Графика. Орфография. Орфоэпия



жүктеу 2,09 Mb.
Pdf просмотр
бет136/152
Дата13.09.2023
өлшемі2,09 Mb.
#43345
түріМонография
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   152
fce55c58e23c15bef10aa33237001bcc

1-тапсырма.
Берілген мәтін үзіндісін бунақты топтар мен ырғақты 
топтарға жікпен, олардың санын анықтаңыздар

Тұрғынның дүниетанымы, талғамы мен таңдауы алдымен қаласының 
көшесінен, үйлері мен ғимараттарың бет-әлпетінен көрініс таппақ. Бұл өзі бір 
өзара сымсыз байланып жатқан тылсым дүние (Қаз.әдеб. №42, 2004). 
2-тапсырма.
Жоғарыда 
(49-бетте) 
көрсетілген 
таңбаларды 
пайдалана отырып, берілген мәтіннің айтылу үлгісін қағазға түсіріңіз: сөз 
ағымы бірліктеріне бөліп, екпін түскен буындарды, паузаларды таңбалап 
көрсетіңіз. 
Таяуда Президенттік мәдениет орталығында белгілі мүсінші Шоқан 
Төлештің «Самғау» атты жеке көрмесі ашылды. Ердің жасы елуге толып 
отырған өнер өкілінің көрермен назарына ұсынған елу туындысы оның 
шеберлік шыңына нық сеніммен өрлеп келе жатқанының айғағындай 
(Қаз.әдеб. № 42, 2004). 


Ой екпіні.
Жоғарыда қазақ тілі ауызша сөзінің бірліктеріне 
тоқталдық. Олардың тілдік заңдылықтарға сәйкес қалай ұйымдасатыны 
белгілі болды. Егер қазақ мәтіннің ауызша үлгісінің ырғақты топтары мен 
синтагмаларына зер салып қарайтын болсақ, олардың мүшеленуінде өлең 
жолдарының бунаққа, тармаққа, шумаққа мүшеленуі сияқты белгілі бір 
тәртіптің, пропорцияның болатыны байқалады: бунақтан тармақ, тармақтан 
шумақ құралатыны сияқты бунақты топтан ырғақты топ, ырғақты топтан 
синтагма, синтагмадан фраза құралады. Осылай бір қалыпты ырғақпен 
айтылған қара сөз өрнегінің бойында ерекше мәндермен көрініп, 
басқаларының айтылу сарынымен салыстырғанда өзіндік дауыс безендірілуі 
болатын сөздер кездесіп жатады. Бұл – сол сөздегі ақпаратқа тыңдаушының 
назарын аудартудың тәсілі. Сөз ағымындағы мұндай сөздерді ой екпіні 
даралап тұрады. Ой екпінінің басқа, жоғарыда аталған екпіндерден қызметі 
ерекше. Сөз ағымы топтарының екпіндері: бунақты, ырғақты топ екпіндері, 
синтагмалық, фразалық екпіндер сөз ағымындағы дауыс сазының жалпы 
өрнегін жасайтын бөліктерді ұйымдастырып тұрса, ой екпін сол өрнекте 
ерекше нақышқа ие болатын сөзді ұйымдастырып тұрады. Ауызша сөзде 
қаттырақ, әуендірек, баяуырақ, тіпті кейде кідіріспен бөлектеніп айтылған 
мұндай сөз ой желісін, сөйлеушінің баса көңіл бөлген ақпаратын білдіреді. 
Мысалы, Қостанай қаласында өткен театр фестивалі аяқталды сөйлемін ой 
екпінін түсіру арқылы мынадай бірнеше түрлі айтуға болады. 
Қ о с т а н [а] й қаласында өткен / театр фестивалі аяқталды /// 
(Алматы, Астана емес) 
Қостанай қ а л а с ы н д [а] өткен / театр фестивалі аяқталды /// 
(облысында, ауылында емес) 
Қостанай қаласында ө т к [е] н / театр фестивалі аяқталды ///( 
ұйымдастырылған, басталған емес) 
Қостанай қаласында өткен / т е [а] т р фестивалі аяқталды /// (кино, 
ән емес)
Қостанай қаласында өткен / театр ф е с т и в а л [і] аяқталды /// 
(байқау, жиын емес) 
Қостанай қаласында өткен / театр фестивалі а я қ т а л д [ы] /// 
(аяқталып қалды, жалғасты емес),
мұнда ойдың түйінін білдіретін сөздер өз 
орнында тұрып, дауысты құбылту құралдары, яғни интонациялық тәсілдер 
арқылы ерекшелеген. 
Ал ой екпіні түскен сөзді орын тәртібі арқылы ерекшелеу тәсіліне оны 
баяндауышқа жақын қою жатады. Мысалы: 
Студенттер биыл оқуға 
дайындықпен келді 
сөйлеміндегі ой екпінімен айтылатын сөзді 
баяндауыштың жанына жақын қою арқылы сөйлемді әр түрлі мәнмен 
түрлендіруге болады: 
Студенттер / биыл о қ у ғ а / дайындықпен келді /// 
Биыл оқуға / с т у д е н т т е р / дайындықпен келд /// 
Студенттер / оқуға б и ы л / дайындықпен келді ///. 
Дикторлар мен журналистер қолдарына берілген жазба мәтін 
мазмұнымен алдын ала танысып, оның астарын түсінбесе, сөйлемдердегі ой 


екпінімен айтылатын өздерді бірден анықтай алмайды, себебі мәтіндегі ой 
желісі оның мазмұнынан, автордың айтылған ойға қатысынан туындап 
отырады. Сондай-ақ мұнда тыңдарман үшін маңызды болып саналатын 
ақпарат ескерілу керек. Диктор сөз ағымында жаңа ақпаратты ерекшелеп 
отырса, тыңдарман үшін мәтіннің түсініктілігі артады. Басқаша айтсақ 
сөйлемдегі жаңа ақпарат пен бұрыннан таныс ақпарат ауызша сөзде 
ажыратылып отыру керек. Мәселен, Алматы қаласының Бөлтірік Атыханұлы 
атындағы гимназиясының оқу ісінің меңгерушісі Ерік Қуатбекұлына қала 
әкімшілігі тарапынан марапаттау қағазы берілді. Ол он жылдан астам уақыт 
бойы өз қызметін ойдағыдай атқарып келеді деген сөйлемдердің 
алғашқысында Ерік Қуатбекұлы есімі ерекше айтылса, екінші сөйлемде сол 
есімнің жұмсалған ол есімдігін ерекшелеудің, яғни ой екпінімен айтудың 
басы артық, себебі бұл ақпарат тыңдарман үшін жаңалық емес, жаңалық – 
оның он жылдан астам уақыт бір қызметті атқарып келуінде, болмаса осы 
қызметті ойдағыдай атқаруында. Сондықтан екінші сөйлемде ой екпіні не он 
жылдан астам тіркесіне, не ойдағыдай сөзіне түсірілуі орынды. 
Дикторлар мен журналистердің ой екпініне қатысты білімдерінің 
болмауына немесе осы білімдерді дұрыс пайдаланбауына байланысты 
эфирден кейде тыңдарманын елең еткізе қоймайтын, бедерсіз айтылған, бір 
сарынды сөз естіліп жатады. Мұны болдырмаудың ең тиімді жолы – қолға 
берілген мәтінмен алдын ала танысып, оның мазмұнын, мәнмәтінін 
(контекст), астарын түсіну, содан барып, маңызды сөздерін ерекшелеп айту. 
Ал ой екпіні түскен буынның қалай айтылатынымен келесі тараудан таныс 
боласыз. 

жүктеу 2,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   152




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау