Аширбаев и. Е., Кокаев б. К



жүктеу 2,39 Mb.
Pdf просмотр
бет10/99
Дата04.09.2023
өлшемі2,39 Mb.
#43231
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   99
Фармакология кітап

алфавит бойынша
немесе 
әсер етуі бойынша тәртіппен қойылады. Сыртында жарғылары жоқ дәрілік 
заттар 
жойылуға тиіс
немесе қандай зат екенін анықтау үшін зертханаларға 
жіберіледі. 
Ветеринариялық дәріханалардағы немесе қоймалардағы барлық дәрі-
дәрмектер және емдеу профилактикалық құралдарға қатаң бухгалтерлік кіріс-
шығыс есебі жүргізілуі керек. Дәрі–дәрмектік заттардың кіріс-шығыс 
картотекасы бойынша немесе арнаулы форма (материалдық есеп) бойынша 
жүргізіледі. Емдеу-алдын алу заттарына бухгалтерлік есеп мына топтар 
бойынша жүргізіледі; спирт, реактивтер, спирт-шикізат, байлап-таңу 
құралдары, зарарсыздандырғыш заттар және тағы басқалар жатады. 
Барлық емдеу-алдын алу заттары емдеу мекемелеріне мемлекеттік 
бюджет есебінен алынады да алдын алу шаралары алдын алу мен 
диагностикалық тексеру мақсаттары үшін ақысыз пайдаланылады. 
Мекемелерде емдеу-алдын алу заттарын мекеме немесе шаруашылық 
есебінен сатылып беріледі. Жекеленген адамдарға дәрі-дәрмектік заттар мал 
дәрігерлерінің өтініші рецепт немесе талап етуі бойынша сатылып беріледі. 
 
 
1.1.3.
Дәрілік заттарды жануарларға енгізу жолдары 
 
Ауру малдарға дәрілік заттарды беру кезінде дәрігердің көңіл 
аударатын мәселесі организмге әртүрлі қауіпті қоздырғыштардың түспеуін 
қамтамасыз ету. Оны болдырмау үшін асептика және антисептика ережелерін 
қатаң сақтау керек. 
Асептиканың негізгі мақсаты ауру малға емдік көмек көрсеткен кезде 
қолданылатын барлық заттарды залалсыздандыруды қамтамасыз ету 
мәселесін дұрыс шешу. 
Антисептика – емделетін малдың және емдеуші дәрігердің терісіндегі, 
қолындағы патогенді микроорганизмді жою. Бұл мәселе көбінесе күшті әсер 
ететін химиялық дәрілік заттарды белгілі бір концентрацияда қолдану 
арқылы іске асырылады. 
Ауру малды емдеу үшін дәрілік заттарды қолданғанда малдәрігерінің 
негізгі білетін мәселелері: дәрілік заттардың дозасы, ерітінділердің 
концентрациясы, бірге қолданылатын дәрілік заттардың үйлесімділігі, 
малдардың түрі, жасы, жағдайы. 


13 
Малдәрігерлік тәжірибеде ауру малдарға дәрілік заттарды күштеп 
енгізеді немесе азықпен және сумен береді. 
Дәрілік заттарды малдардың өз еркімен қабылдауы олардың тәбеті 
болған жағдайда іске асады. Дәрілік заттар ұнтақ немесе ерітінді түрінде 
азықпен және сумен беріледі. Өз еркімен қабылдайтын малдарға дәрілік 
заттарды жеке малдарға және топты малдарға беруге болады. Кейбір 
малдарға мұндай әдіс қарапайым, өте оңай іске асырылады; ал кейбір 
малдарға дәрілік заттарды беру үшін оны белгілі бір жағдайда ұстап 
машықтану керек болады. Мысалы: иттерге дәрілік заттарды етке қосып беру 
өте оңай іске асырылады. Ал төлдерге дәрілік заттарды беру белгілі бір 
ептілікті қажет етеді. Шаруашылықта мал саны аз болған жағдайда онда ауру 
малдар да аз болады. Ондай жағдайда әр малға жеке дара емдік көмек 
көрсету қиындыққа соқпайды. Ал ірі шаруашылықтарда мал басы көп 
болғанда ауру малдарда көбірек болады да, ондай жағдайда топтап емдеу 
әдісін қолдану тиімдірек болады.
Дәрілік заттарды ауыз қуысы арқылы беру
.
Дәрілік затты қандай 
әдіспен беру керек екенін шешпес бұрын дәрігер ол дәрінің 
фармакологиялық қасиетін, ауру малдың күйі мен жағдайын жақсы білуі 
керек. Көптеген дәрілік заттардың тітіркендіру қасиеттері, жағымсыз иісі мен 
дәмі болмайды. Әрине ондай дәрілік заттар дәрігерге онша қиындық 
тудырмайды. Оларды азықпен, сумен бере беруге болады. Мысалы, ағзаға 
астың қорытылуын жақсартатын балық майы, минералды қосымша азықтар, 
малдың тәбетін тудыратын заттар және т.б. 
Егер мал тағайындалған дәрілік затты өз еркімен қабылдамаса, онда 
оны күштеп беруге тура келеді. Мұндай жағдайда дәрігер ауру малдың және 
өз басының қауіпсіздігін сақтай білуі керек. Дәрілік затты ауыз қуысы 
арқылы күштеп берудің бірнеше әдістері бар. Мәселен ерітінділерді бөтелке, 
қасық, бүріккіш, резеңке сепкіш, шприц, Эсмарх кружкасы, Малахов аспабы 
арқылы беруге болады. Сонымен бірге дәрілік затты зонд арқылы беру де 
қолайлы. 
4-
сурет. Дәрілік заттарды тері астына
егу 
5-
сурет. Желін арқылы енгізу 


14 
Дәрілік ерітінділерді, қайнатпаны, эмульсияны, тұнбаны резеңке 
немесе қабырғасы қалың шыны бөтелкелер арқылы да беруге болады. Ол 
үшін малды жақсылап бекітеді, басын аздап жоғары көтереді. Малдың аузын 
ашып, тісі жоқ жері арқылы бөтелкенің аузын енгізеді де, дәрілік затты 
бірнеше рет құяды. Егер мал жөтеліп тынышсызданатын болса, онда дәрілік 
затты жіберуді тоқтатып, малдың басын төмен бағыттайды. Қалай болғанда 
да дәрілік заттың бір бөлігі төгілмей тұрмайды. Сондықтан оның дозасын 
ойластыру керек.
Дәрілік заттарды бүріккіш (спринцовка), қасық, шприц арқылы беру 
үшін оны белгілі дозада қолданылатын аспапқа құяды. Оны малдың басын 
жоғары көтеріп ауыз қуысы арқылы құяды да, малдың басын қоя береді. Егер 
аспаптарға резеңке түтікше жалғанған болса, онда түтікшені малдың ұрты 
арқылы енгізеді. Бүріккіштің (спринцовка) орнына құйғышты (воронка) алуға 
да болады. 
Қасық және шприц арқылы дәрілік заттарды ұсақ малдарға береді. 
Малды жақсылап бекітеді, аузын ашады, аспапты ұрты арқылы енгізеді де 
дәріні тілдің түбіне құяды. 
Ерітінділерді ауыз қуысы арқылы құюға Малаховтың аспабы өте қолайлы. 
Әсіресе көп малдарға дәрілік заттарды беру керек болғанда дәрігердің 
жұмысын өнімді етеді. 
6 –
сурет. Болюс беруші құрал. 


15 
Болюсты, капсуланы, 
ұнтақты және ботқаны беру 
үшін 
арнайы 
құралды 
пайдалануға болады. Болюс 
пен капсуланы беру үшін 
болюс 
бергішті 
немесе 
корнцангты 
пайдаланады. 
Ол үшін малдың аузын 
кеңірек ашып, берілетін 
дәрілік затты тілдің түбіне 
орналастыруға тырысады. 
Дәрілік затты бергеннен 
кейін малдың жұтынуын 
қадағалау керек.
Ұнтақты беру. Ұнтақты қасық немесе қалақшы арқылы тілдің түбіне 
салады да, артынан сумен ары қарай жылжытады. Пилюля, таблеткаларды 
ұсақ малдарға етке, нанға қосып беруге болады.
Ботқаны қасық немесе шпатель арқылы ұсақ малдардың тілінің түбіне 
салу арқылы береді. Мұндай әдіспен дәрілік заттарды бергеннен кейін 
міндетті түрде ұсақ малдарға 30-50 мл, ірі малдарға 50-100 мл мөлшерінде
су ішкізеді. Тік ішекке енгізгенде, дәрінің көпшілік бөлігі бауырға бармай, 
қан айналымына түседі. Сонымен қатар, дәріні осы жолмен енгізгенде ас 
корыту жолдары ферменттерінің әсер етуіне ұшырамайды. Тік ішектен сіңуі 
жәй диффузия жолымен жүреді. Дәрілік заттарды тік ішекке суппозиторий 
немесе дәрілік клизма түрінде тағайындайды. Егер дәрілік зат тітіркендіргіш 
әсер көрсететін болса, онда оларға қоймалжыңдар қосады. 
Парентералды 
енгізу 
жолдарына 
тері 
астына, 
бұлшықетке, 
көк 
тамырға, 
артерияға, 
құрсақ 
қуысына, 
ингаляциялық 
және 
басқалар 
жатады. 
7 –
сурет. Болюс беру сәті 
8 –
сурет. Вена қан тамырына енгізу


16 
Тері астына, бұлшық етке, көк тамырға енгізу жолдары парентералды 
енгізудін ішінде ең көп таралғаны болып табылады. Әсіресе, көк тамырға 
енгізгенде әсері 
жылдам, ал бұлшық етке және тері астына
енгізгенде біршама 
баяу дамиды. Дәрілік заттардың фармакотерапиялық әсерін ұзарту үшін 
енгізілген жерден дәрілік заттың сіңуі баяулайтын, аз еритін (қоспа) майлы 
немесе басқа негіз түрінде бұлшық етке енгізеді.
Әдетте, дәрілік заттарды көк тамырға баяу енгізеді. Бір рет, бөліп, 
тамшылатып енгізілуі мүмкін. 

жүктеу 2,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   99




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау