ҚР ҚН 1.03-00-2022
24
Тапсырыс берушімен (құрылыс салушымен) күзет
аймағындағы қолданыстағы
коммуникациялар мен құрылыстардың топырағын әзірлеу орындары мен шарттарын келісу
қажет ұйымдардың тізбесін жергілікті атқарушы органдар белгілейді.
7.5.2 Жер асты коммуникацияларының орналасу орындары жобалық және техникалық
құжаттама бойынша анықталады және жергілікті жерде нақтыланады. Жұмыс басталғанға
дейін жер асты коммуникацияларының орналасқан жерін көрсететін белгілер орнату қажет.
Жоспарда көрсетілмеген жер асты коммуникациялары анықталған жағдайда, одан әрі
жұмыс жер жұмыстарын жүргізу мүмкіндігі анықталғанға дейін тоқтатылады.
Жұмыс істеп тұрған жер асты коммуникациялары мен құрылыстары орналасқан
жерлерде үстіңгі бетті ашуға байланысты жұмыстар осы коммуникацияларды
пайдаланатын ұйымдар белгілеген арнайы нұсқаулықтарды сақтай отырып жүргізіледі.
7.5.3 Жұмыс жүргізудің жауапты тікелей орындаушысы
жұмыс орнына жұмыс істеп
тұрған жерасты коммуникациялары мен құрылыстарын пайдаланатын ұйымдардың
өкілдерін үш жұмыс күнінен кешіктірмей шақырады.
Көрсетілген жұмыс орнында олар пайдаланатын коммуникациялар мен құрылыстар
болмаған кезде мүдделі ұйымдар бұл туралы орындаушыны ресми түрде хабардар етуге
міндетті.
7.5.4 Жергілікті жерге келген пайдаланушы ұйымдардың өкілдеріне жобалық
құжаттама және нақты шығарылған ось немесе белгіленген алу көлемдері көрсетіледі.
Пайдаланушы ұйыммен бірге орында анықталады (шурфпен немесе өзге тәсілмен),
жергілікті жерде белгіленеді және жұмыс сызбаларына
қолданыстағы жерасты
коммуникациялары мен құрылыстарының нақты жағдайы жазылады. Пайдаланушы
ұйымдардың өкілдері Орындаушыға қолданыстағы жерасты коммуникациялары мен
құрылыстарының қауіпсіздігі мен сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы
және оларды жасырын жұмыстарды куәландыру үшін және ойықтарды қайта көму сәтінде
шақыру қажеттілігі туралы нұсқама береді.
7.5.5 Жұмыс орнында олар пайдаланатын коммуникациялар мен құрылыстардың жоқ
екендігі туралы хабарламаған ұйымдар бір тәулік ішінде бұл туралы Жергілікті атқарушы
органдарды бір мезгілде хабардар ете отырып,
қайтадан шақырылады, олар аталған
ұйымдардың өкілдері қайтадан келмеген жағдайда одан әрі іс-әрекеттер туралы шешім
қабылдайды. Тиісті шешім қабылданғанға дейін жұмысқа кірісуге жол берілмейді.
7.5.6 Жауапты жұмыс жүргізуші жер қазу машинасының машинисіне қазуды әзірлеу
тәртібі туралы нұсқама жүргізеді және оның шегінде топырақты механикаландырылған
қазуға жол берілетін аймақтың шекарасы кабинадан анық
ажыратылатын белгілермен
белгіленеді. Жерасты құрылысына тікелей жанасатын қалған топырақ алқабы қолмен
әзірленеді. Қазба аймағына кіретін жерасты коммуникацияларын үзу барысында бекіту
қажет.
Қазаншұңқырлар мен траншеяларды әзірлеу алдында өту учаскелерінде трассаны
тазалау және жоспарлау, сондай-ақ қазаншұңқырлар мен
траншеялардың осьтерін бөлу
орындалады.
7.5.7 Ғимараттар мен құрылыстарға жақын төселетін құбыр жолдарының, су
бұрғыштар мен тоннельдердің трассасы өткен кезде және әр түрлі тереңдікте орналасқан
қолданыстағы коммуникациялардың трассалары қиылысады, технология мен машиналар
жиынтығын таңдау қолданыстағы құрылыс ғимараттары мен құрылыстарының қауіпсіздігі
мен сақталуын қамтамасыз ету шарттарынан жүргізу талап етіледі.
7.5.8 Қалалық құрылыс аудандарында жарылыс жұмыстарын
қолдану және соққы
әсер ету машиналарын пайдалану барынша азайтылады (шектеледі). Жер асты
құрылыстарының зақымдануын болдырмау үшін топырақты машинамен қазу басталғанға
дейін жұмыс істеп тұрған жер асты коммуникацияларының барлық орындарын қолмен
ашады. Жарылыс, су деңгейін төмендететін және басқа да дайындық жұмыстарын жүргізу
ҚР ҚН 1.03-00-2022
25
кезінде жүргізілетін жұмыстардың әсер ету аймағында орналасқан ғимараттар мен
қолданыстағы құрылыс құрылыстарының жай-күйіне арнайы мониторинг талап етіледі.
7.5.9 Жерасты құбырлары коммуникацияларының
трассаларындағы және кабель
желілеріндегі жұмысты жерасты коммуникацияларында немесе оларға тән нүктелерде
орнатылатын және жергілікті жерден ақпарат алуға мҥмкіндік беретін, сондай-ақ жеке
сәйкестендіру нӛмірі бар электрондық маркерлердің (RFID) зияткерлік құрылғысымен
жүргізген жөн. Трасса іздейтін жабдықтың көмегімен маркерлерді сәйкестендіру кезінде
оларды ГЛОНАСС немесе GPS арқылы МАЖ-бен байланыстыруды жүзеге асырған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: