220
үйретілуіне оқушының іс-әрекет формаларын қалыптас-тыруға болады.
Тәжірибелі педагогтар іс-әрекет түрлерінің үлгілерін көрсетіп, соған
байланысты көңіл-күйді тудырады. Үйрету барысында әдет қалыптасады,
оны қарқындатудың пайдасы жоқ. Бастапқыда қа-жетті әдеттер
қалыптастырғаннан соң оны жылдам орындауға дағды-ландыруға болады.
Үйрету әдісі үнемі тәрбиешіден бақылауды
және оқушыдан өзін-өзі
бақылауды қажет етеді. Үйрету әдісі оқушының жа-сына, өскен ортасына
және тәрбиесіне байланысты. Қоғамдық қылық-тар формасы қалыптасқан
оқушылар кез келген жағдайда өзін ұстай біледі.
Жаттықтыру әдісі
үйретумен тығыз байланысты. Мектеп өмі-рінде
оқушы бойында қалыптасқан қоғамдық қатынастарының
берік-тігі көрініс
береді. Педагог кез келген жағдаяттан шығудың тиімді жолдарын қолдана
біледі. Жағдаяттағы қайшылықты тез тауып, оның себептерін айқындап,
шешім қабылдауына болады. Бірақ та ойлы педа-гог өз тарапынан оқушыға
ықпал етіп, шешім қабылдау жағдаяттарын ұсынуы да мүмкін. Оны
тәрбиелік жағдаяттар
,
ситуациялар
деп атауға болады.
Тәрбиелік жағдаяттар да өз мәнінде жаттықтыруға жатады. Бұл
жағдайда оқушы түрлі варианттардан өзі таңдауы бойынша шешім қа-
былдауы тиіс: өзіне берілген мүмкіндікті пайдалануы басқаға өз орнын беруі,
пікірін айтпауы, шындығын айтуы немесе «білмеймін» деп жауап беруі.
Мұғалім
ұсынған жағдаят, яғни ситуацияда оқушы өз ойында түрлі
варианттардың шешімін ойластырып, сол жағдайға бай-ланысты өз шешімін
айтуға мәжбүр болады. Мұғалім ұсынған ситуа-ция оқушылардың
адамгершілік қылықтарын тек ақылмен ғана емес, жүрек, сезім тарапынан да
шешім қабылдауын талап етеді.
Педагогикалық талап қою әдісі
. Оқушыны дамытудағы мұғалім
тарапынан қойылатын талап біртіндеп оқушының
өзіне-өзі талап қою
жауапкершілігіне айналуы тиіс. Талап қою педагогикалық үдерістің ішкі
қайшылықтарын, оқушылар тәртібін, қарым-қатынасын ашып көрсетіп, оны
жетілдіруге ықпал етеді. Талап қою әдісі тікелей және жанама болып екіге
бөлінеді.
Ұжымдық пікір
ұжымдық талаптан пайда болады. Тәжірибелі педагог
ұжымның бағасын, талқысын, ұжымның талабын, қоғамдық пікірін белсенді
тәрбиелік күш ретінде қолдана алады. Талап қою мек-тептің ішкі ережесімен,
білім, білік, дағды өлшемдеріне сәйкесуі абзал.
Достарыңызбен бөлісу: