Графика. Орфография. Орфоэпия



жүктеу 2,09 Mb.
Pdf просмотр
бет139/152
Дата13.09.2023
өлшемі2,09 Mb.
#43345
түріМонография
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   152
fce55c58e23c15bef10aa33237001bcc

1-тапсырма.
Берілген мәтіннің айтылым үлгісіндегі әуен 
өзгерістерін жоғарыда көрсеткеніміздей сызып беріңіздер 

Теңіздің суы неге ащы? –деп сұрапты біреу Қожанасырдан. 

Теңіздің суы қозғалыссыз бір жерде тұрады, сондықтан ондағы 
балықтар бұзылып кетпесін деп, Алла тағала тұздап қойған ғой, – депті 
Қожанасыр. 
2-тапсырма.
Берілген сөйлемдерді әуен өзгерістері арқылы түрлі 
(бейтарап хабарлы ой, сұрау мәнінде, қуаныш лебімен, жақтырмаған 
кейіпте және т.с.с.) мазмұнда құбылтып айтып көріңіз.
Қандай сәтті кездесу; Өткен жолғы келісімге сәйкес; Бала кезден 
танимын дедіңіз; Әзірге бүгінгі күннің жаңалықтары осындай; Мен сізді 
жақсы білем.
Д а у ы с қ а т т ы л ы ғ ы
(интенсивтілік). Дауыс қаттылығы туралы 
айтқанда, ой екпініне тоқталмай кету мүмкін емес. Себебі қазақ тіліндегі ой 
екпінінің басты көрсеткіші интенсивтілік болып табылады, яғни сөздегі ой 
екпіні түскен буын күшті дауыспен қатты айтылады. Осы сигнал 
тыңдаушыға сөз арқылы берілген ақпараттың маңыздылығы туралы 
хабарлайды. Интенсивтілік физикалық шама ретінде дауыстың күштілігін 
сипаттайды. Ал біздің «дауыс қаттылығы» деп отырған атауымыз көпшілікке 
түсінікті болуы үшін шартты түрде алынған, себебі шын мәніндегі дауыстың 
қаттылығы тек интенсивтіліктің артуымен емес, сондай-ақ әуеннің де үлкен 
көрсеткіштері арқылы жасалады. Әдетте дауыс қаттылығы әуенге параллель 


шама, олай дейтініміз сөз ағымында әуеннің көтерілген бөлігінде дауыс 
қаттылығы да артып отырады да, керісінше әуен төмендеген жерде дауыс 
қаттылығы да кеміп кетеді. 
Мысалы:
Әлкей Хақанұлы Марғұлан – жиырмасыншы ғасырдағы аса 
ірі ғалымның бірі.
Бұл жерде толық сызық әуен өзгерістерінің, үзік сызықпен 
дауыс қаттылығының өзгерістерінің суреті берілген. Бірақ бұл қатынас үнемі 
өзгеріссіз бола бермейді. Мәселен, салалас құрмалас сөйлем құрамындағы екі 
компоненті бір-бір синтагма болып айтылғандағы олардың әуені мен дауыс 
қаттылығының өзгерісін салыстырып қарайық:
Қазіргі Алматының ол кезде қандай болғанын қайдам, 

сол кездегі Ташкент Азияның арда қаласы, 
 
Шығыстың шырайлы шаһары болатын-ды.
Сонымен, дауыс 
қаттылығы мен әуеннің бір-біріне қатынасын жоғарыдағы екі мысал 
негізінде анықтауға болады, яғни олар сөз ағымында бірде бірлесіп, екінші 
жағдайда өз беттерінше өрнек салады екен. Осы тұста дауыс қаттылығының 
ой екпіні түскен буынды ерекшелеуші басты қызметімен қоса сөйлемнің
яғни қандай да бір аяқталған ойды білдіретін сөз бөлігінің соңын көрсетуші 
қызмет атқаратынын айта кету керек. Дауыс қаттылығының бұл қызметі 
оның төмен мәндерімен беріледі, басқаша айтсақ, тиянақты ойды білдіретін 
сөйлем соңында дауыс қаттылығы бәсеңдеп, мүлдем төмендейді. Осы сигнал 
тыңдаушыға сөйлемнің аяқталғанын жеткізеді. Екі синтагмадан тұратын 
сөйлемнің дауыс қаттылығын шартты түрде мынадай суретпен көрсетуге 
болады. 
Қорыта айтқанда, дауыс қаттылығының басты екі қызметін көрсетуге 
болады: біріншісі ой екпінімен, екіншісі сөйлемнің аяқталғандығын 
білдірумен байланысты.

жүктеу 2,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   152




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау