365
көптеген кемшіліктер, қателер кездесетіні анықталды. Ол кемшіліктер
сөйлеу тілінің құрылымдық компоненттерінің барлығына қатысты, атап
айтсақ: фонетикалық, лексикалық, грамматикалық (сөзжасам, сөзөзгерту,
сөйлем құрау) жағы.
Сөйлеу тілі дамымаған қазақ тілді балалардың дыбыс айтуын тексеру
барысында көбінесе ызың, ысқырық, сонор дыбыстарының жиі бұзылатыны
байқалады. Қазақ тіліне тән дыбыстардың ішінде:
ң, қ, ұ, ү
фонемаларын
алмастыру, шатастыру жиі кездеседі (Қ. Қ. Өмірбекова, 2009). Сонымен
қатар балалардың фонематикалық қабылдау деңгейі өте төмен екені, ал
дыбыстық талдау дағдыларының қалыптаспағаны анықталды. Сөздің
буындық құрамының бұзылуы жиі кездесетіні байқалды, әсіресе көпбуынды
сөздерді, жиі қолданбайтын таныс емес сөздерді айту барысында (Мысалы,
қарындаш - қандаш, балапан –бапалан, буратино – б уритана, домбыра –
домра, экскаватор – еватол
).
Тілдің грамматикалық жағының қалыптасуы мен қолдануында әр түрлі
қиындықтар байқалады: зат есімнің көптің жалғауын пайдаланғанда қазақ
тілінің сингармонизм заңын сақтамауы (мысалы,
үйректар, кеселар,
кітаптар кітапдар т.б
.); көптік жалғауларды мүлдем қолданбауы (мысалы,
доптар – көп доп, балалар – көп бала,
т.б.); зат есімнің көптік
жалғауларымен кездескен сөздерді ілік септігінде қолдана алмауы (мысалы,
балалардың – балаларның, көшелердің – көшелернің
т.б.); септік жалғауларды
қолдану барысында әртүрлі қателер байқалды, әсіресе ілік, табыс, көмектес
септіктерін қолдануда (мысалы, сурет бойынша «кімнің көйлегі?» деген
сұраққа «
қыз көйлек
» деп жауап береді); сөз өзгерту дағдылары мүлдем
қалыптаспаған деуге болады (сурет бойынша мамандықтарды атағанда
балалардың көпшілігі сатушыны – «
дүкендегі тәте», «сатады»; әншіні – «ән
айтады
» деп атайды). (Г. Б. Ибатова, 2010)
Сонымен,
сөйлеу
тілі
дамуының
үшінші
деңгейі
мынандай
кемшіліктермен сипатталады:
1.
Бала ауызекі байланыстырып сөйлегенде кейбір сөздерді білмейтіндігі
және дұрыс қолдана алмайтындығы байқалады. Сөздік қорында
көбінесе зат есім, етістік көп кездеседі де сын есім, үстеу таптары аз
кездеседі.
2.
Тілдің грамматикалық жағының дамымағаны байқалады. Балалар
септік жалғауларды, жұрнақтарды қолдануда қате жібереді. Сөз өзгерту
қабілеті мүлдем дамымаған.
3.
Сөйлегенде көбінесе тек жәй сөйлемдерді қолданады, құрмалас
сөйлемдер сирек кездеседі.
4.
Бұл деңгейдегі көптеген балаларда сөздің буындарын дұрыс айтпау
кемшіліктері сақталады да, талдау жинақтау тәсілдерін меңгеруде
қиындық туғызады.
Жалпы сөйлеу тілі дамуының
Достарыңызбен бөлісу: