жазғаны үшін адасты»
деген сынды риуаяттар хадистің
Алла елшісінің заманында мүлде жазылмағандығына
дәлел бола алмайды. Себебі, Алла елшісінің хадистердің
қағазға түсірілуін құптамағандығын білдіретін осындай
риуаяттар мен оларды жазуға рұқсат берген жоғарыда
келтірілген хадистерді бір-бірімен ұштастырып былай
түсінуге болады:
Біріншіден, исламның алғашқы кездерінде, Құран
аяттарының әлі санаға толық сініп, сахабалардың жадына
әлі басылмаған уақыта Алла елшісі өз хадистерінің жа
-
зылуын құптамаған. Себебі, Құран мен хадистердің бір-
бірімен араласып кету қаупі бар еді. Кейіннен Құранды
көптеген сахабалар жатқа біліп, қоғамда Құран жақсы
қалыптасқаннан кейін хадистердің жазылуына рұқсат
берген.
Екіншіден, жоғарыдағы келтірілген риуаяттағы
тыйым ол хадистердің қағазға түсірілуіне қатысты жал
-
пы тыйым емес, Құран аяттары мен хадистердің бір
қағазда, яки бір тақтайшада бірге жазылуына байланыс-
ты айтылған тыйым болатын. Себебі, мұнда аят пен
хадистің араласып кету қаупі басым еді.
259
Дін мен Діл
Үшіншіден, Алла елшісінің хадистерді жазбауға
байланысты келген тыйымдары жалпы барлық сахабаға
берген тыйымы емес, Құран мен хадисті бір-біріне ара
-
ластырып алуларынан қорыққан кейбір адамдарға арнап
айтылған тыйым болуы мүмкін
322
.
Хадистердің барлығы Алла елшісінің заманында
ресми түрде жазылмаса да, көптеген хадистердің сол кез
-
де жазылғаны анық. Жоғарыда келтірген хадистерде де
білдіргеніміздей жазуды жақсы меңгерген Абдуллаһ ибн
Амр ибн Ас Алла елшісінен (с.а.у.) хадис жазуға рұқсат
алғаннан кейін хадистерді жазумен шұғылданды. Оның
жазып алған хадистерді қамтыған парақтар өзі атағандай
«ас-сахифатус-садиқа»
яғни,
«шынайы парақтар»
де
-
ген атпен танымал болды. Абдуллаһ ибн Амр ибн Ас бұл
парақтардың жоғалып кетуінен қорыққандықтан, оны
арнайы сандықта сақтаған болатын. Тіпті бұл парақтарға
жіті көңіл бөлгені соншалық ол:
«Мені бұл дүниеде ұстап
тұрған тек ас-сахифатус-садиқа мен Уәһт
323
қана»
– де
-
ген екен. Абдуллаһ дүниеден озғанда хадистер жазылған
бұл парақтарды әулеті сақтап қалған. Кейіннен немересі
Амр ибн Шуғайб осы парақтардан хадис риуаят еткен.
Ибн Әсир бұл парақтарда мыңға жуық хадистер болғанын
айтады. Кейбір риуаяттарда бес жүзге жуық хадис
қамтылғандығы білдірілген. Кейіннен Имам Ахмет өзінің
хадис жинағында осы парақтардағы хадистерді риуаят ет
-
кен. Басқа да хадис жинақтарында да осы парақтардағы
хадистердің көпшілігі қамтылған
324
.
322
Мұхаммед Лұқман әс-Сәлафи, әс-Суннату Хужжиатуһа уа
мәканатуһа фил-ислами уар-радд ала мункириһа, 168-бет.
«Мактабатул-әйман»
баспасы, Мәдина, 1989 ж.
323
Уәһт – Амр ибн Асқа тиесілі бақшаның аты. Ол осы бақшадағы
өнімдерді үнемі садақа ретінде беріп тұратын.
324
Мұхаммед Ажжаж әл-Хатиб, әс-Суннату қаблат-тадуин, 349-бет.
«Мәктабуту уәһба»
баспасы, ІІ-басылым, 1988ж.
260
Дін мен Діл
Пайғамбарымыз дүниеден озғаннан кейін де кейбір
сахабалар хадистерді жазып жүрді. Мысалы, имам
Бұхаридың Әнас ибн Мәликтен риуаят еткен хадисінде
былай делінеді: «
Достарыңызбен бөлісу: |