байланысын күшейтуі керек. Әйтпесе, ол атқарған лауазымдарының 
ақысын орындамаған болады.
Ӛтінемін, ешкім «Соншама кӛп істің арасында уақыт таба алмаймыз, кешке үйге 
кеш, шаршап келеміз» деген сияқты сылтаулар айтпасын. Мұндай сылтауларды 
айтатындар күнделікті ӛміріне кӛз жүгіртіп қараса бір түкке тұрғысыз нәрселер үшін 
қаншама уақыттарын сарп ететінін кӛріп ұялады. Бұл туралы бұрын «Түрік адамы 
кейде бір шыны шәй үшін қаншама сағатын жұмсайды, кейде ең маңызды істері үшін 
уақыт таба алмайды» деген болатынмын. Иә, күнделікті ӛмірімізге қарайтын болсақ, 
бұған кӛптеген мысал келтіруге болады. Бос және пайдасыз нәрселерге жұмсаған 
қаншама уақытымыз туралы айтудың да қажеті жоқ. Енді бір тараптан осылайша 
жомартша жұмсалған уақыт, екінші жағынан ӛмірлік мәні бар мәселелерге уақыт таба 
алмау, мұны ұштастыруда біраз қиналамыз.
Нәтижеде тағы бір рет еске салғым келеді, әркімнің міндетті түрде зікір етуге 
бӛлетін уақыты болуы керек және бұл мәселеде ешқандай сылтау айтпауы керек
94

Тәсбих айтуға немқҧрайлы қарамау керек 
Тәсбих деген кезде есімізге ең алдымен намаздардан кейін жасалатын тәсбих 
түседі. Пайғамбарымыз кӛптеген хадистерінде намаздан кейін оқылатын тәсбихтер мен 
дұғалар туралы айтқан, біздерге соларды жасауды ұсынған.
Бір күні пайғамбарымыз (саллаллаһу алейхи уәссәлләм) «Мен сендерге 
сендерден озғандарға жеткізетін, сендерден кейінгілерді артта қалдыратын және 
сендердің жасағандарыңды жасаған адамнан басқа ешкім сендерден үстем бола 
алмайтын бір нәрсе айтайын ба?» дейді. Сонда сахабалар: 
«Иә, ей, Аллаһтың расулы» дейді. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейхи 
уәссәлләм): 
93
Ахмет Бин Ханбел, М
ү
снед, 5\156 
94
М.Фетхулла
һ
Г
ү
лен, Фасылдан фасыла, 3\49 


44 
«Әр намаздан кейін 33 реттен тәсбих (субханаллаһ), хамд (әлхамдулилләһ) және 
тәкбір (Аллаһу әкбар) оқырсыңдар» дейді
95

Тағы бір хадисте бұл мәселе былай түсіндіріледі: 
«Кімде-кім намаздан кейін отыз үш рет Аллаһты тәсбих етіп, отыз үш рет 
Аллаһты хамд етіп, отыз үш рет Аллаһты тәкбір етіп, жүзге толтыру үшін «Лә иләһ 
илләллаһу уахдаһу лә шәрикә ләһ, ләһәлмүлкү уә ләһул хамд уә хуә ала күлли шейин 
қадир» десе, қатесі мен күнәсі теңіз кӛбігіндей кӛп болса да кешіріледі»
96

Иә, хадистерден тәсбихтің қаншалықты маңызды екені аңғарылады. Біз орынды 
және орынсыз себептермен кейбір кездері тәсбихатқа немқұрайлы қараймыз. 
«Тәсбихатты жасау сүннет. Жасамасаң да болады» деген түсінікті тастауымыз керек. 
Ӛйткені, адамның табиғаты бұған ӛте жақын, бейім келеді. Әуелі тәсбихті тастаған 
адам уақыт ӛте келе намаздардың сүннеттерін де тастауы мүмкін. Бұл жағдай адамды 
(Аллаһ сақтасын) намазды толығымен тастауға апаруы мүмкін. Бір мүмін ғибадат 
ӛмірінде сүннеттерге адамның пайғамбарымызбен (саллаллаһу алейхи уәссәлләм) 
байланыс құруы ретінде қарап, тәсбихтен бастап сүннеттерді орындауы керек.
Күнделікті ӛмірде уақытымыз тығыз болуы мүмкін. Сондықтан кейде тәсбих 
айтпастан намаз оқи сала, ісімізге оралуға мәжбүр болып жатамыз. Мұндай 
жағдайларда да тәсбихті тастамау керек, мүмкіндік болса намаздан кейін түрегеп тұрып 
болса да тәсбих айту керек. Бұл да мүмкін болмаса тәсбихті қаза ету керек, басқа кезде 
оқуымыз керек. 
Жоғарыда хадисте айтылған намаздардан кейін айтылатын тәсбихтен басқа 
«Намаз тәсбихі» деп танылған, біраз ұзақтау тәсбих та бар. Ұлыларымыз тарапынан 
Құран және хадис түріндегі тәсбих сӛздерін жинақтаумен құралған бұл тәсбихте белгілі 
және мешіттерде оқылатын дұғалар, салауаттар, кӛркем есімдер және ұлы есім 
дұғалары орын алады. Ӛзімізді тәсбих мәселесінде шектемей, намаздардан кейін осы 
тәсбихті жасауымыз ӛте берекелі болады.

жүктеу 1,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   127




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау