I теоретические основы логопедии



жүктеу 5,47 Mb.
Pdf просмотр
бет166/230
Дата01.11.2023
өлшемі5,47 Mb.
#44090
түріОқулық
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   230
Логопедия

Оптикалық дисграфияның
ауыр түрінде сөздерді жазу мүмкін емес. Бала 
тек жеке әріптерді ғана жаза алады. Әсіресе солақайларда айналы керісінше 
(зазеркальное) бейне жазу орын алады, ондай жағдайда әріптер бөлшектері 
оңнан солға қарай жазылады. 
Моторлы дисграфия. 
Оған жазу кезінде қол қимыл-қозғалысының 
қиындығы, сөздің дыбыстық және көру бейнелері мен моторлы бейнелерінің 
байланысының бұзылысы тән.
Қазіргі кездегі жазу үрдісін психологиялық және психолингвистикалық 
зерттеу бойынша өзіне түрлі деңгейдегі көп мөлшердегі операцияларды 
қосатын семантикалық, тілдік, сенсомоторлы сөйлеу тілінің күрделі түрі 
екендігі анықталған. Осыған байланысты анализаторлы деңгейдің бұзылысы
негізінде бөлінген дисграфия түрлері қазіргі кезде жеткілікті түрде нақты 
емес болып табылады. 
М. Е. Хватцев бөлген дисграфия түрлерінде жазу бұзылысына деген 
қазіргі түсініктерді қанағаттандырмайды. Оларды қарастырайық: 
1. 
Акустикалық агнозия мен фонематикалық естуінің дефектісі 
салдарынан болған дисграфия.
 
Мұндай түрде көшіріп жазу сақталып, ауызша 
сөйлеу тілі бұзылған болады. Бұзылыстың физиологиялық механизімі көру 
мен естудің арасындағы бірлескен байланыстың бұзылысы болып табылады, 
мұнда тастап кету, орын ауыстыру, әріптерді алмастыру, екі сөздің бір сөзге 
бірігуі, сөздерді тастап кету т.б. қателер байқалады. 
Бұл түрдің негізінде сөздің дыбыстық құрамын есту қабылдауының 
дифференциациясының жоқтығы, фонематикалық талдаудың жеткіліксіздігі 
жатыр. 
Автор ақиқат бойынша жазу бұзылуының екі түрлерін қосады: дыбыс 
дифференциациясының және фонематикалық талдау мен жинақтаудың 
бұзылысымен байланысты. 
2. 
Ауызша сөйлеу тіл бұзылысы салдарындағы дисграфия
(графикалық 
тілге шорқақтық). М. Е. Хватцевтің ойы бойынша ол дыбысты бұзып 
айтудың салдарынан пайда болады. Бір дыбысты басқа дыбыспен алмастыру, 
дыбыс айтуда кейбір дыбыстардың болмауы жазуда алмастыру мен тастап 
кетулерге әкеледі. М. Е. Хватцев «тілге шорқақтықты бастан кешіруі» 
салдары деп бөледі (Сауат ашудың алдында немесе кейіннен дыбыс айтудың 
бұзылысы жоғалып кеткенде). Дыбыс айту күрделі болса, жазуда да түрлі 
қателер болады. 
Қазіргі кезде дисграфияның бұл түрі негізделген болып есептеледі. 
3. 
Дыбыс айту ритмінің бұзылысы салдарынан пайда болған дисграфия.
 
М. Е. Хватцевтің көз қарасы бойынша дыбыс айту ритмінің бұзылысы 
салдарынан жазуда дауыстылар, буын, жалғаулардың тасталып кетуі 
байқалады. Бірақ көрсетілген қателер фонематикалық талдау мен 
жинақтаудың немесе сөздің дыбыстық-сөздік құрамының бұзылысымен 
негізделген болуы мүмкін. 
4. 
Оптикалық дисграфия
. Бас миындағы оптикалық сөйлеу тіл жүйесінің 
бұзылысы немесе жетілмеуінен пайда болады. Әріптің, сөздің, көру 
бейнесінің қалыптасуы бұзылады. Литеральды дисграфия кезінде балада 


339 
әріптің көру бейнесі бұзылады, оқшауланған
 
әріптердің бұзылысы, 
алмасулары байқалады. Вербальды дисграфия кезінде оқшауланған 
әріптердің жазылуы сақталған болып табылады, бірақ сөздің көру бейнесі 
қиындықпен қалыптасады, бала сөзде көп қате жіберіп жазады.
Оптикалық дисграфия кезінде бала қол жазбалы графикалық ұқсас 
әріптерді ажырата алмайды: 
п-н, п-и, с-о, и-ш, л-м

5. 
Моторлы немесе сенсомоторлы афазия кезіндегі дисграфия
сөз, сөйлем 
құрылымының бұзылысы, алмасуында байқалады және бас миының 
органикалық бұзылысы салдарынан ауызша сөйлеу тілінің жоқтығымен 
негізделеді.
Толығырақ негізделген А. И. Герцен атыдағы ЛГПИ-дің логопедия 
кафедрасының қызметкерлерімен құрылған жіктелімі болып табылады. Бұл 
жіктелім жазу үрдісіндегі белгілі бір операциялардың қалыптаспағандығын 
негізге ала отырып құрылған. Дисграфияның келесі түрлері бөлінеді: 

жүктеу 5,47 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   230




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау