41
4.
Жылқыға сутегі тотығынан (Hydrogenium peroxydatum) 2% 120 мл
ерітіндісін сыртқы жараны жуу үшін, дайында.
5.
Сиырға новокаинан (Novocainum) 0,5% 200 мл ерітіндісін анестезияға,
дайында.
6.
Сиырға натрий хлоридінің (Natrium chloridum) 200 мл стерилді
изотоникалық ерітіндісін күре тамырға дайында.
7.
Қойға 20 г-нан қазтабан гүлінен (Flos Chamomillae) тұнбаны жаса. Ішке
күніне екі рет 50 мл –ден бер.
8.
Бұзауға 10 г орал миясы тамырынан (radix Glycyrrhizae) қайнатпа жаса.
Ішке күніне 2 рет 20 мл - ден бер.
9.
Сиырға кальций хлоридінің (Calcium chloratum) дозасы 10 г, ампулды
ерітіндісі 5 % 10 мл, қүре тамырға бір инъекцияға рецепті жаз.
10.
Жылқыға фурациллиннен (Furacillinum) 400 мл ерітіндісін жаз. 1:5000
сумен қатынасы, сыртқы жараны жуу үшін дайында.
1.4.
Жұмсақ дәрілік формаларына рецепт жазу тәртібі.
Мақсаты: студенттерді жұмсақ дәрілердің түрлерімен
таныстыру, оларға
рецепт жазу ережелерін үйрету.
Ботқалар - бұл қоюлық немесе жұмсақ қамыр тәріздес тығыздықта
болады, ішке қолдануға арналған дәрілік зат түрі.
Негізгі заттан басқа,
ботқалардың құрамына оның дәмін жақсартатын және әсерін күшейтетін
заттар енуі мүмкін. Constituens ретінде: қызылмия тамырының ұнтағы (pulvis
radicis Glycyrrhizae), зығыр ұны (farina Lini), қарабидай ұны (farina secalina),
жалбыз тікен тамырының ұнтағы (pulvis radicis Althaeae), бал (mel), шырын
(sirupus), ақ саз (bolus alba), су (aqua), май (olea) қолданылады.
Дәрілік заттың түрін түзгіш заттың мөлшері рецепте жазылмайды, тек
қана «қанша керегінше ал» /q.s./ деп көрсетіледі. Ботқаның тығыздығы
(
консистенциясы) рецепте көрсетілуі тиіс. Тығыздығы көрсетілмеген
жағдайда қою ботқа (spissum) дайындайды.
Ботқаны бір жерге тигізетін тітіркендіргіш және күйдіргіш
әсері жоқ
өсімдіктер мен минералдардан алынатын дәрілік заттардан тағайындайды.
Бұл дәрілік зат түрін дәл мөлшерлеуге (дозалауға) болмайтындықтан ботқа
ретінде күшті әсер ететін және улы заттардан тағайындалмайды;
сондай-ақ
жеңіл тотығатын және ажырайтын анорганикалық заттардан да
тағайындалмайды. Бұл дәрілік зат шошқаларға жиі тағайындалады, ол үшін
оны қантты шырынға, балға, арша шырышына т.б.
тәтті заттарға
араластырып жасайды. Жылқыларға ботқаларға ас тұзын, ал мүйізді малға-
ашқылтым заттар қосып беру керек.
Ботқаларды жазып босатқанда дәрілік зат түрін түзгіш
заттардың
мөлшерін көрсетпей-ақ, қандай ботқа жасау керектігін көрсете салады.
Ботқаларды босатқанда олардың құрамына кіретін барлық заттар тізіліп
Достарыңызбен бөлісу: