білдіретін сөз бөлігінің тыңдаушыға түсінікті әрі әсерлі болатындай
безендірілуінің,
сөз ағымы арқылы бір ғана емес, әр түрлі мағыналарды
жеткізудегі әуен, әуез, ұзақтылық пен қарқын, дауыс қаттылығы сияқты
дауыс сипаттамаларының үйлесімді қызметі туралы айтылады.
Интонация дегеніміз не? Оның тілдегі маңызы қандай? Интонация кез
келген сыртқа
шыққан ойдың ауызша сөздегі, яғни дыбысталған тілдегі
көрінісі. Интонациясыз айтылған сөздің мысалын табу қиын. Бұған әліппиді
жаңа үйреніп жүрген баланың мәтін мазмұнын түсінбей, ежіктеп
механикалық түрде оқығандағы сөзін ғана мысалға келтіруге болар еді. Кез
келген сөйлем, мағыналық қатынаста тұрған сөз бөлігі дыбыстық
жамылғысының үстінен түсетін қандай да бір дауыс сазымен айтылады.
Онсыз сөйлем сөйлеушінің ойын, оның сол ойға, тыңдаушыға деген қатысын
білдіре алмас еді. Бұл – интонацияның жалпы тіл-тілдегі маңызы. Ал
оның
ауызша сөз иесінің коммуникативтік мақсатын орындаушы бірден-бір
құралы екенін ескерсек, журналистер мен дикторлар, теле-, радиобағдарлама
жүргізушілерінің, мұғалімдер мен оқытушыларының, жалпы шаршы топ
алдында сөйлеуші мамандардың кәсіби біліктілігі үшін
интонация туралы
ғылыми негізделген білімнің қаншалықты қажет екенін түсіну қиын емес.
Осы тұста интонацияның тіл білімінде арнайы зерттелуіне себеп болған
мынадай негізгі мәселелерді айта кеткен жөн. Ғалымдар көпке дейін
интонацияны субъективті, яғни жеке адамның ғана түсінігінде болатын,
ортақ белгілері жоқ дауыс құбылысы деп қарап келген. Тек XVIII ғасырдан
бастап оны қоғамдық санада ортақ белгілері, бір тіл иелеріне түсінікті ортақ
бірліктері бар құбылыс ретінде танып, зерттеу нысанына алды. Мәселен,
интонация субъективті құбылыс болса, бір тілде сөйлейтін ортада тіл иелері
бір-бірінің сөзін, сөзінің астарын, көңіл-күйін түсінбеген болар еді. Ал тіпті
бір тіл иелері түгіл
басқа тілді өкілдің сөзінен, мағынасын түсінбесек те,
оның қандай сезімде (бейтарап, көтеріңкі, ашулы, қуанышты және т.б.),
қандай мақсатта (хабарлау, сұрау, леп білдіру) сөйлеп тұрғанын интонация
арқылы аңғара аламыз. Мұның себебі неде? Себебі интонацияның
субъективті емес, объективті, тіл иелеріне ортақ құбылыс екендігінде жатыр.
Неліктен біз шебер сөйлейтін шешеннің сөзіне таңданамыз: ол өз тарапынан
сөйлеудің, дыбыстаудың, әуендеудің жаңа бір түрін ойлап тапқан жоқ қой, ол
бәрімізге бұрыннан белгілі дыбыстау, дауыстау құралдарын шебер пайдалана
алды емес пе? Егер ол тілдегі бар
құралдарды қолданбаған болса, оның
ауызша сөзі жұртшылыққа түсінікті болып, әсерін тигізе алар ма еді? Әрине,
шешен барлығымыздың санамызға ортақ болып келетін қазақ тілінің
интонациялық бірліктер жиынтығын үйлесімді, әрі орынды пайдалана білді,
өз тарапынан көркемдеу тәсілдерін қоспаса, жаңадан ойлап тапқан тілдік
бірлік жоқ. Осындай жайттардың негізінде
ғалымдар тіл-тілдердің
интонациялық құрылысын зерттеп, олардың бірліктерінің санын, қызметі мен
өзіндік ерекшеліктерін анықтады.
Қай тілдің болмасын интонациясының мынадай негізгі компоненттері
бар:
Достарыңызбен бөлісу: