147
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
u
cp
10.444 0.237
8.666 0.423
8.444 0.481
Жоғар-
ғы ше-
карасы
0.689
Төменгі
шекара
-0.214
5.19-сурет
Жол берілетін шекаралары тең (5.19-сурет).
Жоғарғы – (+0.689), төменгі – (-0.21). Жасалған қорытынды: бұдан
әрі ағымдағы қарау кезінде 18 кілемнен
тұратын іріктемедегі ақаулы
бұйымның саны тұрақты үдерісте кілемнің 1 шаршы метріне шаққанда
0.238 ақау деңгейінде болуы және 0-ден бастап 0.69 дейінгі дәлізде
ауытқуы тиіс.
Төменгі шекарада нөл ақау болады, өйткені жол берілетін шектің
төменгі шекарасы теріс мағыналар аймағында орналасады, ал егер
төменгі шекара да оң
мағыналар аймағында орналасса, онда оның
шегінен шығу үдеріс сапасының жақсарғанын білдіреді. Егер ақау саны
жоғарғы шекарадан асса, онда кілемнің өндіріс үдерісінің сапасы на-
шарлайды.
148
5.4 Корреляциялық және регрессивтік талдау
Өндірістік үдерісте әр түрлі факторлардың арасындағы тәуелділікті
өте жиі анықтау қажет болады. Мұның өзінде осы байланыс
болғанымен оны анықтау өте қиын, өйткені үдеріске біз ескермейтін
үдерістер де ықпал етеді. Өндірістік практикада үдерістердің
арасындағы байланыс функционалдық детерминацияланған (айқын)
емес көбінесе стохастикалық (кездейсоқ
немесе нақты айтатын
болсақ анықталмаған) сипатта болады. Статистикалық стохастикалық
тәуелділік корреляциялық деп аталады. Осы тәуелділік бір белгі
біз анықтаған факторға ғана емес, сонымен бірге бірқатар басқа
кездейсоқ ескерілмегенін факторларға тәуелді болғанда туындайды.
Корреляциялық байланыстың түрлері әртүрлі,
желілік және желілік
емес, оң және теріс болуы мүмкін. Корреляциялық тәуелділіктің
сипаттамасын анықтау үшін корреляциялық талдау қолданылады.
Корреляциялық талдауда шашыраңқылық диаграммасы кеңінен пай-
даланылады.
5.4.1. Корреляциялық талдау
Корреляциялық талдау
деп екі кездейсоқ белгі фактордың
арасындағы корреляциялық тәуелділікті табу әдістерінің математикалық
болжамы екіншісінің өзгеруіне сәйкес өзгеретін жағдайда екі кездейсоқ
мөлшер корреляциялық байланысты болып саналады.
Корреляциялық талдау әдетте түпкілікті
өнімнің сапасының
шикізаттың немесе бастапқы материалдардың белгілі бір қасиетіне
не болмаса жұмыс режиміне тәуелділігін бағалау үшін қолданылады.
Осы талдау түрі орындаушыдан мұқияттылықты талап етеді, өйткені
эксперименттің ережесі өзгергенде шикізаттың
немесе материалдың
сапасының зерттелетін көрсеткішімен қатар олардың сапасының басқа
да көрсеткіштері өзгеруі мүмкін.
Мысал. Цехта токарьлық станокта бұйым өңделуде. Егеу үдерісінің
кіріс параметрі металл кесу жүйесінің қатаңдығын айқындайтын
станоктың кескішті ұстағышының болаттарды тарту мезеті қолданы-
лады. Технолог осы кіріс параметр мен сапаға ықпал ететін үдерістің
шығыс параметрлерінің,
яғни өңдеудің дәлдігінің, өңдеу күшінің,
кескіштің төзімділік уақыты мен электр энергиясы шығынының арасын-
да тәуелділіктің (екі қайраудың арасындағы уақыт) барын анықтағысы
келеді. Қайсы бір уақыт ішінде станокта тәжірибелік өңдеу жүзеге асы-
рылады. Кіріс параметрлердің мағыналары анықталады. Мағыналар
5.21-кестеге енгізілді.