УДК 28
ББК 86.38
Ж 69
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының
cараптау комиссиясы мақұлдаған
Пікір жазған: Қарақұлов Еркебұлан
Ғылыми талдау және сараптау бөлімінің меңгерушісі.
Жолдыбайұлы Қ.
Ж 69
Дін мен діл – Алматы; 2010 – 288 бет.
Дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы бұдан бұрын «Ал
-
тын қалам» баспасынан
бірнеше рет жарыққа шыққан
«Ислам ғылымхалы», «Ақиқат шуағы», «Күдікпен күрес»
кітаптары арқылы оқырман қауымға таныс. Бұл жолғы
жаңа еңбегін қазіргі қоғамдағы өзекті мәселеге айналған
қалың көпшіліктің көкейкесті діни күрделі
сауал-
сұрақтарына жауап беру түрінде жазып отыр. Еңбек
дін мамандары мен имамдарға және кітапта көтерілген
мәселелерге қызығушылық танытқан
көпшілік қауымға
арналған.
Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қорының сыйы
ретінде халыққа тегін таратылады.
УДК 28
ББК 86.38
© «Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры», 2010
3
Алғы сөз
Ата-бабаларымыз сан жылдардан бері аңсаған
тәуелсіздікке қол жеткізгелі руханиятымыздың тамыр-
тамырына қан жүгіріп, елімізде Ислам дінінің қарқынды
дамып келе жатқаны баршамызға белгілі. Бұған республика
көлемінде жүріп жатқан оң өзгерістер дәлел. Айталық, діни
баспалардың ашылуы, бірқатар діни газет-журнал, интер
-
нет сайттары, БАҚ-та рухани тақырыптарға мақалалардың
көбеюі, телеарналар мен радиода діни бағдарламаларға
мүмкіншілік беріліп,
мектептерде дінтану пәнінің
енгізілуі, жер-жерде мешіттеріміздің көптеп бой көтеріп,
ішіндегі жамағат қатарының күннен күнге көбеюі т.б.
Осылардың қатарында тағы бір айта кететін қуанышты
жайт ол діни әдебиеттеріміздің де там-тұмдап қара
молайтып келе жатқандығы. Осы орайда,
Қазақстан
мұсылмандары діни басқармасының қызметкері, білікті
исламтанушы Қайрат Жолдыбайұлының
кезекті еңбегі
«Дін мен діл» деп аталған екен.
Осы тұста біз кітаптың атауына көңіл аудартпас
бұрын әуелі мына жағдайды ескерте кеткенді жөн көріп
отырмыз.
Жоғарыда атап өткендей,
дін саласында мақтанып
айтатын оң өзгерістер көп кездескенмен көлеңкелі
жақтар да жоқ еместігі. Мәселен, қазір елімізде түрлі
жамағаттар бой көтере бастады. Кейбірі бірден ата-
бабаларымыздың сан ғасырлардан
бері ұстанып келе
жатқан салт-дәстүріне шүйлігіп,
«Батадан кейін бет
сипауға болмайды, ол бидғат», «Келіннің сәлем салуы
ширк», «Домбыра тарту күнә»
деген секілді «жерден жеті