эмоционалдық тірек сөздер
қою бояулармен беріліп, ой екпіні
және т.б. тәсілдер арқылы ерекшеленіп тұрады.
Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.
Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол – ақынның білімсіз бейшарасы.
Айтушы мен тыңдаушы көбі – надан,
Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы.
(Абай)
4.
Ісқағаз стиліндегі мәтін.
Ресми ісқағаз стилі басқа стильдерден
оқшау тұрады. Себебі бұл стильдегі мәтіндер қалыпты үлгі бойынша
құрылып, одан ауытқу сирек болады. Осыған байланысты мұндай
мәтіндердің интонациясында да бір сарындылық байқалады. Мәтіннің
құрылымына қарай әр түрлі бөліктері (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды
және т.с.) тиісті интонациялық әуенмен оқылады да, дауыс әуезінде
құбылғыштық, әсерлілік өте сирек байқалады. Себебі ісқағаз стиліндегі
мәтіндердің басты мақсаты – адресаттың көңіл-күйіне әсер ету, оның
эстетикалық талғамын тәрбиелеу емес, ақпарат жеткізіп, сол арқылы бір
шараларға ұйымдастыру болып табылады. Осы мақсатына қарай оның
интонациясы да ерекшеленіп тұрады. Сонымен, ресми қатынастағы ісқағаз
стиліндегі мәтіндердің интонациясына негізінен бірқалыптылық, әуеннің
бірте-бірте өзгеруі, ұстамды дауыс сазы, орта немесе баяу қарқын тән
болады. Осындай біртекті дауыс суретінде
бұйрық, ұйғарым
және т.б. мәнді
ой екпіні түскен
тірек сөздер
ерекшеленіп тұрады.
Қазақстан Республикасының ғылым туралы заңы.
Жалпы ережелер. 2-тарау.
5-бап. Ғылыми қызметкердің құқықтары мен міндеттері
(үзінді)
1.
Ғылыми қызметкердің:
1)
өзінің ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерінің
авторы деп танылуына және өнертабыс пен санаткерлік қызметтің басқа
да нәтижелеріне өтінім беруіне, сондай-ақ санаткерлік меншігін қорғауға;
2)
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзі авторы болып
табылатын ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін іске
асырудан түскен табыстарды алуға;
3)
өзінің шығармашылық үлесіне сәйкес сыйақылар, көтермелеу
сыйлықтары мен жеңілдіктер алуға;
< ..... > Қазақстан Республикасының заңдарына тыйым салынбаған
өзге де іс-әрекеттерді жүзеге асыруға құқығы бар.
Достарыңызбен бөлісу: |