«Ешкім сол қолымен тамақ
жеп, су ішпесін. Себебі, шайтан сол жағымен ішіп,
жейді»
деген сөзін келтіреді. Яғни, сол қолдың оң қолдан
қандай айырмашылығы бар, оны да Алла жаратты емес
пе? Сол қолдың жазығы не? дегендей қысыр қисындарын
алға тартады.
Олардың бұл уәждеріне жауап берер болсақ,
біріншіден, төрт мәзһаб ғұламалары тамақты оң қолмен
жеуді діни міндет деп емес, әдеп, этика тұрғысынан
қарастырған. Себебі, көбіне сол қол көңілге жағымсыз
немесе былғаныш нәрселерді ұстауда қолданылады. Тіпті
біреуге бір нәрсені алып беруде де оң қолды қолдану
этикаға жатады. Бұл сол қол мүлде қолданылмасын
деген сөз де емес. Кез-келген істе сол қолды оң қолға
269
Дін мен Діл
көмекші ретінде қолдануға болады. Екіншіден, хадисте
айтылған шайтанның қалай сол жағымен ішіп-жейтіні
бізге беймәлім болғандықтан, сақтық та қорлық жоқ.
Үшіншіден, Құранда, күнәһарлардың амал дәптері
сол жақтарынан, ал салиқалы құлдардыкі оң жақтан
берілетіндігі айтылған. Құранда бұлай айтылғанына
қарағанда оң қолмен, сол қолдың бірдей емес екені
анық. Сондықтан оң қолмен жеудің адамға нендей руха
-
ни әсері, тіпті астың қорытылуына қандай пайдасы бар
екені әлі толық зерттелмеген. Адам бойындағы жағымды,
жағымсыз қуаттардың бұған қатысы бар ма, бұл өз алдында
зерттеуді қажет ететін ауқымды тақырып. Бұл анықталса
да, анықталмаса да оң қолмен жеудің Алла елшісінің
күнделікті өмірде жасаған үлгілі ісі екені анық. Ендеше,
мұсылман баласы пайғамбарын үлгі алып, оң қолымен
жесе, Құрандағы
«Алла елшісінде сендер үшін керемет
өнеге бар»
332
деген мағынадағы аятқа сай болғандықтан,
ондай құлдың сауапқа кенелері сөзсіз.
Әсілінде мұндай хадис мазмұнына қарсы шығудың
астарында батыс мәдениетінің алдында бүгежектеп,
төменшектеуден туындаған психологиялық жеңіліс
жатыр. Бәрімізге белгілі, батыста тамақ жегенде оң
қолға пышақты, сол қолға шанышқыны ұстайды. Міне,
осындай батыстың ешбір негізге сүйенбеген жылтырақ
мәдениетіне еліктеп, өз құндылықтарына күмәнмен
қарайтындар пайғамбарымыздың жоғарыдағы сол қолмен
жеуді құптамаған хадисін жоққа шығаруға тырысқан.
Шыны керек, мұсылман үшін батыс мәдениеті өлшем
емес. Керісінше біз өз құндылықтарымызбен мақтануға
тиіспіз. Мұсылман мәдениетінде бізді ұятқа қалдырып,
басымызды төмен қарататындай ешбір қағиданың жоқ
екенін әсте естен шығармауымыз ләзім.
332
«Ахзаб»
сүресі, 21-аят.
270
Достарыңызбен бөлісу: |