А. Т. Оралова, Н. К. Цой, Ю. Д. Обухов, А. М. Суимбаева, А. Ж. Ауелбекова



жүктеу 1,39 Mb.
Pdf просмотр
бет55/72
Дата15.09.2023
өлшемі1,39 Mb.
#43403
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   72
УП Экология 1 болим каз

 
 
 
 


71 
3 ТАРАУ. ТҰРАҚТЫ ДАМУ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ 
 
§8. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ДАҒДАРЫС ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ 
ӨРКЕНИЕТТІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
Экологиялық дағдарыс
– бұл қоршаған табиғи ортаның табиғи 
жағдайлары мен адамның іс. - әрекеті арасындағы тепе-теңдік. Басқаша 
айтқанда, экологиялық дағдарыс антропогендік факторлардың (қоршаған 
ортаны ластау, ормандарды өртеу, т.б) нәтижесінде немесе табиғи апаттар 
(су басу, жанартаулардың атқылауы, құрғақшылық, құйын және т.б.) 
әсерінен табиғи экожүйеде пайда болатын жағдай. 
 
8.1 Антропогендік әсер биосфера эволюциясының геологиялық 
және геохимиялық факторы ретінде 
Адамның іс-әрекеті биосферада болған және қазірде орын алып 
жатқан процестер мен өзгерістерге әсер етуші негізгі фактор болып 
табылады: адамның терімшілік түріндегі алғашқы қадамдарынан бастап 
қазіргі заманғы жаһандық экологиялық дағдарыстарға ынтықтығына дейін. 
Алғашқы адам жаққан алау, техногенездің бастамасы болды. Адам 
азық ретінде қолданылатын күн энергиясына елеулі (балама) қосымшаға 
жете отырып, осыдан шығатын барлық салдармен, адам табиғаттағы 
жалғыз энергоконсументтерге айналды. Бұл адамның экологиялық 
кеңістігін алғашқы қауымдық аңшылар мен балық аулау тауашасына дейін 
кеңейтті. 
Сонымен қатар, бұл кезеңге ормандарды өртеу үшін өрт қолдану да 
жатады; әуелі қашаулы аңшылық үшін, кейіннен отты – отау егіншілік 
үшін. Осы дәуірдегі жер қолдану сипатын 
неолиттік төңкеріс (алғашқы 
ауылшаруашылық)
деп ататйды. Неолиттік төңкеріс шаруашылықтың 
иеленушіліктен өндіруші түріне өтуін білдірді. Ол табиғатты қолданудың 
түбегейлі жаңа түрін туғызды. Енді адам табиғи қауымдастықты өзгерте 
отырып, азық өндіре бастады. 
Егіншілікке ауысу қарабайыр агроценоздың қалыптасуына әкелді. 
Отырықшы, тұрақты қоныстардың құрылуы, еңбектің бөлінуі тұрақты 
материалдық мәдениеттің - өркениеттің пайда болуына алып келді.
Экологиялық тұрғыдан қарағанда, өркениеттің пайда болуы 
кездейсоқ болды, себебі бірқатар сирек жағдайлар сәйкестігін қажет етті. 
Адамдар тауып, меңгеруі керек және өсу үшін жарамды өсімдіктер өсетін, 
қолға үйретілетін жануарлар өмір сүрген және терімшілік, қарабайыр 
аңшылық және балық аулау ресурстары тез таусылатын субтропикалық 
маусымдық 
ылғалды 
құнарлы 
терассалы 
аңғарларды 
жинақы 
қоныстандыруы керек болды. Мал шаруашылығы мен жайылым 
шаруашылығы, сонымен қоса, кошпелі мал шаруашылығы қатар дамыды. 
Салмағы бойынша ірі қара мал өнімдері жеміне қарағанда біршама аз, 


72 
сонда тым болмаса 1/10 жануар азық-түлігі түріндегі өнім алу үшін адамда 
адам биомассасына тең мал биомассасы, ал жайылым алқабы егістік 
алқабынан кем емес болуы қажет болды. 
Мұнда сипатталатын жүйені адамзаттың экологиялық және 
экономикалық тарихи шешуші кезеңдері және барған сайын қоршаған 
ортаға айналған табиғи кеңістіктің экологиясы ретінде қарастырылады. 
8.1 - суретте экологиялық дағдарыстың және өркениет тарихындағы 
төңкерістің байланысы көрсетілген (Раймерс, 1992ж.). 
8.1 - сурет – Өркениет тарихындағы экологиялық дағдарыстар мен 
революциялар 
Адамның агроценоз өнімдерін тұтынуынан өсімдік биомассасының 
және топырақ құнарлылығының табиғи қалпына келуі мүмкін болмады. 
Көп жағдайда бұл жердердің деградациясына және Таяу Шығыс пен 
Шығыс Азиядағы ауылшаруашылық өркениетінің ауысуына әкелді. 
Ауылшаруашылығының және мал шаруашылығының кең таралуы халық 
санының және тығыздығының артуына себеп болды. «Адам – Табиғат» 
жүйесіндегі тұрақсыздық түйіні болып табылатын және қазірде әрекет 
ететін халық саны мен экономикалық өсуін өзара ынталандыру осылай 
пайда болды. 
Берілген механизм бірнеше мыңжылдықтар бойында өзін өзі құрту 
қаупін жасыра алмады. Бірақ, Ұлы Географиялық ашылулар дәуірінен 
бастап, бұл өзара ынталандыру өсе бастады. Америкаға және Австралияға 
еуропалықтарды қоныстандыру, отарлық империяның адамзаттың 
Ан
троп
ог
ен
ді 
әс
ерд
ің
а
рту
ы
Экожүйелердің 
жаһандық дағдарысы 
Жылулық дағдарыс 
Редуценттер 
дағдарысы 
Продуценттер 
дағдарысы 
Қарапайым егін 
шаруашылығы 
дағдарысы 
Консументтер 
дағдарысы 
Үрдісті ресурстар 
жиынтығы 
Экологиялық жоспарлау революциясы 
Энергетикалық революция 
Ғылыми-техникалық 
революция 
Өнеркәсіптік революция 
2-ші аграрлық 
революция 
1-ші аграрлық революция 
– егін шаруашылығына 
көшу 
10

10
4
10
3
10
2
50 0 
Лет назад 


73 
жаһандық таралу аймағының кеңеюін аяқтады. Ауылшаруашылығы 
өнімділігінің өсуі мен еңбек бөлінісі арқасында өнеркәсіптің, сауданың тез 
дамуына және қалаларда адамдардың шоғырлануы үшін жағдай туындады. 
Тас көмірдің ашылуымен индустриалды қоғам өнеркәсібінің 
дамуына күшті серпін берген жаңғыртылмайтын энергоресурстарындағы 
химиялық жылуэнергетика дәуірі басталды. Сол кезден бастап табиғи 
ресурстарды жою және қоршаған ортаны ластау басталды. Химиялық 
жылуэнергетика дәуірі аяқталмай жатып-ақ, ластануға одан да қауіпті 
қатер туғызатын келесі- ядролық жылуэнергетика дәуірі ұласты.
ХХ ғасырда қоршаған ортаның барлық түрінде бейімделген және 
орасан зор ауқымда табиғатқа деген тұтынушылық идеологиясын жүзеге 
асыратын 
өркениет 
қалыптасты. 
Халық 
санының 
және 
әлем 
экономикасының тез өсуі және олардың өзара ушығуы орасан зор эколого-
экономикалық дағдарысқа әкеп соғатын жүйе құрды. 

жүктеу 1,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   72




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау