Дениеті мен білімін



жүктеу 5,28 Mb.
Pdf просмотр
бет16/209
Дата09.10.2023
өлшемі5,28 Mb.
#43715
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   209
Дін мен діл

«Сөзсіз намаз мүміндерге 
арнайы белгіленген уақыттарда (оқылуы) парыз 
етілді»
12
, – деп, әрбір намаздың жеке уақытының бар 
екендігі білдірілген. Сондай-ақ, көптеген мутауатир са
-
хих хадистерде де әр намаздың жеке уақытының бар 
екендігі әрі әрқайсысының белгіленген өз уақытында 
оқылуы керектігі жайлы айтылған. Яғни, Құранда да, му
-
тауатир хадистерде де әр намаздың жеке уақытының бар 
екендігі білдірілген. Ал енді осы үкімнің жалпылығын, 
яғни әр намаздың жеке уақытта оқылуының парыздығын 
жолаушылық секілді кейбір жағдайларға байланысты 
11
Шәәзз - сенімді бір риуаятшының өзіненде сенімді басқа 
хадис жеткізушілердің риуаят еткен хадистеріне қарама-қайшы 
мағынада жеткізген оқшау хадисі.
12
«Ниса»
сүресі, 103-бет.


25
Дін мен Діл
өзгерту үшін өте қуатты дәлел керек. Дәлел ретінде 
қолданылатын хадистің тек қана сахих болуы жеткіліксіз. 
Себебі, ахад жолмен жеткен сахих хадис 
«занни»
болғандықтан өте аз болса да шүбә бар. Ал мутауатир
-
де тозаңдай күмән жоқ. Сондықтан, мутауатир жолмен 
бекітілген жалпы үкімді ахад жолмен жеткен хадистер 
арқылы өзгертуге болмайды. Міне, сондықтан Ханафи 
мәзһабында сапар кезінде екі намазды қосып оқуға рұқсат 
етілмейді. Себебі, сапар кезінде намаздарды қосып оқудың 
болатындығын білдірген хадис – сахих болғанымен, ахад 
жолымен жеткен. Яғни, мутауатир емес. Осыған байланы
-
сты ханафи ғұламалары сапар кезінде екі намазды қосып 
оқудың болатындығын білдіріп келген сахих хадисті 
Құран мен мутауатир хадистердің жалпы үкіміне сай 
етіп жорамалдаған. Мысалы, хадистегі бесін мен екінді 
намаздарының қосылып оқылуын – бесінді өз уақытының 
соңғы сәтінде, ал екінді намазын алғашқы уақытында 
оқыды деп жорамал жасаған. Яғни, хадистегі қосып оқу 
– сырттай қосып оқуға жатқанымен, шын мәнінде, қосып 
оқуға саналмайды деп тұжырым жасаған.
Ханафи мәзһабында қажылық кезінде Арафат
-
та бесін мен екінді намаздарын, Муздалифада ақшам 
мен құптан намаздарын қосып оқу сүннет. Өйткені 
пайғамбарымыздың (с.а.у.) Арафатта және Муздалифа
-
да аталмыш намаздарды қосып оқығандығын білдіретін 
хадистер мутауатирге жақын жолмен жеткен.
Міне, сондықтан, 
«Ханафи мәзһабында неліктен 
екі намазды қосып оқуға болмайды? Сахих хадис тұр
ғой. Демек, Әбу Ханифа бұл сахих хадисті білмеген»
,– 
деп асығыс үкім беру қате. Себебі, Әбу Ханифаның 
мұндай үкімге баруы – сахих хадисті білмегендігінен 
емес, керісінше, 
«Құран немесе мутауатир хадистер
-
мен дәлелденген жалпы үкімдерді ахад хадистермен 


26

жүктеу 5,28 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   209




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау