Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
1.
«Индвид»,
«
даралық», «жеке тұлға»
ұғымдарының айырмашылықтары неде?
2.
Жеке тұлға құрылымының иерархиялық деңгейлері қандай?
3.
Ұстаз беделі қандай компоненттерден құралады?
4.
Мұғалімнің кәсіби-педагогикалық мәдениетінің құрылымдық компоненттері
қалай сипатталады?
5.
Педагогтың кәсіби құзыреттілігін құрайтын іскерліктердің қайсысы өз бойыңызда
жақсы дамыған деп ойлайсыз?
4-тақырып.
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС – ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
ҮРДІС СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСТІК НЕГІЗІ
4.1. Педагогикалық қарым-қатынас туралы түсінік.
Әрбір адам
әлеуметтік ортада өмір сүргендіктенбасқа адамдармен ақпарат алмасады,
тәжірибесімен бөліседі, бірігіп ынтымақтастық қарым-қатынастарды
сақтауға тырысады. Қарым-қатынас үнемі әлеуметтік, ұжымдық сипатта
болатындықтан оны адамның қоғамдық ортаға бейімделуінің негізгі
факторларының бірі деп қарастыруға болады. Олай болса,
қарым-қатынас
-
қоршаған ортамен адамдар арасындағы байланысты тұрақтандырушы тетік.
Ғылымаралық ұғым ретінде
қарым-қатынас
-өзара іс-әрекеттер
қажеттіліктерінен туындайтын және ақпараттармен алмасуды, өзара
түсінісуді, қабылдауды қамтитын адамдар арасындағы байланыстарды
орнатудың және дамытудың күрделі үдерісі ретінде қарастырылады.
Қазіргі
таңда
зерттеуші-ғалымдарқарым-қатынастыңтүрлі
қырларынқарастыруда. Психология ғылымы тұрғысынан жеке тұлғаны
дамытудағы қарым-қатынас мүмкіндіктерін Б.Г.Ананьев, В.Н.Мясищев, С.Л.
Рубинштейн сынды белгіліғалымдар зерттесе, педагогикалық ғылымдар
саласында А.А.Леонтьевтің, А.А.Бодалевтің, А.В.Мудриктің, В.А.Кан-
Каликтің,
А.А.Реанның,
Н.Е.Щуркованың,
А.И.Щербакованың,
Ш.А.Амонашвилидің,
Я.Л.Коломинскийдің,
И.А.Зимняяныңт.б.
ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты қарастырылған. Ғалымдар қарым-
қатынас феноменін
іс-әрекет түрі
ретінде анықтап, оны басқа іс-әрекет
формаларын қамтамасыз ету негізі деп бағалайды. Қарым-қатынас пен іс-
әрекет өзара тығыз байланысты болғанымен салыстырмалы түрде дербес
ұғымдар.
Педагогикалық іс-әрекетте де қарым-қатынастың алатын орны
жоғары, себебі педагогтың негізгі атқаратын қызметтері болып табылатын
тәрбиелеу, оқыту, білім беру, дамыту, қалыптастыру
үдерістерін қарым-
қатынассыз көз алдына елестету мүмкін емес. Сондықтан
педагогикалық
қарым-қатынас–педагогикалық үдеріс субъектілерінің өзара әрекеттестік
негізі
болып табылады.
46
В.А.Сластениннің пікірінше,
Достарыңызбен бөлісу: |