Қазақстан республикасының білім жәНЕ



жүктеу 2,22 Mb.
Pdf просмотр
бет33/56
Дата21.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#43964
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   56
аза стан республикасыны білім ж НЕ

қызыл, қызғылт
сӛздері 7 рет қолданылған, себебі алда болатын 
трагедияның символы. 
3. Көркем мәтінді түсініп талдаудың үшінші түрі – лингвопоэтикалық, 
яғни 
қаламгердің 
тілдік 
бірліктердің 
эстетикалық 
қызметін 
актуализациялауы және трансформациялауы нәтижесінде көркем түр мен 
көркем мазмұнның ерекше бірлігі, яғни мәтін туындайтынын көрсету. 
Зерттеуші талдаудың соңғы түрін неотеориялық деп атап, көптеген 
зерттеушілердің көзқарасын осы жаңа лингвопоэтиканың негізі деп қарайды.
 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


51 
Көркем мәтінді түсініп талдаудың аталған барлығы да авторды басты 
санат деп қарастыратынына тоқтала келіп, зерттеуші белгілі психолингвист 
А.А. Леонтьевтің пікіріндегі «искусство есть личность, отображенная в 
квазиобъектной форме» деген анықтамаға ерекше назар аударып, айрықша 
атап көрсетеді.
Автордың идеясы, образдар жүйесі, болып жатқан оқиғаға, 
кейіпкерлеріне көзқарасы дәстүрлі стилистика тұрғысынан зерттеледі. 
Көркем мәтінде автор айтар ойын жеткізуге қажетті тілдік бірліктер мен 
көркемдегіш құралдарды іріктеп алатындықтан, зерттеушілердің басым 
бөлігі автор стилистикасымен шұғылданады. 
Стилистика атауының шығуына негіз болған латынның stilus, stylus – 
жазуға арналған ҥшкір қҧрал, жазу мәнері деген сӛзі.
Стиль – кӛп мағыналы сӛз және әр тҥрлі ғылым саласында қолданылады.
Стилистика – лингвистика ғылымының белгілі бір тілдің барлық 
деңгейіндегі әсерлеу, кӛріктеу тәсілдерінің жҥйесін синхронды және 
диахронды жағдайда зерттейтін саласы. 
Стилистика ғылымының бастауын антикалық және ортағасырлық 
поэтикамен, әсіресе риторикамен байланыстырады. Поэтика поэзия 
заңдылықтары, ал риторика шешендік ӛнер туралы ғылым деп тҥсінілді; 
риторика ҥшін басты мәселе сӛздерді іріктеп, таңдап алып, оларды бір-
бірімен тіркестіру, сӛйлеу фигураларын таңдау арқылы сӛздің әсерлілігін 
арттыру болды. 17-18 ғасырдағы риториканың негізгі тірегі стильдер болды, 
яғни М.В. Ломоносов негіздеген ҥш штиль теориясына сҥйенді. Ал мҧның ӛзі 
Кӛне Римдегі қалалық, ауылдық, жатжерлік стиль, сондай-ақ Вергилий 
шығармаларының жанрына байланысты қалыптасқан тӛменгі (Буколиктер – 
бақташы жырлары), ортаңғы (Георгиктер – жер ӛңдеушілер жыры), жоғарғы 
(Энеида – батырлар эпосы) стильден туындаған еді.
Стилистика термині алғаш рет сол кез ҥшін жаңалық болып есептелген 
шығармашыл тҧлғаның даралығы деген ҧғымға байланысты 19 ғасырдың 
басында 
неміс 
романтиктерінің 
шығармаларында 
қолданылды. 
Стилистиканы ғылыми негіздеу 19 ғасырдың ортасында (1852) Г. Спенсердің 
«Философия 
стиля» 
деген 
еңбегінен 
басталып, 
Х.Штейнтальдің 
«Стилистика» (1866) оқу қҧралымен жалғасады.
Тарихи стилистиканың негізін салған орыс ғалымдары А.Н. Веселовский 
(Из истории эпитета, 1895) және А.А. Потебня болды.
Қазіргі заманғы лингвистикалық стилистиканың негізделуі француз 
ғалымы Ш. Баллидің «Трактат по французской стилистике» (1909) 
зерттеуімен байланысты болып, Прага лингвистикалық ҥйірмесінің мҥшелері 
оны жеке сала ретінде қарастыра бастады. Орыс тіл білімінде стилистиканың 
тҧжырымдамасын ҧсынған В.В. Виноградов болды және оның пікірлерін 
кеңес ғалымдарының барлығы дерлік ҧстанды. 
1. Стилистиканы тар мағынада тҥсіну америкалық дескриптивтік 
(сипаттама) лингвистика мектебімен байланысты, бҧл бағыттағы ғалымдар 
тіл қҧрылымын морфемадан бастап сӛйлемге дейінгі тіл элементтерінің 
орналасуы деп тҥсінгендіктен, олар стилистика сӛйлемнен ҥлкен бірліктердің 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


52 
қҧрылымын, олардың абзацқа бірігуін қарастыру керек деген пікірді ӛткен 
ғасырдың 40-50 жылдарында ҧсынған.
2. Стилистиканы бҧдан кең мағынада тҥсіну ағылшын зерттеушілерінің 
еңбектерімен байланысты, яғни дескриптивистердің стилистикалық 
варианттылық тҧжырымын ағылшындар мәтін тҥзудің жалпы заңдылықтары 
деп танып, мәтін лингвистикасы деген жаңа бағыт пайда болды. Мҧнда 
стилистикалық варианттылық, сӛйлеушінің немесе мәтін авторының таңдауы 
шектеулі болғандықтан, стилистика тек мәтін грамматикасын ғана 
қарастырды. 
3. Мәтін шегімен тҧйықталмай, мәтінді одан тыс тілдік тҥрлі жҥйе - 
стильдермен байланысты қарастыратын стилистиканы ХХ ғасырдың 30-40 
жылдарында Прага лингвистикалық мектебінің ӛкілдері негіздеді. Ауызша 
және жазбаша сӛйлеу актісін сӛйлеушінің тілдегі мҥмкіндіктерді таңдап 
қолдану, оларды мақсатына қарай ӛзара ҧйыстыру (комбинация) нәтижесі 
деп ҧғынатын прагалық лингвистердің пікіріне коммуникативтілік немесе 
функционалдылық ҧғымы тірек болған. Функционалдылық ҧғымы Ш. 
Баллидің тҧжырымдамасын басшылыққа алған, яғни тілде тҥрлі формадағы 
синонимдер мен олардың қатарлары бар, оның ең соңғыларының бірі 
нейтралды, ал басқалары белгілі бір дәрежеде қосымша яки стилистикалық 
реңкке ие және ол экспрессивті, кейбірінде бҧл реңк тӛмен, қарабайыр болса, 
кейбіреуінде аса жоғары, кітаби сипатта болады (бет, жҥз, ажар, сықпыт).
Баллидің айтуынша, стиль мәтіннен тыс ӛмір сҥрмейді және стилистикалық 
бояу мен стилистикалық эффект бір емес, стилистикалық эффект олардың 
басқа бірліктермен байланысқа тҥсуімен нақтыланады. 
4. Бҧл аталған тҥсініктер стилистиканы тіл қҧрылымына қатысты ғана 
қарастырғандықтан, тілді қозғалыста зерттеу қажеттігі туды, сондықтан орыс 
тіл білімінде Г.О. Винокур стилистиканы тілді қолданудың жалпы ілімі деп 
атап, оның зерттеу аясына сӛйлеу жағдаяты, сӛйлеуде қолданылатын тілдік 
қҧралдардың орындылығы енгізілді. Бҧл В.В. Виноградовтың тарихи 
стилистикасымен ҥндес болды, яғни синхронды стилистика әдеби тілдің 
белгілі бір кезеңі деп есептелді.
5. Жалпыхалықтық тілдің стилистикасы кӛркем әдебиет тілі мен ірі 
жазушылардың шығармашылығына қатысты қарастырылып, поэтикамен 
тығыз байланыста болады. 
Стилистиканы 3 және 4 ҧғымдарға сай тҥсіну кӛбіне практикалық 
тҧрғыда тілді ҥйретуде, әдеби тіл нормаларын қалыптастыруда 
қолданылатындықтан, практикалық стилистика деп те аталады. 
Стилистика ӛз зерттеу аясына сӛздің қолданылу мҥмкіндігі, 
орындылығы, грамматикалығы деген терминдерді енгізу арқылы тілдің 
қҧрылымдық негізін бҧзып, тілдің жанды процесс екенін дәлелдеді.
Бұл орайда автор тудырған көркем шығарманы оқып отырған оқырман 
да жеке тұлға, тілдік тұлға екені ұмытылмауы тиіс. Жоғарыда аталған текст 
талдауының барлығы да стилистиканы көркем мәтіндегі автордың айтар 
ойына қажетті стилистикалық ресурстар тұрғысынан түсіндіретіндіктен 
автор стилистикасы (стилистика кодирования) деген атпен белгілі болса, сол 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


53 
көркем шығарманы оқитын, түсінетін оқырманның эстетикалық қабылдауы 
тұрғысынан талдауы қабылдау стилистикасы (стилистика декодирования) 
деп аталады. 
Көркем шығарманың оқырманға эстетикалық әсерін ағылшын және 
орыс әдебиеті материалдары негізінде зерттеген И.В. Арнольд соңғы 
терминнің пайда болуын шетелдік ғалымның есімімен байланыстырады: 
«Америкалық ғалым М. Риффатер қазіргі заманғы байланыс теориясы мен 
ақпарат теориясының ұғымдары және терминологиясын пайдалана отырып, 
стилистика міндеттерінің жалпылама формулировкаларын береді. Ол 
стилистиканы хабарды кодқа түсіріп отырған адамның ойлау образын сол 
хабарды алып, қабылдайтын адамға беру жолдарын зерттейтін ғылым деп 
анықтайды» [67:18]. 
Ал кеңестік, кейіннен ресейлік және отандық еңбектерде бұл терминнің 
кеңінен қолданылуы И.В. Арнольдтің өз есімімен байланысты. Ол 1972 
жылы шыққан мақаласында: «Стилистика декодирования – раздел 
стилистики, который рассматривает способы толкования художественного 
текста для достижения наиболее полного и глубокого понимания его, исходя 
из структуры его текста, взаимоотношений составляющих его элементов» 
[68:132] деп көрсетеді. 
Автор өзінің бірнеше рет басылып шыққан ағылшын тілінің 
стилистикасына арналған кітабында бұл терминнің «стилистика восприятия» 
деген синонимін де қолданады. Ал бұл терминді ғылыми айналымға енгізген 
Ю.С. Степанов стилистиканы ақпарды жіберуші тұрғысынан және ақпарды 
алушы 
тұрғысынан 
жеке-жеке 
қарастыруды 
ұсынады. 
Көркем 
коммуникацияда ақпарды жіберуші әдетте қаламгер болғандықтан, оның 
стилистикалық әлеуетті пайдалануын автор стилистикасы деп атап, ал ақпар 
алушы оқырман болғандықтан, оның көркем шығармадан алған эстетикалық 
әсерін түсіндіруді қабылдаушының стилистикасына жатқызады. Зерттеуші 
ХХ ғасырда өмір сүрген ғалым Л.В. Щербаның «Опыт лингвистического 
толкования стихотворения» деген еңбегін қабылдаушы әсерінің классикалық 
үлгісі ретінде ұсынады: «Щербаның әдісі туындыға жеке адамның, 
оқырманның – және сезімтал оқырманның – көзқарасына негізделген: ол 
талдаудан бұрын өнердің эстетикалық құндылығынан ләззат алады» [69:284]. 
Л.В. Щерба алғаш рет «порог восприятия» ұғымы арқылы көркем 
шығарманы тек белгілі бір шекке дейін ғана мүшелеуге болатынын 
көрсеткенін, ол шығармадағы тек көркем қызмет атқаратын элементтерді 
талдауды ұсынғанын айтады. 
Осы 

жүктеу 2,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   56




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау