Графика. Орфография. Орфоэпия


Қазақ тілі функционалды стильдеріндегі мәтіндердің айтылым



жүктеу 2,09 Mb.
Pdf просмотр
бет145/152
Дата13.09.2023
өлшемі2,09 Mb.
#43345
түріМонография
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   152
fce55c58e23c15bef10aa33237001bcc

4.9
Қазақ тілі функционалды стильдеріндегі мәтіндердің айтылым 
үлгілері 
Қазақ тілінде бес түрлі функционалды стильдің ажыратылатыны 
белгілі. Олар: ғылыми стиль, публицистикалық стиль, көркем әдебиет стилі, 
ісқағаз стилі, сөйлеу стилі. Бұлардың алғашқы төртеуі ресми қарым-
қатынаста қолданылады да, соңғысы – сөйлеу стилі – бейресми қатынастағы 
тілдің қолданысы болып табылады. Шынайы қолданыста таза күйінде бір 
стильде дайындалған мәтін кездеспейді, себебі басқа стильдің элементтерін 
араластырмай қандай да бір нақты коммуникациялық мақсатқа жетуге 
болатын жағдайлар сирек кездеседі, тіпті бұл мүмкін емес. Алайда бір 
стильдегі мәтінді қолданатын ситуацияда екінші стильдің элементтерін 
уәжсіз жұмсау коммуникацияның мақсатына жетуді қиындатып, сөз сапасын 
төмендетеді. Мұның барлығы ауызша мәтіндердің интонациялық 
безендірілуіне де қатысты. Әрбір стильдегі мәтіндердің өзіндік айтылу 
сарыны болады. Сол арқылы комуниканттар бір-біріне қатынасын 
(ресми/бейресми), ақпараттың сипатын (эмоциялық, үгіттеуіш, бағалауыш, 
тұрмыстық және т.б.) ажырата алады. 
Сонымен, тілдің бірліктері белгілі бір стильге негізделіп құрылған 
мәтіннің дыбысталғандағы интонациялық ұйымдасуында да өзіндік 
ерекшелік болады екен. Мысалы, сөйлеу стилінде сөз соңына дейін 
қарқынның тұрақты, ал дауыс қаттылығы мен әуеннің бірқалыпты сақталуы 
сирек кездеседі, сөйлеу барысында сөз ағымының бір бөліктері жылдам, бір 
бөліктері баяу, әуен мен дауыс қаттылығы құбылып айтылып, олардың бір 
қалпынан екінші қалыпқа бірден ауысып отыруы сөйлеушінің еркін қарым-
қатынас жағдаятында дайындықсыз, стихиялы түрде сөйлеп жатқанын 
аңғартады. Ал публицистикалық стильде дайындалған мәтіндердің 
интонациясы жанрлық ерекшелігіне қарай белгілі бір заңдылықтармен 
ұйымдасатынынан аңғару қиын емес. Мыселен, радио, -теледидар арқылы 
берілетін «Ақпараттардың» мәтіні арнайы дайындықпен келген диктордың 
айтылымында баяу қарқынмен, әуеннің бір регистрінде бірқалыпты дауыс 
сарынымен беріледі. Осы сияқты ортақ белгілеріне қарап тыңдаушы мәтіннің 
стильдік сипатын ажырата алады. 
Мәтіндердің интонациялық безендірілуінің стильдік белгілері қазақ тіл 
білімінде толық зерттеліп болған жоқ. Дегенмен де әр стильге тән жалпы 
интонациялық сипат – айқын.
Сондықтан әр стильде дайындалған әр стильде дайындалған 
мәтіндердің дыбысталу интонациясы үлгілерін арнайы тарауымызда ұсынып 
отырмыз. Бұл жерде ескерте кететін жайт, тілдік ортақ сипаттың болғанымен, 
қатып қалған тұрақты айтылу үлгісінің болмайтынымен байланысты. 
Сондықтан да дәл біз көрсеткендей айтылмағанмен әр стильдегі мәтіндер 


өздеріне тән белгілерін сақтай отырып, құбылып дыбысталуы да мүмкін. 
Мәтіннің интонациясын қағаз бетіне түсіру үшін оның компоненттерінің 
өзгерістері мынадай шартты белгілермен таңбаланды.

жүктеу 2,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   152




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау