Графика. Орфография. Орфоэпия



жүктеу 2,09 Mb.
Pdf просмотр
бет48/152
Дата13.09.2023
өлшемі2,09 Mb.
#43345
түріМонография
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   152
fce55c58e23c15bef10aa33237001bcc

ғалымдар үйі
дегенде 
ғалым 
және 
үй
деген екі 
лексема бар. Екі лексеманың бас-басына денотаты жоқ денотат (объект) 
екеуіне де ортақ. Алайда мазмұндағы тұтастық форма жағынан қолдау 
таппаған. Атап айтқанда 
ғалымд[á]р
деген компоненттің, 
үйі 
деген 
компоненттің суперсигменттік тұрғыдан дербестігі сақталған, яғни 


әрқайсының жеке-дара екпіні бар. Бұл типтес күрделі құралымдар мазмұн 
тұтастығына қарамастан біріккен сөздер типіне жатпайды. Сондықтан олар 
босаралықпен 
ғалымдар үйі
түрінде орфографияланады. 
Баспасөз беттерінде бірде 
ауыл шаруашылығы
деп бөлсек, бірде 
ауылшаруашылық
делініп бірге жазылып жүрген едәуір сөз бар. Бұлай 
болуы, әрине, тегін емес. Мазмұн межесі бірдей құрылымды бірде бөлек, 
бірде бірге жазу олардың тұлғалық жымдасуы мен жымдаспауын интуитивті 
сезінгендіктен болар. Шынында, 
ау[ы ]л шаруашылығ[ы ]
дегенге қарағанда 
ауылшаруашылық
деген тіркес бір екпінге байланып дыбыстық жағынан 
жымдасып тұрғаны дау туғыза қоймайды. Мазмұнмеже жағынан да, 
тұрпатмеже жағынан да жымдасып тұрған мұндай күрделі құралымдарды 
бірге жазу орфографияда ескерілуге тиіс. Мысалы, 
егіншаруашылық, 
сушаруашылық басқармасы 
дегендегі екі лексема мазмұн жағынан бірігіп, 
белгілі бір объектінің қай салаға қатыстылығын көрсетіп тұр.
Форма жағынан бір екпінге бағынатын, ал мазмұн тұрғысынан бір ғана 
денотатты меңзейтін 
шетел, шеттіл
тәрізді екі лексеманы бірге жазып қою 
фактісі жазу тәжірибесінде жиі кездеседі. Олай болатыны екі лексема бір 
екпінге бағынған және бір ғана объектіні (денотатты) меңзеп тұр. Мысалы, 
шет 
және 
ел
деген екі лексеманың референті (денотаты) 
Ресей 
не 
Түркия

болмаса, 
Германия
т.б. болуы ықтимал. Сондай-ақ екі лексеманың 
сигнификаттық мағынасы «бөгде мемлекет», «бөтен жұрт» деген бір ұғымды 
білдіреді. Осы тәрізді құрылымға 
шеттіл
тәрізді күрделі таңбаларды 
жатқызуға болады. Алайда мұндай күрделі құрылымдар сырт қарағанда, 
шет 
ауыл, шет үй, шет көше 
тәрізді еркін тіркеске әсіресе форма жағынан өте 
ұқсас, дегенмен айырмасы бар екенін аңғаруға болады. Мысалы, 
шет үй, 
шет көше, шет аудан
дегендер – сөйлеу кезінде жасалатын, яғни құралымы 
жағынан тұрақты емес құрылымдар. Ал 
шеттіл, шетел
дегендер құрамы 
жағынан тұрақты сөйлеу кезінде жасалмайтын, «дайын» күйде қолданылатын 
құралымдар. 
Шет аудан
деген мен 
шетел
дегеннің дискерттілігі бірдей емес. 
Сөз ағымында 
шет аудан
сөзі «шет» және «аудан» деген үзіктерге бөлінсе, 
шетел
бір ғана үзік (дискретті бірлік) деп танылады. Бұларды 
кәсіподақ, 
баспасөз, өнеркәсіп, бессайыс, үшсайыс, қызқуу
тәрізді бірге тұлғанатын 
бірліктердің қатарында қарауға болады.
Қазіргі басылымдарда, әсіресе мерзімді баспасөз беттерінде 
жезмойын, 
жезқанат, салтбас, жезкиік, жезөкше, жалғызбас, жалғызбасты ана, 
жалғызбастылық, жалғызілікті, жалғызіліктілік
т.б. тәрізді сөздерді «бірге 
жазып қою» жиі кездеседі. Орфографиялық нормадан ауытқыған газет, 
журналдарды жазғырмас бұрын, автордың оларды неге бірге жазып 
қоятынын аталмыш сөздердің болмысынан іздеу қажет тәрізді. Шынында, 
бұл сөздер дыбыстық жақтан (тұрпатмеже жағынан) жымдасып, бір 
екпінмен, 
яғни 
аудиалды 
босаралықсыз 
айтылатындықтан, 
ал 
мазмұнмежедегі сигнификаттық компоненттердің элементтері ұйысып, бір 
ұғымды білдіретіндіктен, лексемалары ақиқат дүниедегі өзінің «меншікті» 
денотатынан алшақтағандықтан немесе қол үзгендіктен «бірге жазып қою» 
дағдыға айналып барады. Мұндағы 
мойын, қанат, бас, жез
тәрізді лексема 


өзінің ақиқат дүниедегі «меншікті» денотатын меңзеп тұрған жоқ, басқа 
денотаттың репрезентанты болып жұмсалып тұр: 
мойын
– «ат», 
қанат
– 
«құс», 
бас
– «әйел» т.б. 
Сондай-ақ 
жезтаңдай, жезөкше, жезбұйда, жезмойын, жезқанат, 
жезкиік
дегендердің қазіргі тілдік ұжым үшін уәжі белгісіз, ішкі формасы 
тасаланған: неге 
жез
, неге 
өкше
, неге 
жез
, неге 
қанат?
т.б. 
Күрделі құрылымдар компонентінің ішкі формасының тасалануы, 
уәжділігінің көмескіленуі мазмұн жағынан «біріккендікті», ал бір екпінмен 
айтылуы форма жағынан біріккендігі байқалады.
Сонымен, екі сөзді біріккен деп тану үшін а) екі лексеманың 
материалдық жақтан бірігуін, яғни бір екпінге бағынып, аудиобосаралықсыз 
дыбысталуын, ә) мағыналық жақтан бір ұғымға (сигнификат, денотатқа) 
байлануын, б) сөйлеу кезінде жасалмай, үнемі дайын күйде қолданылуын, в) 
аталымдық қызметте жұмсалуын, негізге алу қажет екенін байқаймыз. Бір 
екпінге бағынған, бір ұғымға байланған, үнемі даяр күйде қолданылатын, 
аталымдық қызметте жұмсалатын екі сөз біріккен сөз деп аталады. 

жүктеу 2,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   152




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау